Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді, – деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы өзінің шақыруын қабыл алып, Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Наташа Пирц-Мусарға ризашылығын білдірді. Президенттің айтуынша, Словения – Қазақстанның Еуропа одағындағы маңызды серіктесі әрі екі елдің қарым-қатынасы достық және өзара сыйластық рухында нығайып келеді. Оның айқын дәлелі – былтыр Любляна қаласында Қазақстан елшілігінің ашылуы. – Мен мұны ықпалдастығымызды дамыту жолындағы маңызды қадам деп санаймын. Қазақстан екі ел арасындағы достықты одан әрі тереңдетуге мүдделі. Сондықтан бұл сапардың мән-маңызы айрықша. Біз бүгін құрметті Президент Пирц-Мусар ханыммен мазмұнды әрі жемісті келіссөз жүргіздік. Қазақ-словен ынтымақтастығының аясын кеңейту жолын талқыладық.…
Автор: un_admin
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Ұлттық банктен «соңғы сатыдағы қарыз» алатын банктерге арналған жаңа ережелерді жариялады. Енді мұндай банктер акционерлерге дивиденд, басшыларға бонус төлей алмайды және әкімшілік шығыстарды арттыруға да құқылы емес. 5 банктің берешегі – 1,5 трлн теңге 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев банктерге бұрын тиісті деңгейде тәуір көмек бөлінгенін, қазір қарыздарды қайтару қажеттігін еске салды. «2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін бірқатар ірі банкке мемлекет тарапынан, соның ішінде Ұлттық қор есебінен 15 жыл мерзімге қаржылай қолдау көрсетілгенін білесіздер. Бұл көмек банк акционерлері де ортақ жауапкершілікке ие болады деген талаппен берілді. Кейбір…
Боао Азиялық форумының (БАФ) 24-ші сессиясына қатысу шеңберінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Дин Сюэсянмен кездесті. Кездесу барысында Роман Скляр Қазақстан–Қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайтуға және сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуға күш салуға дайын екенін білдірді. Дин Сюэсян екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетудің және мемлекеттер басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Тараптар ҚР–ҚХР Ынтымақтастық комитеті отырысының қорытындыларына оң баға беріп, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Екі ел үкіметтерінің басшылығы деңгейіндегі тұрақты кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, барлық өзекті екіжақты мәселелер бойынша тығыз жұмыс байланыстарын сақтауға келісті.…
Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасында 72 жастағы науқастың жүрек қақпақшаларын ауыстыру күрделі операциясы сәтті жасалды. Бүгінде жүрек қағысы, аяқ алысы оңалған емделуші дәрігерлерге дән риза. «Біз аорта, митральды қақпақшаларды биологиялық протездермен алмастыру операциясын жасадық. Бұл – жүрек қақпақшаларының ақауларын емдеудің заманауи әрі тиімді әдістерінің бірі. Операциядан кейін емделуші өзін жақсы сезінеді, оңалту кезеңінен өтіп жатыр», деді ЖМЖА кардиохирургиялық қызметінің жетекшісі Дос Аманов. Мамандардың айтуынша, биологиялық, механикалық протездерді таңдау науқастың жасына, өмір салтына, антикоагулянттарға қарсы көрсетілімдердің болуына байланысты жүргізіледі. Дұрыс күтім мен дәрігерлердің ұсынымдарын сақтау арқылы биологиялық қақпақша орнатылған науқастар толыққанды өмір сүре алады. «Бұған дейін науқас ентігу, қан қысымының…
Бұл туралы Ақорда хабарлады. Мәртебелі мейманды Алматы әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды аралап көреді.
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай салу жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілуде. Жұмыс барысын көлік министрі Марат Қарабаев пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов барып көріп, оның ресми түрде басталғанын мәлімдеді. Қатонқарағай ауданындағы әуежай Белқарағай ауылы маңындағы 266 гектар жерде орналасапақ. Әуежай аймақтың климаттық және географиялық жағдайын ескере отырып салынуда. Жоба аясында алдағы уақытта кеңейту мүмкіндігі бар 2,2 мың метрлік ұшу-қону жолағы қарастырылды. Мұнда Bombardier Q400, ATR-72 және басқа да ұқсас типтегі заманауи әуе кемелерін қабылдау көзделген. Сонымен қатар жоба аясында толыққанды инфрақұрылым құру: 4 әуе кемесіне арналған перрон, 4 мың шаршы метрлік…
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Президент Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталық құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыздан қабылдаған қарардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ Аймақтық орталықтың институттық негізін жасақтау бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл құрылғанына 80 жыл толған БҰҰ-ның әлі де әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым саналатынын жеткізді. Сонымен қатар мемлекеттердің барлығы құрылым Жарғысы мен әлем елдері мойындаған халықаралық құқық қағидаттарын сақтауға тиіс деп санайды. Бас хатшы Антониу Гутерриш Қазақстанның бітімгершілік күш-жігеріне, жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға және орнықты дамуды ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
Хакім Абай «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» дейді. Өз ісінде үзеңгілестерінен оқ бойы озық болған тұлғалардың бірі – Бердібек Сапарбаев. Ағамыз аянбай еңбек етіп, маңдай терін сарқып, қызметтік парызын парасатпен пайымдап, «Түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым…» деген Тоныкөкше мемлекет ісінде мүдіруді білген жоқ. Бердібек Мәшбекұлының Әулиеатаның әлеуетін көтерудегі ерен еңбегін, күрделі мәселелерді тап басқан, сан салаға серпін сыйлаған батыл бастамалары мен жобаларын Жамбыл жұрты жоғары бағалайды. Себебі ол кісі өңірдің тізгінін қиын шақта қолға алды. Берекелі жұрттың бірлігіне қауіп төнген «Қордай оқиғасына» байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен оқиға орнына мемлекеттік комиссияны бастап келген Бердібек…
Зілзала қуаты 5,0 балды құраған. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен 15:56-да Жамбыл облысындағы Меркі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде тіркелген. Фото: Ашық дереккөз
Жәмилә Бақбергенова (72 кг) Азия чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионы, тәжірибелі жапон балуаны Масако Фурутиді жеңді. Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 2021 жылы әлем чемпионаты финалында екеуі күресіп, ол кезде Масако Фурути ұтқан екен. Финалдар Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де басталады. Жәмиләнің қарсыласы Қытай палуаны. Елімізде Азия чемпионатын Qazsport пен Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Еске салайық, Азия додасы Иорданияның бас шаһары Амманда өтіп жатыр. Фото: Спортты дамыту дирекциясы