Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Бес трансшекаралық хабты іске қосу шикізаттық емес тауарлар экспортын 30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді
Жаңалықтар

Бес трансшекаралық хабты іске қосу шикізаттық емес тауарлар экспортын 30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді

25.11.2025142 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Президенттің Қазақстанды негізгі көлік-логистикалық торапқа айналдыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде елімізде бес ірі трансшекаралық хаб жүзеге асырылуда. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді. Ол бүгінгі таңда барлық бағыт бойынша басқарушы компаниялар анықталып, инфрақұрылымдар құрылысы қарқынды жүріп жатқанын баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Атап айтқанда, Өзбекстанмен шекарада елдер арасындағы тауар айналымын $10 млрд-қа дейін жеткізуге арналған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылуда. Еліміздің шығысында «Қорғас» ХШЫО» мен «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақтарын біріктіретін Қорғас торабы дамуда. Мұнда Қытаймен өткізу қабілетін арттыру үшін SkyHansa халықаралық әуежайы және жаңа логистикалық кешендер салынып жатыр.

Арман Шакқалиевтің айтуынша, осылармен қатар Каспий торабын дамыту бойынша да жұмыстар жүргізілуде, онда Ақтау және Құрық порттарында контейнерлік хаб пен «Саржа» көпфункционалды терминалының құрылысы бой көтермек. Батыс бойынша БҚО-да Ресейге экспортқа бағдарланған «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы жұмыс істеп тұр. Ал Жамбыл облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағдарында Индустриялық сауда-логистикалық кешен құрылуда. Ол Қырғызстанмен шекарада тауар ағындарын өңдеуді және бөлуді қамтамасыз етеді.

«Біз инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың белсенді кезеңіне аяқ басқалы отырмыз. Бұл кезеңде жобаларды нақты іске қосуға, логистикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге және бизнесті кооперацияның жаңа форматтарына тартуға баса назар аударылатын болады. Бұл хабтарды іске қосу шекара маңындағы мемлекеттермен сауда процестерін едәуір жеделдетуге, шикізаттық емес экспорт көлемін 30%-ға арттыруға және қазақстандық компаниялар үшін тиімді логистикалық жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті министр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202674 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202692 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.