Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі іске қосқан подкастта ішкі істер министрі Ержан Сәденов резонанс тудырған бірқатар сұраққа жауап берді, оның ішінде жақында пайда болған «Штрафстан» түсінігіне қатысты сауал да болды. «Меніңше, бұлай ережені бұзатындар айтады. Қоғамның бір бөлігі, әрине, түсінеді. Біз бірқатар заңнамалық шара қабылдадық, кейбірі қатаң шығар, бірақ онсыз тәртіп орнату мүмкін емес деп ойлаймын. Ережені бұзбасаңыз, айыппұл салынбайды. Адамдар осыны түсінуі керек. Ал жағымсыз сөзді айтатындар өз мемлекетін, Отанын құрметтемейтін болар. Ол адам өзіне қарап алуы керек. Ол неге бұлай істейді? Тәртіпті бұзба, түкірме. Бұл қарапайым ғана нәрсе. Бұл мәдениет», деді еліміздің бас полицейі. Ержан Сәденов полиция барынша…
Автор: un_admin
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаоны қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі қарқынды дамып келе жатқанын және болашақта да осы бағыттан айнымайтынын атап өтті. «Бүгінде біздің берік байланыстарымыз мәңгі достық, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікке негізделген өзара тиімді мемлекетаралық ықпалдастықтың үлгісі саналады. Біз ҚХР-мен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Сондай-ақ Қазақстан тарапынан жан-жақты ынтымақтастықты нығайту үшін барлық қажетті шара қабылданады. Сонымен қатар мен Қытай Компартиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзамен достығымды өте жоғары бағалаймын», деді Мемлекет басшысы. Президент маусым айында екінші «Орталық Азия…
Жалағаш ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Ұлыстың ұлы күніне арналған «Нұр себеле, Әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты. Мереке қонақ күткен ауылдың қарбалас сәтін, үлкен-кіші бас қосқан жиынның, өнерпаз қыз-жігіттердің көш-керуенін бейнелеген театрландырылған қойылыммен басталды. –Ақ қар кетті, қыс өтіп, Шырайлы шуақ жаз жетіп, Шаруаның бұл кенелген, Күн мейрамы ежелден, Құтты болсын, Наурыз! Көтер туын Наурыздың, Желбіресін көгімде, Береке мен бақ қонсын, Жалағаштай еліме!– деп ауылдың үлкені берген батаға жұртшылық…
Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат төрағасы, аппарат басшысы, қала әкімі құрылыс нысандарын аралап шықты. Алдымен «Жаңадария», «Сыздық», «Шіркейлі» каналдарындағы көпірлерді қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. «BSJ инжиниринг» ЖШС «Жаңадария» каналындағы көпірді жаңғыртуда. Осы көпірмен тұрғындар «АвтоЦонға», «Қорқыт ата әуежайына» Амангелді, «Бесарық», «Иіркөл», «Қоғалыкөл», «Жетікөл», «Айдарлы» елді мекендеріне, қала маңындағы саяжайларға қатынайды.«Сыздық», «Шіркейлі» каналдарындағы жұмысты «Жылу 21» ЖШС қолға алған. Сонымен қатар, 13,5 шақырым автокөлік жолын төрт жолақты етіп қайта жаңғыртуға бюджеттен қаржы қаралып, құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда құрылыс аймағы қоршалып, каналдың арнасына су өткізу құбырлары салынды. Одан кейін “Өнер орталығындағы», Н.Бекежанов атындағы драма…
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте алдағы мерекелік демалыс күндеріндегі жұмыс бағыты нақтыланды. Жауапты сала басшыларына қоғамдық-саяси ахуалды бақылауда ұстау, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді тез арада зерделеп, шешім қабылдау туралы тапсырма берілді. Құрылыс нысандарының басындағы жұмысты қадағалау да назардан тыс қалмауы тиіс. «Демалыс күндері коммуналдық қызметтердің үздіксіз әрі сапалы көрсетілуін қадағалау керек. Тұтынушыларда суға, жарыққа, жылу мен газға қатысты мәселе туындамауы тиіс»,- деді аймақ басшысы. Мәжіліске қатысқан қала, аудан әкімдерінен, жауапты сала басшыларынан осыған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы сұралды. Аймақ басшысы межелі көрсеткішке қол жетпеген жағдайда жауапкершілік бірінші басшылардан сұралатынын ескертті. «Құрылысты салып жатқан мердігер мекемелермен ұдайы…
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында Ботаникалық саябаққа тал егілді. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, департамент, басқарма басшылары және Қорқыт Ата атындағы университет ұжымы қатысты. Осы күндері өңірдің барлық елді мекенінде санитарлық тазарту, абаттандыру жұмыстары қарқын алған. Биыл тазалық жұмыстарына 63 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері атсалысуда. Елді мекендердегі скверлер мен парктер, тарихи- мәдени ескерткіштер, әлеуметтік нысандар, өнеркәсіп және бизнес нысандары, су объектілері, көшелердің бойы тазартылып, 2 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Оған 600-ден астам техника жұмылдырылды. «Наурызнама» онкүндігінің 19 наурызға…
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданынына жұмыс сапары барысында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. Рәсімде Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары болды. Аймақ басшысы жалағаштықтарды Ұлыстың ұлы күнімен және жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге, құрылыс, спорт салаларындағы жаңалықтарға тоқталды. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз» деген болатын. Тұрғындар спортты өмір салтына айналдыру үшін осындай кешендер қолжетімді болуы керек. Ал спорт адамның денсаулығын, күш-жігерін шыңдайды. Өткен жылы қазан айында…
Бүгін Сырдария ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. «Өздеріңізге белгілі, өткен жылы Үкімет басшысы Олжас Абайұлы Бектенов облысқа жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылындағы «Ауыл аманаты» жобасының нәтижелеріне, аймақ дамуына оң бағасын берді. Бұл – бәрімізге ортақ жетістік. Өңіріміздегі ауылдарды дамыту бағытындағы жұмыстардың озық тәжірибесін кеңінен тарату мақсатында…
Бүгін Ұлыстың Ұлы күнінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қаласы Титов мөлтек ауданындағы 135 пəтерлік тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсімі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары арнайы қатысты. Аймақ басшысы тұрғындарды Наурыз мерекесімен және қоныс тоймен құттықтады. «Баршаңызды береке мен бірліктің бастауы болған Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жақсылықтың, оң өзгерістердің, игі істердің, жаңару мен жаңғырудың символына айналған Әз Наурызымыз байтақ елімізге, туған жеріміз Сыр өңіріне ырыс-несібе, берекесімен келгей! Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші…
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қаласында Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!» атты мәдени-көпшілік шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары және қала тұрғындары қатысты. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылорда қаласы Наурыз нақыштарымен безендіріліп, көктемнің барлық бояуымен ерекше түрленді. Мереке өтетін орынға киіз үйлер тігіліп, берекелі дастархан жайылды. Халықтың көтеріңкі көңіл-күйі, ағайынның бір-біріне айтқан ақ тілегі, шашуын шашқан ақ жаулықты аналар, ақ батасын жаудырған ақсақалдар мереке ажарын аша түсті. Аймақ басшысы жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, Сыр өңірінің даму жолындағы…