Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Өңірлерде шағын бизнесті қолдауға жыл сайын 400 млрд теңге бөлінеді
Жаңалықтар

Өңірлерде шағын бизнесті қолдауға жыл сайын 400 млрд теңге бөлінеді

23.12.2025398 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Үкімет отырысында ауылдар мен шағын қалалардағы өндірісті дамытуға бағытталған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы.

«Бағдарлама ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеу, шағын наубайхана, жиһаз және құрылыс материалдарын өндіру сияқты тез нәтиже беретін, технологиялық жағынан қарапайым, жылдам жүзеге асырылатын жобаларға бағытталған», – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Қаржылық шарттар

Бағдарламада екінші деңгейлі банктер арқылы жыл сайын 400 млрд теңге несие бөлу қарастырылған.

  • Несие: бір жобаға 200 млн теңгеге дейін.
  • Мөлшерлемесі: ~8,8% (40%-ы мемлекеттен субсидияланады).
  • Мерзімі: 3 жылға дейін.
  • «Даму» беретін кепілдік: кепілге қоятын заты жоқ немесе  жеткіліксіз болған жағдайда қарыз сомасының 85%-ына дейін.

Ресурстар мен инфрақұрылым

Серік Жұманғариннің айтуынша, бизнес ақшаны ғана емес, нақты ресурстарды да ала алады, олар – жеңілдікпен үй-жайларды, жер телімдерін жалға алу және коммуникациялар жүргізу. Өндірісті тиімді іске қосу үшін сервистік сүйемелдеу және сол салаға бағытталған онлайн-оқыту курстары енгізілуде. Бұл ретте мемлекеттік қолдауды алуда басымдық «Ауыл аманаты» және «Бір ауыл – бір өнім» жобаларына қатысушыларға беріледі.

Өтінімді қалай беруге болады?

Өтінімдерді беру egov.business және Damu Online порталдары арқылы автоматтандырылған түрде жүргізіледі. Шалғай аудандар үшін көшпелі формат қарастырылған: арнайы мобильді кеңселер (автобустар) жергілікті жерлерде кеңес беріп, құжаттарды қабылдайды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026258 Views

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды

04.09.2026961 Views

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 12 алтын, 7 күміс, 5 қола

04.09.2026517 Views
Соңғы жаңалықтар

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды

04.09.2026

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 12 алтын, 7 күміс, 5 қола

04.09.2026

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады

04.09.2026

Network School Астанада ресми түрде іске қосылды

04.09.2026

Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады

04.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: СЫР ӨҢІРІНДЕ КҮРІШКЕ ОРАҚ ТҮСТІ

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.