Автор: un_admin

Фото: Ақорда Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павел мен барша чех халқына құт-береке тіледі.

Read More

Бүгінгі таңда UFC-дегі орта салмақтың алтын белбеуін Белал Мұхаммад иеленіп отыр. Биыл жазда ол Англияның Манчестер қаласында ұйымдастырылған жарыста жергілікті файтер Леон Эдварсты жеңген соң осы мәртебесі аса жоғары атаққа қол жеткізді. Енді арада бес айға жуық уақыт өткен соң Шавқат Рахмоновтың чемпионды тұғырдан тайдыруы әбден мүмкін. Қазіргі кезде көпшіліктің пікірі осыған саяды. Аралас жекпе-жекті 2012 жылдан бері серік етіп келе жатқан 36 жастағы АҚШ-тың Чикаго қаласында туып-өскен палестиналық спортшы өз карьерасында 28 мәрте октагонға шығып, 24 рет жеңіске жетті. Үш кездесуде ұтылып, тағы бір бәсекенің нәтижесі есепке алынбады. Сол сайыстардың тек алтауын ғана Мұхаммад айқын басымдықпен аяқтады. Тарқатып айтсақ,…

Read More

Фото: Туризм және спорт министрлігі Финалдық бәсекеде ел балуаны Иран спортшысына қарсы сынға түсті. 97 келіде Ризабек Айтмұқан Махди Мұхарамәли Морафанды 11: 6 есебімен жеңді. Осылайша, Ризабек 3 түрлі жас санатында әлем чемпионатында алтын алған тұңғыш қазақ палуаны атанып отыр. Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан былтыр Белградта ересектер арасында (92 кг дейінгі салмақ), ал биыл Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы (97 кг дейінгі салмақ) атанған. Отандасымыз кеше 3 белдесу өткізіп, бірінші айналымда Каллум Уильям Нокты (Канада), одан кейін Владислав Козловты (Бейтарап атлет) таза жықты. Ал жартылай финалда Шамиль Имам Гаджалиевтен басым түсті.

Read More

Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Республика партиясының ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шарада 40 ойыншы бақ сынады. Турнирдің финалдық кезеңіне 17 облыс, 3 мегаполистегі іріктеудің қорытындысына сәйкес, 21 жастан асқан 2 мыңға жуық қатысушының арасынан 1-2 орын алған 40 спортшы ғана жолдама алды. «Осындай турнирді ұйымдастыру идеясы жарты жыл бұрын туындап, аймақтарда іріктеу жарыстарын өткіздік. Асық ату – көпшіліктің жадында ауыл балаларының күнделікті ойыны ретінде сақталып қалған. Ұлттық ойынымызды бұқаралық деңгейге көтеру мақсатында, бас жүлдеге автокөлік тігу арқылы қызығушылықты арттырғымыз келді. Іріктеу кезеңдерінде де жүлдегерлер ақшалай сыйақымен марапатталды. Осы турнирді алдағы жылдары дәстүрге айналдырсақ және жасөспірімдерді де қамтысақ деген жоспарымыз бар.…

Read More

Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар. Мереке қарсаңында ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Сыр елінің басшысы Нұрлыбек Нәлібаев марапатталды. Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, сан салаға серпін берген Сыр елінің басшысы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденіне лайық деп танылды! Жалпы биылғы мемлекеттік наградаларды тағайындауда қарапайым жұмысшылардың мәртебесін асыруға, еңбек әулеттерінің қоғамдағы абырой-беделін арттыруға айрықша мән берілді. Марапат иелерінің қатарында 450-ден астам жұмысшы, 137 педагог, 80-нен аса ғалым, 100-ге жуық құтқарушы мен ерікті бар. Еңбек династияларын марапаттау дәстүрі биыл да…

Read More

Аумағы 11 113 шаршы метрлік тұрғын үй 7 қабатты, 82 пәтері бар. Кешендегі негізгі жұмыстар аяқталған, аумағы абаттандырылып, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, биыл мемлекеттік қолдау мен ұлттық жобалар аясында қаржыландырудың барлық көзінен өңірде 863 900 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген 37 млрд 100 млн теңгеге 3 мыңға жуық пәтер табысталып, 13 мың тұрғын қоныстой тойлайды. 2022-2023 жылдары 4 мыңға жуық пәтер беріліп, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілген болатын.

Read More

 Елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекіте түсетін рәсімге құқық қорғау органдарының, басқарма, департаменттердің басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен күштік құрылымдар мамандары қатысты. Мемлекеттік ту көтеру сәтінде Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыкалық колледжінің хор ұжымы Гимн орындады. Еске салайық, ұлттық мереке күні бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған патриоттық акция еліміздің барлық аймағында өтуде.

Read More

Жазушы тұрған үйге ескерткіш тақтаның ашылуы, Достық үйінде Жазушылар Одағының бастамасымен «Әлем таныған Әбдіжәміл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференцияға Франция, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Литва және т.б. шетелдік жазушылар мен еліміздің зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Жиынды Жазушылар Одағының төрағасы М.Құлкенов жүргізді. Алғашқы сөз алған Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Құттықтау хатын оқып, жазушыны ұлықтауға арналған конференция жұмысына табыс тіледі. Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қалдыбеков, ТҮРКСОЙ ұйымының төрағасы С.Раев, Халық жазушысы С.Елубай, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Н.Оразалин, халық әртісі А.Әшімов, мемлекет және қоғам қайраткері Қ.Көшербаев, Қырғыз Республикасының ақыны М.Азаматов, жазушының қызы Ш. Нұрпейісова…

Read More