Ғылыми кітапхананың стратегиялық мақсаты – ақпараттық ресурстарды пайдаланушылардың барлық топтарына бірдей барынша қолжетімді болу. Бұл мақсатқа жетудің маңызды құралы – заманауи электрондық кітапхана,сандық технологияларды қолдану, ғылыми қорды сақтау, басқару, мүмкіндіктерді кеңейту. Ғылыми кітапхана қызметкерлері оқуға, оқытуға және білімге қолжетімділікті толық қамтамасыз ету мақсатында аянбай еңбек етіп, университеттің тыныс-тіршілігімен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Оқырмандарға 4 оқу және электронды зал, 3 абонемент, сирек кездесетін кітаптар және жатақханадағы кітап беру пункті арқылы қызмет көрсетеді. Университет басшылығының қолдауымен қызмет көрсету сапасын арттыру үшін университет тарихында алғаш рет 2022 жылы ғылыми Студенттер сарайындағы қызмет көрсету бөлімі модернизациядан өтіп, жаңа үлгідегі заманауи OPEN SPACE форматындағы…
Автор: un_admin
Мерекелік бағдарламаға сәйкес аудан орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, ұлттық қолөнер бұйымдары, ауыл шаруашылығы өнімдері, ұлттық тағамдар және аудан кәсіпкерлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Бұқарбай батыр ауылындағы ипподромда ат бәйгесі өтіп, шабандоздар ен далада еркін көсілді. Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар алға шығып, жанкүйерлерін жарыса қуантып жатты. Аудан әкімі Ардақ Ибраимов мерекеге шақырылған құрметті қонақтарды қабылдап, ауыл шаруашылығы майталмандарына марапаттар табыстады. Кешке қарай Жалағаш аспанын әнге бөлеп, өнер жұлдыздары концерт берді. Жалағаш ауданы негізінен аграрлы салаға бейімделген. Бұл жерден еңбектің тайқазанын қайнатқан талай майталмандар шыққан. Айталық И.Әбдікәрімов, Ы.Жолмырзаев, Қ.Жүсіпова, А.Бисенов, Ұ.Еспанов, Т.Елеусінов, Н.Әпірезов Социалистік Еңбек Ері деген сол кездегі ең жоғары…
«Құрметті отандастар! Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстанның егеменді ел екенін әйгілейтін ұлық мейрам — сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің қайта жаңғыруының символы. Ұлттық мереке халқымызды мызғымас құндылықтар төңірегіне тоғыстырып, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуге ықпал етеді. Біз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында аса күрделі сын-қатерлерді еңсеріп, ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып келеміз. Қоғамдағы заң мен тәртіп, азаматтардың еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігі қазіргі реформалардың берік тірегіне әрі қозғаушы күшіне айналды. Біз болашаққа нық сеніммен қарап, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасай береміз. Еліміздің ертеңі қандай болатыны әрбір отандасымызға байланысты екені анық. Азаматтарымыз осы қастерлі жауапкершілікті терең түсініп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлесін…
Республика күнінің түп амыры Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендік туралы декларациясымен тығыз байланысты. Декларация 1991 жылы елдің Кеңес Одағынан түпкілікті тәуелсіздігіне негіз қалап, Қазақстанның өз істерін ел ішінде де, халықаралық деңгейде де бақылау құқығын растады. Декларация қабылданған күн ел тарихындағы жаңа тараудың, Қазақстанның өз тағдырын өз қолына алған сәтінің басталуын білдіреді. Елдің болашағын сыртқы күштер емес, халқы айқындайтын егеменді мемлекет құруға бел байлағанын көрсетеді. Еліміздің егемендігі республикамыздың негізін құрайтын құндылықтар тәуелсіздік, бірлік және мәдени үйлесімділікті есімізге салады. Еліміздегі бай мәдени әралуандылық мемлекеттің ұлттық бірегейлігін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Этникалық топтар елімізді өз үйіміз деп санайтындықтан, Республика күні Қазақстанның әралуандылығындағы үйлесімділікті негіздейді.…
– Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер! Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Ұлттық мерекенің еліміз үшін мәні бөлек, маңызы зор. 1990 жылы нақ осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда еліміздің егемендігі жарияланып, Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Бұдан бөлек мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі және мемлекеттік рәміздері бекітілді. Демек бұл күнді тарихи күн деп айтуға толық негіз бар. Асқан табандылықпен келген тәуелсіздігіміздің мәнін, елдің болашағын және ұрпақтарымызға қалдыратын мұраның құндылығын әрдайым есте сақтауымыз керек, – деген Аманжол Сақыпұлы ауданның…
Тай жарыста жүлделі ІІІ орынды Аслан Даврушовтың баптауындағы «Қарқын» сайгүлікпен Санжар шабандоз иеленді. Мәрені екінші болып кескен жүйрік «Көзайым», Жанасыл шабандос тізгіндеген Жайлаубай Тілеуқабыловтың баптауындағы тай. Тай бәйгеде топты бастап І орын иеленген «Таскүрең», Мұратбек Пірекеновтың Бекнұр жүгендеген жүйрік тай. Жүйріктер «Топ» бәйгеде топтасып бақсынады. Шын мықтылар тізгіндескен бәсекеде 12 аттан 3 тұлпар мәреден өтті. 8 айналымнан тұратын тартысты сында Рамаз тізгіндеген, Бердібек Мықановтың сайгүлігі «Сыр сұлуы» топ бастап жүлделі І орын иеленді. Топ бәйгенің ІІ орынды Нұртілеу балақай шапқан «Венеград» иеленді. Бапкері Ғабит Қойшығұл, Аққұм ауылы. ІІІ орын Қазалы ауданынан келген, Шынтас шабандоздың «Секунда» тұлпарына бұйырды. Жүйріктен жүйрік озған…
Құтқарушылардың айтуынша, бесінші қабаттағы пәтердің бір бөлмесі мен балконы өртенген. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеген. ТЖМ күштері өртті 15 шаршы метр алаңда сөндірген. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сөндіру бөлімшелері жеткенге дейін тұрғындар өз бетінше далаға шығып үлгерген. Тұрғындарды жылыту үшін өрт орнына арнайы техника жіберілген.
Атап айтқанда, «Парасат» орденімен Ұлттық құрылтайдың мүшесі, Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Байділдә Жылқышиев марапатталды. Ал Ұлттық құрылтайдың, Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті Жаңабек Жақсығалиев, Қостанай автомобиль көлігі колледжінің директоры Дмитрий Павленко «Құрмет» орденінің иегері атанды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Азаматтық альянсының төрағасы, облыстық коғамдық кеңестің мүшесі Аяужан Әшімова мен Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов атындағы орта мектептің директоры Әсем Чамкаеваға «Ерен еңбегі үшін» медалі тапсырылды. Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері – дінтанушы, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі сарапшы Елнар Берікбаев, «Қоғамдық келісім» институтының директоры Элина Масагутова,…
Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаевқа берілді. Жерлесімізді марапатымен құттықтаймыз!
Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар. Мереке қарсаңында Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы «Арғымақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры О.Байділда «Парасат» орденінің иегері атанды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен тағайындалған марапаттың иегері атанған жерлесімізді құттықтаймыз!