Фермерлердің су үнемдейтін жабдыққа қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы, Астана және Алматы қалаларында жаңбырлатып суару машиналары мен тамшылатып суару жабдықтарын өндіретін бес отандық зауыт жұмыс істейді. 2026–2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру шеңберінде суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуге арналған инвестициялық шығындарды субсидиялау көлемі 214 млрд теңге көлемінде жеке бағыт ретінде қарастырылған, бұл алдыңғы үшжылдықтағы көлемнен 4 есе артық. ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім еткендей, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге қарастырылған. «Сонымен қатар жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімшілері инвестициялық субсидияларды қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалардың жеке…
Автор: un_admin
Су үнемдеу жөніндегі жол картасы шеңберінде әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, орта және жоғары оқу орындарында су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарланған. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2025 жылдан бастап әуежайларда, қоғамдық көліктерде және әкімшілік ғимараттарда ақпараттық материалдарды орналастыру арқылы су ресурстарын ұтымды пайдалану мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жастармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жайында ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев ОКҚ алаңында айтты. Осы мақсатта «Суды үнемде – болашақты сақта» атты ауқымды жоба аясында Министрлік тарапынан 2025 жылдан бастап жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. «Су үнемдеу тиімділігінің символына айналған «Тамшы» анимациялық…
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында бұлақтарды, жағалау аумақтарын тазартуға және суға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өткізілуде. 2026 жылдың наурыз айында акция бірінші кезеңде Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарын, Жетісу облысын және Шымкент қаласын қамтыды. Бұл туралы ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. « 9000 астам адамның қатысуымен 30 бұлақ тазартылды, бұлақтардың табиғи көздерін ашу және қалпына келтіру, жақын маңдағы аумақтарды тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде қоқыс жинау мен көшет отырғызу шаралары жүзеге асырылды», – деді вице-министр. Спикердің айтуынша, бастама кең қоғамдық қолдауға ие болды, акцияға…
ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ведомство жүзеге асырып жатқан негізгі цифрлық жобалар туралы айтты. «Е-Заңнама» бірыңғай нормашығармашылық жүйесі заң шығару процесінің барлық кезеңін – бастамадан соңғы жариялауға дейін біріктіреді. Бұрын алты-жеті ақпараттық жүйе қолданылған болса, қазір барлығы бір жүйеде қолжетімді. Әділет министрлігі азаматтарға құқықтық кеңес беретін ЖИ-агентті іске қосты, ол «Әділет» сайтында қолжетімді. «Сіз сайтқа кіріп, кез келген сұрақ қойып, заңгерлік кеңес ала аласыз. ЖИ-агенті қазірдің өзінде 170 мыңнан астам өтінішті өңдеді. Біз азаматтарға тұрақты құқықтық көмек көрсетілгенін қалаймыз», – деді Бекболат Молдабеков. Вице-министрдің айтуынша, «Ашық НҚА» сайтында жарияланған заң жобаларын оқитындар өте аз. «Ашық НҚА»…
ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында азаматтарға құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған цифрлық жобалардың енгізілуі туралы айтты. Атап айтқанда, «Е-Заң көмегі» мобильді қосымшасы іске қосылды. Оның көмегімен пайдаланушылар адвокаттарды табады жасанды интеллект арқылы кеңес алып, сондай-ақ колл-орталыққа жүгінуге болады. Колл-орталықтың екінші желісі арқылы азаматтарға Әділет министрлігінің білікті мамандары тегін заң көмегін көрсетеді. Тағы бір маңызды бағыт – «Цифрлық нотариат» жобасы. Бұл сервис нотариусқа жеке бармай-ақ, бейнебайланыс арқылы сенімхаттарды қашықтан рәсімдеуге мүмкіндік береді. «Осы сервис арқылы біз 800 мыңнан астам сенімхат бердік. Азаматтардан шағымдар мен сот даулары тіркелген жоқ. Цифрлық нотариат – азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге…
Қазақстанда жыл басынан бері QazCopyright бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылды. Ол музыканы пайдалануды ашық түрде есепке алып, әртістер мен продюсерлерге шығармаларының әрбір орындалуы үшін сыйақы алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты. «Америка мен Еуропада барлық әртіс пен продюсерлер әндерінің орындалғаны үшін ақы алады. Бізде, өкінішке қарай, бәрі тек қағаз жүзінде ғана жүзеге асты. Соның салдарынан әртістер мен продюсерлер шамамен 30 млрд теңге табыстан айырылған. Сондықтан біз бірыңғай ақпараттық жүйе құрдық. Мұнда ТВ мен радио бойынша барлық келісімшарт көрсетіледі. Ән қанша рет қойылса да, бәрі мобильді қосымшада көрінеді. Әр әртіс оны бақылап…
Негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында жүзеге асырылады. Осы кезеңде талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижесімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі беріледі. 11-16 сәуір аралығында өтінішті бір рет, ал 17-25 сәуір аралығында қалауы бойынша екінші рет бере алады. Тестілеудің өзі 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO.kz қосымшасы жүргізіледі. Талапкерлерге тестілеу күнін, уақытын және пунктін таңдау мүмкіндігі берілген. Бұл ретте олар екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір комбинациясын таңдайалады. Негізгі ҰБТ-ға дайындық деңгейін арттыру үшін қаңтар және наурыз ҰБТ-ларын тапсырған талапкерлерге…
Қадірлі қауым! Құрметті ғалымдар! Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты болсын деймін. Осы белгілі мереке қарсаңында Ақордаға жиналып, бас қосу жақсы дәстүрге айналды. Бұл – еліміздің ғалымдар қауымына деген ерекше құрметі және айрықша ықыласының көрінісі. Себебі кез келген дамыған, яғни, озық мемлекеттің қазығы – ғылым, ал қазынасы – ғалым. Әр елдің ғылыми әлеуеті – оның абырой-беделі мен күш-қуатының өлшемі десек, қате болмайды. Ғылымға басымдық беретін, ғалымын қадірлейтін, басқаша айтсақ, «ғылым-білім бар жұрттар» ғана өркениеттің өріне шығады. Бұл – ақиқат. Түптеп келгенде, адамзаттың барлық жетістігі ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі екені сөзсіз. Қазір осы залда түрлі салада зор табысқа жеткен зерделі…
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту бағыты еліміздің өңдеу өнеркәсібінде нақты нәтижесін беруде. Солардың бірі республикада баламасы жоқ табақша шыны өндіретін «Orda Glass Ltd» ЖШС. Кәсіпорын өндіріс процесін толық цифрландырып, автоматтандыру арқылы жоғары тиімділікке қол жеткізген. Жылдық қуаты 197,1 мың тоннаны құрайтын зауытта өнеркәсіптік роботтар мен заманауи басқару жүйелері кеңінен енгізілген. Атап айтқанда, жапониялық Fanuc компаниясының роботтары ауыр шыныларды дәл әрі қауіпсіз өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өнім сапасын цифрлық бақылау, ақауларды автоматты анықтау және шыны кесудің интеллектуалды жүйелері жұмыс істейді. 2024 жылы іске қосылған энергия үнемдейтін шыны өндіру желісі жылына 5 млн шаршы метр…
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов өңірдегі жас мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Аймақ басшысы жастар саясатын қолдау бағытындағы жұмыстарға тоқталды. «Президентіміздің басшылығымен, қоғамның белсенді қолдауымен жазылған жаңа Ата Заңымыз жалпыхалықтық референдумда қабылданды. Мемлекет басшымыздың Әділетті, Қуатты әрі Таза Қазақстанды құру жолындағы барлық бастамаларын Сыр жұртшылығы, оның ішінде жастарымыз әрдайым қолдайды. Еліміздегі ауқымды реформаларды іске асыруда жастарға айрықша көңіл бөлініп, жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бүгінде аймақ халқының 30%-н жастар құрайды. Өткен жылы жастар саясатын дамытуға және қолдауға жергілікті бюджеттен 2 млрд. 105 млн. теңге бөлінді. «Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасына бюджеттен 1 млрд. 200 млн.…
