Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды. Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.
Автор: un_admin
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Нью-Делиге жұмыс сапары аясында Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Модимен екіжақты кездесу өткізіп, India AI Impact Summit 2026 халықаралық саммитіне қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz. Олжас Бектенов Үндістан Премьер-министріне Қазақстан Президентінің атынан жылы лебіздерін жеткізді. Өз кезегінде Нарендра Моди Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жолдады және стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге шығару бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру ниетін білдірді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $923,3 млн-ды құрады. Сауда және инвестициялар, энергетика, АӨК, цифрландыру және ЖИ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстан Үндістан нарығына 40 тауарлық позиция бойынша $150 млн-ға өнім жеткізу…
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде еліміздегі бірінші агротехнопарк құрылды. Оның басты мақсаты — бизнес-инкубация, инновациялық компанияларды қолдау және АӨК саласындағы жоғары технологиялық жобаларды дамыту үшін заманауи орта құру, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Орталық агротехнологияларды сынақтан өткізуге және көрсетуге, жобаларды ғылыми-зерттеу кезеңінен нарыққа дейін сүйемелдеуге, бизнес үшін технологиялық тәуекелдерді азайтуға және инновацияларды лабораториядан өндіріске тезірек жеткізуге арналған. Тағы бір маңызды бағыт — халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты дамыту. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров орталықтың инфрақұрылымы, лабораториялық базасы және өндірістік-инженерлік мүмкіндіктерімен танысты. Агротехнопарктің жалпы ауданы шамамен 1000 шаршы метрді құрайды. Оның құрылымында тәжірибелік және пилоттық жұмыстарға арналған металл өңдеу цехы бар…
Жамбыл облысында 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына белсенді дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әсіресе, егіс құрылымын түзету және суару инфрақұрылымын жаңғыртуға баса көңіл бөлінген, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Биыл жалпы егіс алқабы 623,3 мың гектарды құрайды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 16,7 мың гектарға аз. Құрылымды түзету стратегиялық сипатқа ие және өндірісті әртараптандыруға, сондай-ақ ылғал көп қажет ететін дақылдардың үлесін қысқартуға бағытталған. Атап айтқанда, бидайға – 145,1 мың гектар, арпаға – 187,8 мың гектар, жүгеріге – 23,3 мың гектар бөлінген. Майлы дақылдар – 40 мың гектар, мал азығына арналған дақылдар – 185 мың гектарды құрап отыр. Осылайша, өңір тұрақты әрі ресурсты үнемдейтін ауыл шаруашылығы…
«Тұран» университетінде Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ұйымдастырған «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты көрме өтті. Көрме Ұлы даланың жазба мұрасына және оның көне дәуірден бүгінге дейінгі даму кезеңдеріне арналды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Экспозицияда VIII–IX ғасырлардағы көне түркі тіліндегі сирек қолжазбалар, Қарахан мемлекеті, Алтын Орда және Қазақ хандығы дәуірлеріне жататын араб, парсы және шағатай тілдеріндегі құжаттар, сондай-ақ көне түркі жазуының үлгілері мен латын графикасындағы басылымдар көпшілік назарына ұсынылды. Барлық материалдар Ұлттық орталықтың қорында сақталған. Кездесу барысында қатысушыларға жазба ескерткіштердің тарихи маңызы, оларды зерттеу ерекшеліктері мен сақтау жолдары туралы мәлімет берілді.
2026 жылдың басынан бастап Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында 102,7 мың бос жұмыс орны жарияланып, 162,4 мың түйіндеме орналастырылды. Бұл ретте барлық жұмыс ұсыныстарының 80%-дан астамы білікті кадрларға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жұмысшы мамандықтар сұраныстың жартысына жуығын құрайды – 48,9 мың (47,6%) бос жұмыс орны. Нақты кәсіптердің ішінде жұмыс берушілер тарапынан ең көп сұранысқа ие болғандар: мейіргерлер (1,9 мың бос жұмыс орны), санитарлар мен автомобиль жүргізушілері (әрқайсысы 1,8 мыңнан), сондай-ақ математика пәнінің мұғалімдері (1,7 мың). Салалық бөліністе сұраныс барлық бос орындардың 66,4%-ын құрайтын бес негізгі салада шоғырланған. Дәстүрлі түрде білім беру саласы көш бастап тұр…
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде технологиялық процестерді басқару жүйелерін кезең-кезеңімен жаңғырту және зияткерлік технологияларды енгізу мақсатында энергетика нысандарындағы олардың ағымдағы жай-күйіне бағалау жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. Жұмыс барысында қолданыстағы басқару жүйелерінің цифрлық жетілу деңгейі талданды, технологиялық және ақпараттық тәуекелдер анықталды, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, оларды одан әрі дамыту бағыттары айқындалды. Технологиялық параметрлерді зияткерлік мониторингілеу, жабдықтардың істен шығуын болжау, жұмыс режимдерін оңтайландыру және энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Диспетчерлік басқару және кибертұрақтылықты қамтамасыз ету жүйелерінде үлкен деректер талдамасы мен машиналық оқыту алгоритмдерін қолдану тәсілдері…
Құрметті отандастар! Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – дүние жүзіндегі миллиардтаған жанды рухани тазаруға, жақынына жанашыр әрі қамқор болуға үндейтін мезгіл. Ораза азаматтарды шыдамдылық пен төзімділікке шақырып, халқымыздың бойына қарапайымдылық, жауапкершілік және адалдық сынды асыл қасиеттерді сіңіреді. Оразаның рухани құндылықтарын қазір әлемде болып жатқан күрделі ахуалды ескере отырып, кемел санамен қабылдау, оның түпкі мағынасын дұрыс түсіну – үлкен имандылықтың белгісі. Бүгінде Қазақстан ауқымды өзгерістердің, түбегейлі жаңғырудың тарихи кезеңіне қадам басты. Жаңа халықтық Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды. Бұл өрлеу және әділеттілік даңғылына түскен мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын Негізгі Заң болмақ. Бас…
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Сабалақ елді мекеніне газ қосу рәсімі өтті. ОғанПарламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов,Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары арнайы қатысты. Аймақ басшысы тұрғындарды көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады. «Мемлекет басшымыз Қасым-ЖомартКемелұлықаламызда өткен Ұлттық құрылтайда: «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр» деп, аймағымыздың барлық салада қарқынды дамығанын ерекше атап өтті. Cыр өңірінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Тарихи миссиясы маңызды жиында Мемлекет басшымыз Қызылорда қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы басталғанын, алдағы уақытта 500 орындық емхана мен 200 орындық перзентхана салынатынын, жаңа…
Биыл Қазақстанда дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерінен 2,64 ГВт қуатты пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл жобаларды іске асыру 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай елдегі энергия тапшылығы мәселесін толық шешуге, ал 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне шығуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жылы 3,7 млрд киловатт-сағат энергия импортталғанын атап өтіп, жаңа қуаттарды іске қосу жұмысын күшейтуді тапсырды. Биыл 4 бу-газ қондырғысы (БГҚ), 2 жел электр станциясы, 4 күн электр станциясы іске қосылады және екі электр станциясын кеңейту жоспарлануда. Аталған энергия нысандары жылына шамамен 16 млрд киловатт-сағат энергия өндіреді.…
