Алматы облысы туристік тартымдылығының тұрақты өсуін көрсетіп отыр, бұл туристердің өңірімізге деген жоғары қызығушылығын айғақтайды. Облыс аумағында республикалық маңызы бар 10 және өңірлік маңызы бар 1 туристік дестинация орналасқан. Бұл табиғи және мәдени ресурстардың молдығын, сондай-ақ туризмді одан әрі дамыту әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Бұл туралы Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы хабарлады. Оның айтуынша, өңірдің туристік имиджін қалыптастыруда ұлттық парктер ерекше рөл атқарады (Көлсай көлдері, Іле-Алатау, Шарын). 2025 жылы оларға 1,8 млн адам келді. «eQonaq базасының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша облысқа 147 мыңнан астам турист келді. Бұл көрсеткіш бойынша өңір Алматы және Астана қалаларынан кейін елде…
Автор: un_admin
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте әріптестеріоблыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымын абыроймен атқарған Олжас Искаковты республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының басшысы қызметіне шығарып салды. Аймақ басшысы Олжас Ермекұлының адал қызметі мен салаға сіңірген еңбегін атап өтіп, алғыс білдірді. «Әріптесіміз Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Емдеу ісі», Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінде «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған. «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі. Еңбек жолын облыс орталығындағы №3 қалалық емхананың аймақтық терапевт дәрігеріболып бастап, осы емхананың бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарықызметтерін атқарған. Әр жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасында бөлім басшысы, басқармабасшысының орынбасары, Денсаулық…
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ел ағаларының арнайы қатысуымен Титов қыстағындағы 400 орындық жаңа емхананың іргетасын қалау рәсімі өтті. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты жаңа нысан құрылысының басталуымен құттықтап, денсаулық саласындағы атқарылған жұмыстарды атап өтті. «Мемлекеттің ең басты байлығы – адам, адамдағы байлықтың негізісі – денсаулық. Деннің саулығы – мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің арқауы. Президентіміздің әлеуметтік саясаттағы басым бағыттарының бірі де – халыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет ұсыну. Бүгін біз Қызылорда қаласы үшін, соның ішінде Титов мөлтек…
Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде Қазақстан үшін бұл Олимпиаданың орны ерекше екенін айтты. – Отандасымыз Михаил Шайдоров тамаша өнер көрсетті. Мәнерлеп сырғанаудан алтын медальға ие болып, көк Туымызды Олимп шыңына көтерді. Сондықтан Михаилға алғысымды білдіріп, құтты болсын дегім келеді. Ақордада жиналып отырған адамдарға, ең алдымен, Михаилдың әкесі мен жеңімпаздың бапкеріне ризашылығымды айтамын. Баршаңызды тағы да шын жүректен құттықтаймын! Сіздер қажырлы және табанды еңбектің арқасында Михаилды мықты спортшы, нағыз дарын иесі ретінде бүкіл әлемге паш еттіңіздер. Халқымыз Михаилды мақтан тұтады, ал жас буын одан…
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары барысында Қарағанды облысы өңірінің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Сондай-ақ су басу қаупі бар Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет және Абай аудандарындағы негізгі гидротехникалық құрылыстар мен елді мекендердің жағдайын бағалады, деп хабарлайды Primeminister.kz. Нұра өзенінің арнасы бойында Вице-премьер Көкпекті, Байқадам, Петровка, Сарытөбе, Ботақара, Шешенқара ауылдарын, сондай-ақ «Байқадам» және «Миньковская» су бөгеттерін және Ащысу су қоймасын қарап шықты. Шерубай-Нұра өзені бойында Қарашоқы, Бесоба, Ақсу-Аюлы, Қайрақты, Нұраталды, Ақсу және Шопа елді мекендері тексерілді. Сонымен қатар Красная Поляна ауылындағы қорғаныс бөгеттірінің жай-күйі қаралды. Абай ауданында Южный, Құлаайғыр және Тасзаемка ауылдары, сондай-ақ «Шерубай-Нұра» және «Жартас» су қоймаларының жағдайы зерделенді.…
«Өнер орталығында» композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің елшілері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, композитордың жары Баян Дүйсекеева, баласы Нұркен Дүйсекеев пен туған-туыстары арнайы қатысты. Кеш туған жерін ән қанатында тербеген композитордың шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілімінен басталып, концерттік бағдарламада ел жадында жатталған таңдаулы туындылар орындалды. Атап айтқанда «Асыл ана», «Ойлан, балам», «Өмір, өмір», «Анаға хат», «Ойлайсың ба, жаным», «Ақ қар», «Ғашық әнім», «Өкінбе сен» әндері көрермен назарына ұсынылды. Сахна төрінде Қазақстанның Халық артисі…
Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде негізгі инфрақұрылымдық тораптарды жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Алтынкөл станциясы мен Қорғас шекаралық өткелі бірыңғай теміржол-шегаралық кешенді құрайды және халықаралық көлік дәлізінің маңызды буыны. Аталған торап елдің транзиттік әлеуетін арттыруда ерекше рөл атқарады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Алтынкөл – Қорғас торабы арқылы экспорт-импорт және транзиттік жүк тасымалының едәуір көлемі жүзеге асырылады. Инфрақұрылым жүктерді жедел өңдеуді, контейнерлерді қайта тиеуді және екі мемлекеттің теміржол қызметтерінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта ауқымды жаңғырту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Алтынкөл – Жетіген учаскесінде жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын екі аралықта екінші жолдардың құрылысы жалғасуда,…
«Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық бұлақты түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала деректерге сәйкес, бүгінгі таңда 711 әлеуетті бұлақ анықталды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. Сонымен қатар қор және архив материалдары негізінде ел аумағындағы 2 772 бұлақты қамтитын карта жасалған. Айта кетейік, бұлақтар су ресурстары тапшылығы жағдайында қосымша су көзі ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда ауызсу және техникалық сумен жабдықтау, суару және өзге де мақсаттарға арналған жерасты суының 4 803 кен орны барланған. Мемлекеттік баланс бойынша тәулігіне 43,2 млн текше метр көлеміндегі пайдалану қоры тіркелген. Оның ішінде қазіргі таңда шамамен 1,5 млн текше метр…
Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ арасында «Халықты неғұрлым қолжетімді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының фармацевтика индустриясындағы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін ұлғайту» жобасы бойынша жасалған Инвестициялар туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Primeminister.kz. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды. Жоба қазақстандық тауар өндірушілердің үлесін арттыруға, елдің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға және инвестицияларды тартуға бағытталған. Келісім Шымкент қаласындағы Polpharma Santo компаниясында 300 жаңа жұмыс орнын аша отырып, ірі инвестициялық жобаның жаңа кезеңінің басталуына жол ашты. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған қаражатты қоса…
Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру басталды. Бұл — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының бірі. Іс-шаралар жоспарын Премьер-Министр Олжас Бектенов бекітті, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі. Жоспар 8 бағыттан тұрады және 100 негізгі іс-шараны қамтиды. Онда аталмыш жылды ұйымдастырушылық сүйемелдеу, стратегиялық және нормативтік қамтамасыз ету, AI-SANA бастамасы аясында адами капиталды дамыту, мемлекеттік органдарды GovTech моделіне көшіру сияқты цифрлық экономиканың кең ауқымды міндеттері қамтылады. Сонымен қатар киберқауіпсіздікке, цифрлық инфрақұрылымға, салаларды цифрландыруға, қалалар мен өңірлерді кешенді дамытуға және жаңа экономиканы қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Жылдың ресми ашылуы наурыз айында Alem.AI алаңында өтеді. Стратегиялық және…
