Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Шаруаларға су беру қызметтерінің құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге қарастырылған
Жаңалықтар

Шаруаларға су беру қызметтерінің құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге қарастырылған

10.04.2026181 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Фермерлердің су үнемдейтін жабдыққа қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы, Астана және Алматы қалаларында жаңбырлатып суару машиналары мен тамшылатып суару жабдықтарын өндіретін бес отандық зауыт жұмыс істейді. 2026–2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру шеңберінде суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуге арналған инвестициялық шығындарды субсидиялау көлемі 214 млрд теңге көлемінде жеке бағыт ретінде қарастырылған, бұл алдыңғы үшжылдықтағы көлемнен 4 есе артық. ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім еткендей, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге қарастырылған.

«Сонымен қатар жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімшілері инвестициялық субсидияларды қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалардың жеке кодтарын ашты. Өз кезегінде, Министрлік тарапынан су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы жүзеге асырылып жатқан жобалардың іске асырылуына жыл сайын мониторинг жүргізу жалғасады. Жалпы, суды үнемдеу мәселелері Үкіметтің тұрақты бақылауында. Осы мақсатта су тапшылығы тәуекелдері жоғары сақталып отырған оңтүстік өңірлерге көшпелі кеңестер өткізілді. Аталған өңірлерде су тапшылығы тәуекелдері жоғары болып отыр, және суарудың тиімді әдістеріне уақтылы көшу  аграрлық сектордың тұрақтылығына әрі елдің су ресурстарын сақтауға тікелей әсер етеді», – деді вице-министр.

Су үнемдеу жұмыстары өнеркәсіп кәсіпорындарын да қамтиды. Мәселен, Су кодексінде өнеркәсіптік кәсірпорындар үшін 7 жыл ішінде айналымдық және қайталама сумен жабдықтау жүйелеріне кезең-кезеңімен көшу жөнінде міндетті талап көзделген. Енді су пайдаланушылар су ресурстарын пайдалану туралы мәліметтерді, су үнемдеу технологияларын енгізу, өндірістік емес шығындарды азайту, айналымдық және қайта пайдаланатын сумен жабдықтау жүйелеріне кезең-кезеңімен көшу жоспарының болуы туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

Облыс әкімдіктері 2030 жылға дейін өнеркәсіптік кәсіпорындарда суды қайта пайдалануды арттыру бойынша бекітілген үлгілік жоспарлар аясында тиісті шаралар қабылдауда. Аталған шаралар суды қайта пайдаланудың үлесін 28%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Осы шаралар шеңберінде бекітілген кестеге сәйкес өнеркәсіп кәсіпорындар өкілдерімен суды қайта және айналымда пайдалану бөлігінде Су кодексі мен нормативтік-құқықтық актілер талаптарын түсіндіру мақсатында кездесулер өткізілуде.

Сонымен қатар су үнемдеу жүйелерін енгізу жұмыстары тек ауыл шаруашылығы саласында ғана емес, сондай-ақ қалалар мен ірі елді мекендерде де жүзеге асырылуда. Мәселен, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында «Суару жүйелерін, қалалар мен ірі елді мекендерде су үнемдеу технологияларын енгізу» нысаналы индикаторы көзделген. Бұдан бөлек, 2030 жылы қалалар мен ірі елді мекендерде жасыл желектерді суарудың су үнемдейтін технологияларына толық көшу жоспарлануда.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026571 Views

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026339 Views

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

14.05.2026286 Views
Соңғы жаңалықтар

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

14.05.2026

Астанада ТМҰ елдерінің бизнес-форумы ашылды

14.05.2026

Қазақстан жол битумына деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етті

14.05.2026

Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласын жаңғырту жалғасуда

14.05.2026

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

14.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.