Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Биыл «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында 30 бұлақ тазартылды
Жаңалықтар

Биыл «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында 30 бұлақ тазартылды

10.04.2026367 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында бұлақтарды, жағалау аумақтарын тазартуға және суға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өткізілуде. 2026 жылдың наурыз айында акция бірінші кезеңде Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарын, Жетісу облысын және Шымкент қаласын қамтыды. Бұл туралы ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

« 9000 астам адамның қатысуымен 30 бұлақ тазартылды, бұлақтардың табиғи көздерін ашу және қалпына келтіру, жақын маңдағы аумақтарды тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде қоқыс жинау мен көшет отырғызу шаралары жүзеге асырылды», – деді вице-министр.

Спикердің айтуынша, бастама кең қоғамдық қолдауға ие болды, акцияға мыңдаған азамат қосылды. Еліміздің барлық өңірінде бейжай қарамайтын азаматтар Министрліктің үндеуін күтпей-ақ, өз бастамаларымен сенбілікке шығып, елді мекендеріндегі бұлақтарды тазалау жұмыстарын жүргізіп, іргелес аумақтарды абаттандыруда. Талғат Момышевтың мәліметінше, сәуір айында еліміздің қалған 12 облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын одан әрі өткізу жоспарлануда.

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын жыл сайынғы жүйелі негізде өткізу жоспарда бар. Айта кетерлігі, «Қазгидрогеология» Ұлттық гидрогеологиялық қызметі Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық бұлақты түгендеу жұмыстарын жүргізуде. Алдын ала мәліметтер бойынша бүгінде 711 ықтимал бұлақтар анықталған. Қор және архивтік материалдар негізінде 2772 бұлақтан тұратын карта қалыптастырылды. Бұлақтар су ресурстарының тапшылығы жағдайында сумен қамтамасыз етудің қосымша көзі ретінде қарастырылады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202662 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202690 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.