Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда әділет саласын цифрландыру: жаңа сервистер уақыт пен қаражатты үнемдейді
Жаңалықтар

Қазақстанда әділет саласын цифрландыру: жаңа сервистер уақыт пен қаражатты үнемдейді

10.04.2026238 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында азаматтарға құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған цифрлық жобалардың енгізілуі туралы айтты.

Атап айтқанда, «Е-Заң көмегі» мобильді қосымшасы іске қосылды. Оның көмегімен пайдаланушылар адвокаттарды табады жасанды интеллект арқылы кеңес алып, сондай-ақ колл-орталыққа жүгінуге болады. Колл-орталықтың екінші желісі арқылы азаматтарға Әділет министрлігінің білікті мамандары тегін заң көмегін көрсетеді.

Тағы бір маңызды бағыт – «Цифрлық нотариат» жобасы. Бұл сервис нотариусқа жеке бармай-ақ, бейнебайланыс арқылы сенімхаттарды қашықтан рәсімдеуге мүмкіндік береді.

«Осы сервис арқылы біз 800 мыңнан астам сенімхат бердік. Азаматтардан шағымдар мен сот даулары тіркелген жоқ. Цифрлық нотариат – азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беретін жоба», – деп атап өтті Бекболат Молдабеков.

Сонымен қатар спикер атқарушылық нотариалдық жазбаны цифрландыру жүзеге асырылғанын айтты. Жоба азаматтардың бұрын хабарландыру тәртібіне қатысты шағымдарын ескере отырып әзірленген. Бұрын 10 күн ішінде жауап болмаған жағдайда шоттар бұғатталуы мүмкін болса, енді SMS-хабарламасы бар жеке кабинет енгізілді. Сервис іске қосылғаннан кейін Әділет министрлігіне түсетін өтініштер саны 30%-ға азайған.

Бұдан бөлек, атқарушылық өндірісті цифрландыру жалғасуда. Жоба аясында жасанды интеллект негізінде жеке сот орындаушысының қызметін атқаратын робот енгізілді. Ведомство мәліметінше, бұл жүйені пайдалану азаматтарға шамамен 3 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеуге мүмкіндік берген. Сонымен қатар енді айыппұл сомасының 25%-ы көлеміндегі жеке сот орындаушысының комиссиясын төлеу қажеттілігі жойылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202662 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202690 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.