Автор: un_admin

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15-25 ақпан аралығында жүргізіледі. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар, өткен жылғы мектеп түлектері, колледж түлектері, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған ҚР азаматтары, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады. Өтініш беру барысында қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. 2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің…

Read More

Ағымдағы күзгі-қысқы кезең тұрақты өтуде. Тұтынушылар электр және жылу энергиясымен толық көлемде қамтамасыз етілген. Электр станциялары Жүйелік оператор бекіткен режимге сәйкес жұмыс істеуде. Биыл қажетті жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізілді. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, жақында алдағы жылыту маусымына дайындық кестесі бекітілді. Соған сәйкес тиісті жөндеу жұмыстары басталып кетті. 2026 жылы 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина күрделі жөндеуден өтеді. Степногорск, Жезқазған қалаларындағы жалпы резервтік мүмкіндігі бар жылу орталықтарында жөндеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ вице-министр отынмен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып өтті. «Бүгінде барлық ЖЭО-дағы қазандықтарда 4,5 млн тоннадан астам көмір қоры…

Read More

Энергетика министрлігі саланы 2035 жылға дейін дамыту және жаңғырту жоспарын ұсынды. Атап айтқанда, 2035 жылға дейін 26 ГВт қуатты енгізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 8 ГВт-тан астамы – жаңартылатын энергетикаға, 10 ГВт-тан астамы – жаңа станциялар салуға, соның ішінде атом станциясына тиесілі. Бұл бағыттағы жұмыс Атом энергиясы агенттігімен бірге жүргізілуде. 5 ГВт-тан астамы қолданыстағы станцияларды жаңғырту мен кеңейтуге қарастырылған. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Спикердің айтуынша, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Қызылорда БГҚ-сын (бу-газ қондырғысы) іске қосу күтілуде. Қазір іске қосу-баптау жұмыстары жүріп жатыр, алғашқы 20–30 МВт берілуде, екінші тоқсанда станция толық жұмыс…

Read More

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы бойынша жұмыс сапары барысында ЖЭО-3-ке барып, Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған жаңа қуат көздерін жаңғырту және іске қосу жөніндегі міндеттері шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымның дамуын тексерді, деп хабарлайды Primeminister.kz. Премьер-министр табиғи газбен жұмыс істейтін ЖЭО-3-тің негізгі жабдықтарын қарап шықты. Оған биыл жобаның 1-ші кезегін толық аяқтап, 2-ші кезегін жүзеге асыру жоспарлары туралы баяндалды. Бүгінгі таңда жылу электр орталығы қаланың бұған дейінгі энергия тапшылығын толығымен жабады және өсіп келе жатқан қажеттіліктерді ескере отырып, артық қор қамтамасыз етеді. ЖЭО-3 сағатына 440 Гкал жылу өндіреді, ол Ш. Айтматов көшесі, Ұлы Дала, Тұран даңғылдары бойындағы және тағы да басқа…

Read More

2026 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 48,7 мың тапсырысы орындалды: шамамен 35,4 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 3,6 мың – ымдау тілі қызметін, 9,1 мың – жеке көмекшінің, 576 – шипажайлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өзі алып кету арқылы алуға болады. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және…

Read More

Ақордада UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысынан жүлделі оралған командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, олар нағыз қазақ жауынгері рухының қандай болатынын әлем жұртшылығына паш еткенін, Қазақстанның беделін биікке көтергенін атап өтті. – Намысты қолдан бермей, байрақты бәсекеде топ жардыңыздар! Соның арқасында көк Туымыз желбіреді. Еліміздің мерейі үстем болды. Халқымыз сіздерді мақтан тұтады. Әлемнің 48 елінен 100-ден астам команда жиналған Дубайдағы дүбірлі дода – халықаралық маңызы бар оқиға. Бұл аса тартысты жарыс деп айтсақ, қате болмайды. Себебі барлық командалар бес күн бойы өте күрделі мақсаттарға қол жеткізу үшін көптеген тосқауылдарды еңсеруі қажет болды. Бірақ…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев сумо спортының отаны Жапонияда зор жетістікке жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балтағұлмен кездесті. Президент спортшының былтыр Император кубогында «маэгашира» атағын, яғни сумо балуандарының ең жоғары дәрежесін иеленіп, жарыс қорытындысы бойынша «Канто-се» (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алуымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жүлде табандылық пен қажырлы еңбектің жемісі екеніне тоқталды. Сондай-ақ бүгінде шет мемлекеттерде елімізді әлемге танытып жүрген жастарымыздың көбейіп келе жатқанын, мемлекеттің таланттар мен спортты қолдауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. – Жапонияға барған сапарымда сізді Императордан бастап қарапайым халыққа дейін бәрі танитынын, құрметтейтінін байқадым. Бұл – зор мәртебе. Жапонияда тұрсаңыз да қазақтың атын шығарып, еліміздің беделін биіктетіп жүрсіз. Сізге…

Read More

Киелі Қызылорда өңірінде ауылдық білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруді көздейтін «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық семинар-тренинг өтті. Қызылжарма ауылдық округіндегі «Келешек» мектебінде жалауы желбіреген бұл жоба Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, «Ауыл» партиясының және Қызылорда облысы әкімдігінің бірлескен бастамасымен жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауларында «Адал азамат» тұжырымдамасын негізге ала отырып, әділетті қоғамның негізін интеллектуалды әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ қалайтынын баса атап өтті. Іс-шараның ашылу салтанатында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абизов Мінуарбекұлы ауыл мұғалімдерінің стратегиялық маңызына тоқталды: «Ауылдағы мұғалім — мемлекетіміздің ертеңгі келбетін қалыптастыратын басты тұлға.…

Read More

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы өңірде нақты нәтижесін беруде. Бағдарлама аясында қала бойынша 46 жобаға 359 млн 500 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Бұл ауыл тұрғындарының кәсіп ашуына және табысын арттыруына мүмкіндік жасады. Бұл туралы Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында белгілі болды. «Қызылорда қаласында «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы өнеркәсіп саласындағы 20 жоба қолдау тауып, жалпы көлемі 627 млн теңге қаржыға қол жеткізді. Бұл бастамалар өндірістік әлеуетті арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашты. Кәсіпкерлікті қаржылай қолдауда екінші деңгейлі банктердің де үлесі зор. Осы арна арқылы 86 кәсіпкер жалпы сомасы 4 млрд…

Read More

Экономиканың өзегі ауыл шаруашылығында екендігі бүгінгі таңда айқын сезілуде. Жылдан-жылға мұнай қорының сарқылуы бұл салаға басымдық беруді талап етіп отыр. Сырдария өзенімен өмірі өзектес Қызылорда өңірі үшін егіншілік тек күнкөріс көзі ғана емес, стратегиялық маңызы бар бағыт. «Биыл өңірде су тапшылығы ерекше байқалды. Бұл мәселе Мемлекет басшысының аймаққа жасаған жұмыс сапары барысында да диқандар тарапынан көтерілген болатын. Алайда қалыптасқан күрделі жағдайға қарамастан, аймақ басшысының ұтымды ұйымдастыруы мен жедел қабылданған шешімдерінің нәтижесінде аграрлық саланың берекесі бәсеңдеген жоқ. Нәтижесінде 8 041 гектар жерге орналастырылған ауыл шаруашылығы дақылдары мерзімінде толық жиналды. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 3 354 гектар алқапқа себіліп, әр гектарынан…

Read More