Автор: un_admin

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №522 Жарлығына сәйкес азаматтардың сұраныстарына ден қойғыш нысанына көшу мемлекеттік органдар үшін негізгі мақсат болуға тиіс. Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі. Осы ретте, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты қызмет алушылардан келіп түскен шағымдардың негізінде жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 5 қызмет алушының және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған тексеру жоспарына сәйкес жоспарлы тексерудің нәтижесінде 1475 қызмет алушының бұзылған…

Read More

Ел бюджетіндегі қаражатқа қазынашылық қадағалауды күшейту алдын алу бақылауы арқылы жүзеге асырады, оның барысында қаржылық тәуекелдер анықталады. Осындай бақылаудың нәтижесінде 2025 жылы 20,6 трлн теңгеден астам сомаға қаржылық құжаттар орындаусыз қайтарылып, қаржылық бұзушылықтарға жол берілмеді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, 2020 жылдан бастап Мемлекеттік қазынашылық комитеті орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық ұйымдары үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы функциясын атқарады. «2025 жылы 1 трлн 160 млрд теңгеге 1532 мемлекеттік сатып алулар өткізілді. Үнемдеу 15,4 млрд теңгені құрады», – деді ведомство өкілі. Айта кетерлігі, Қазынашылық цифрландыру жұмыстарды жалғастыруда.…

Read More

ҚР Энергетика министрлігі энергетика секторын жаңғыртуды жеделдетуде. 2026 жылы 2,4 мың МВт дәстүрлі қуаттарды іске қосу жоспарланған. Жылдың стратегиялық жобалар портфеліне Қызылордада 240 МВт және Түркістанда 1000 МВт бу-газ қондырғыларын (БГҚ) іске қосу, Атырау мен Текелідегі қуаттарды кеңейту, сондай-ақ жиынтық қуаты 1100 МВт-тан асатын Алматы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 нысандарын кешенді жаңғырту кіреді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Бұл бастамалардың іске асырылуы ҚР Энергетика министрлігінің ерекше бақылауында. Бұл ретте жұмыстары шешуші кезеңге өткен Алматы энергия торабына басты назар аударылып отыр. Алматы ЖЭО-2 алаңында қада қағу жұмыстары аяқталды – қосалқы учаскелерде, атап айтқанда, автотрансформаторлар астындағы іргетастарда соңғы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Негізгі құрылыс…

Read More

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы су тасқыны кезеңі басталғалы күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Республикалық маңызы бар автожолдарда қауіптің алдын алу және салдарын азайту үшін барлық қажетті күштер мен техникалар жұмылдырылды. Алдын ала дайындық аясында жол қызметтері су өткізу құбырларын тазалау, техниканы әзірлеу, қажетті материалдар қорын жинақтау, сондай-ақ тәулік бойы мониторинг пен патрульдеуді ұйымдастыру сияқты кешенді жұмыстарды жүргізіп жатыр. Бұл жайында басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, 2026 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша автожолдардағы ахуал тұрақты және оң динамика байқалады. «Атап айтқанда, су тасқыны қаупі бар учаскелер саны 284-тен 184-ке дейін азайды. Ал олардың жалпы ұзындығы 206…

Read More

2025-2026 жылдардың қысқы кезеңі күрделі ауа райымен ерекшеленді. Елдің солтүстік және орталық өңірлерінде температура жиі нөлден жоғары және төмен ауысып отырды. Мұндай кезеңдер 18-25 күнге созылып, әр 3-5 күн сайын қайталанды. Бұл жағдай жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарын қиындатып, көктайғақ пен қар үйінділерінің пайда болуына әсер етті. Осы орайда қозғалысқа 1 994 шектеу қойылды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлағандай, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. «Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін 3 073 бірлік техника жұмылдырылды. Соған қарамастан жол қызметтері автожолдардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті. Қыс мезгілінде шамамен 386 мың текше метр көктайғаққа қарсы материал…

Read More

Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша пилоттық жобаның іске асу кезеңі 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Құжатқа енгізілген түзетулер мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын жетілдіруге бағытталған. Ваучерлік қаржыландыру жүйесінің негізгі артықшылығы – ата-аналарға балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілуі. Бұл жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар арасында дұрыс бәсекелестікті қалыптастырады, қаржыландыру процесін ашық етеді, яғни «ақша ұйымға емес, балаға беріледі». Жаңа жүйе балабақша кезегіне тұру рәсімін жеңілдетіп, заңсыз факторларды болдырмайды, сонымен қатар қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру қорытындысы шығарылды. Үкімет негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу туралы есеп берді. Сондай-ақ бірқатар салалық мемлекеттік орган жетекшілері басты бағыттар бойынша баяндама жасады. Мемлекет басшысы геосаяси ахуалды ескере отырып, қоғамдық, экономикалық, экологиялық, су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін пысықтау қажеттігіне назар аударды. Бұдан бөлек, отырыста Қазақстан Республикасының 2026-2030 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасы қаралды. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі саналатын бұл Стратегия алдағы бес жылда болуы ықтимал сын-қатерлерге төтеп берудің негізгі тәсілдерін анықтайды. Жиында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин орта мерзімге арналған басымдықтар, мақсатты…

Read More

Павлодар облысының Екібастұз қаласы маңында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысы бойынша стратегиялық жобаны іске асыру басталды. Жобаны «State Power Investment Corporation» қытайлық корпорациясы мен «Pavlodar Green Energy» ЖШС бірлесіп жүзеге асырады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. Құрылысқа тартылатын тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1,2 млрд долларды құрайды, ал нысанды пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланған. Жаңа ЖЭС-тің басты технологиялық ерекшелігі — қуаты 300 МВт болатын энергия жинақтау жүйелерімен жабдықталуында. Бұл шешім жаңартылатын энергия көздеріне тән табиғи құбылмалылықты тиімді реттеуге және еліміздің Біртұтас электр энергетикалық жүйесіне тұрақты қуат беруге мүмкіндік береді. Станция іске қосылғаннан кейін жылына 3,4 млрд кВт·сағ электр…

Read More

Қарағандыда премиум санаттағы клинкерлік плитка өндіріле бастайды. Жаңа өндіріс импортты қысқартуға, құрылыс материалдарының құнын төмендетуге және шамамен 170 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Зауыт құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жобаның жүзеге асырылу барысымен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев танысты. QAZCLINKER компаниясының директоры Дәулет Смағұловтың айтуынша, бұл кәсіпорын елдегі қасбеттік клинкерлік плитка өндіретін алғашқы өндіріс болмақ. Жобалық қуаты жылына 1 млн шаршы метрге дейін өнім шығаруға жетеді. — Біздің ұстанымымыз – қолжетімді бағада премиум өнім өндіру. Қазір технологиялық жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жабдықтар толық сатып алынып, кезең-кезеңімен жеткізілуде. Жобаны өз қаражатымыз есебінен және Қазақстан Даму Банкінің қолдауымен жүзеге асырып…

Read More

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында өзі басшылық ететін салаға инновацияларды енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арансы. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес инновациялық қызмет Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзырына берілгенін атап өтті. Осы тапсырманы орындау аясында ҒЖБМ-ға Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің жекелеген міндеттері мен функциялары жүктелді. «Бұл шешім инновациялар ғылым, университеттер және зерттеу орталықтары базасында қалыптасатын халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Алайда, инновациялар тек бір ведомство шеңберінде ғана емес, бүкіл мемлекеттік жүйе деңгейінде үйлестіруді талап ететін күрделі салааралық міндет екенін түсіну маңызды», – деді Саясат Нұрбек. Министр Қазақстан Global Innovation…

Read More