Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді
Жаңалықтар

Қазақстанда жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді

14.04.2026141 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жеміс-көкөніс өнімдерін терең өңдеуге арналған жаңа технологияны әзірледі. Бұл технология табиғи тікелей сығылған шырындар, джемдер мен жоғары функционалдық қасиеттері бар пюре өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Аталған әзірлеме Қазақстандағы жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу саласына айтарлықтай тың серпін береді. Елде жыл сайын 3,5 млн тонна өнім өндірілгенімен, оның тек 5%-ы ғана өнеркәсіптік өңдеуден өтеді. Ал сақтау кезіндегі шығындар 30%-дан асады. Нәтижесінде консервіленген өнімдер нарығындағы импорттың үлесі 80–85%-ға дейін жетіп отыр.

Жобаның негізгі мақсаты — отандық функционалдық өнімдерді әзірлеу және ресурсты үнемдейтін, қалдықсыз технологияларды енгізу арқылы табиғи шырындар ассортиментін кеңейту.

Әзірлеменің ғылыми жаңалығы — қызылша, сәбіз және алма шырындары негізінде пектин қосылған оңтайлы купаждалған рецептураларды жасау. Технология жергілікті шикізатты терең өңдеуге бағытталып, оның биологиялық құндылығын — антиоксиданттар, дәрумендер мен тағамдық талшықтарды барынша сақтауды қамтамасыз етеді.

Термоөңдеу мен гомогенизация процестерін оңтайландыру технологиялық шығындарды азайтып, дайын өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Алынған өнімдер профилактикалық қасиеттерге ие және жүрек-қан тамырлары аурулары мен зат алмасу бұзылыстары бар адамдарға пайдалы болуы ықтимал.

Жоба аясында ғылыми нәтижелер халықаралық басылымдарда жарияланып, өнім өндіру технологиясы мен пектин алу әдісіне патент алынды.

Аталған технологияны агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарында, әсіресе еліміздің оңтүстік өңірлерінде енгізу импортқа тәуелділікті едәуір төмендетіп, дұрыс тамақтану өнімдері нарығындағы сұранысқа ие жаңа сегментті дамытуға мүмкіндік береді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026539 Views

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026237 Views

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026629 Views
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026

48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді

30.06.2026

Соңғы жарты жылда қоғамдық тамақтану орындарында 600-ден астам тексеру жүргізілді

30.06.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі

30.06.2026

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

30.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.