Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Экономиканы әртараптандыру: I тоқсан қорытындысы бойынша өсім 3%-ға жетті
Басты жаңалықтар

Экономиканы әртараптандыру: I тоқсан қорытындысы бойынша өсім 3%-ға жетті

14.04.2026286 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытынды мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды.

Премьер-министр экономиканың өсу құрылымына тоқталып, салалардың үлесі мен сыртқы факторлар аясында ішкі экономиканың тұрақтылығын ерекше атап өтті.

«Аталған кезеңде жалпы ішкі өнім нақты 3%-ға өсті. Бұл көрсеткіш шикізаттық емес секторда, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі, көлік, құрылыс, сауда салаларындағы орнықты өсу есебінен қамтамасыз етілгенін айта кету керек. Күрделі сыртқы экономикалық ахуалға қарамастан, осы шикізаттық емес сектор өзінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп отыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Салалар арасында ең жоғары өсімді құрылыс – 14,8%, көлік қызметтері – 12,8% және өңдеу өнеркәсібі – 8,5% көрсетті. Жылдың алғашқы екі айында сыртқы сауда айналымы $21,7 млрд құрады, мұнда $2,4 млрд – оң сальдо.

«Өткен жылы экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,7%-ға дейін өсті, осылайша екінші жыл қатарынан тау-кен өнеркәсібінің (2025 жылы – 11,9%) деңгейінен асып түсіп отыр. ЖІӨ-дегі мұнай секторының үлесі екі есе қысқарды. 2010 жылы ол 16,5% болған болса, 2024 жылы 8,1%-ға дейін түсті. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі әртараптандыруға баса назар аудару қажет, бұл «орташа табыс тұзағынан» шығуға мүмкіндік береді», — деді ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026539 Views

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026237 Views

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026629 Views
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026

48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді

30.06.2026

Соңғы жарты жылда қоғамдық тамақтану орындарында 600-ден астам тексеру жүргізілді

30.06.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі

30.06.2026

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

30.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.