Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру рәсімі жаңғыртылады
Жаңалықтар

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру рәсімі жаңғыртылады

14.04.2026616 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру рәсімін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Кеңес барысында ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, жүргізуші куәлігін алу үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, азаматтар үшін қолайлылықты арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және жүргізушілерді даярлау сапасын күшейтуге бағытталған нақты шаралар қаралып, бекітілді.

Біріншіден, енгізілетін жаңашылдықтарға сәйкес азаматтар жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды ақылы негізде, әрекеттер арасындағы аралықты кемінде 10 күнтізбелік күн сақтай отырып, шектеусіз тапсыра алады.

Айта кету керек, қазіргі уақытта азаматтарға 3 тегін мүмкіндік беріледі: алғашқы екі мүмкіндік – 1 күн аралықпен, үшіншісі – 30 күннен кейін. Аталған мүмкіндіктер аяқталған соң қайта оқудан өту талап етілетін, бұл жекелеген жағдайларда азаматтарды жүргізуші куәлігін заңсыз жолмен алуға итермелейтін жағдайлар туғызатын. Жаңа норма рәсімді анағұрлым қолжетімді етіп, артық шектеулерді алып тастауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.

Екінші шара ретінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының Астана қаласындағы филиалы базасында пилоттық жоба шеңберінде осы орталықта қолданылатын академиялық адалдықты қамтамасыз ету технологиялары сынақтан өткізіледі. Кейін бұл технологияларды жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан тапсырудың бүкіл жүйесінде қолдану жоспарланып отыр. Технологияларды апробациялаумен қатар, Ұлттық тестілеу орталығы теориялық емтихан тестілеріне кешенді психометриялық зерттеулер жүргізеді. Бұл зерттеулер олардың көлік құралын қауіпсіз басқаруға қажетті білімді, білік пен дағдыларды шынайы бағалау құралы ретінде жарамдылығын растауға бағытталады.

Үшінші және төртінші шаралар аясында емтихан өткізу процесіне жасанды интеллект технологиялары енгізіледі. Атап айтқанда, теориялық емтихан қабылдау кезінде толықтырылған шынайылық (AR), ал практикалық емтиханды бақылауда компьютерлік көру (Computer Vision) технологиясы қолданылады. Бұл тыйым салынған техникалық құралдарды пайдалану тәуекелін азайтып, бұзушылықтарды нақты тіркеуге мүмкіндік береді.

Бесінші шара ретінде жүргізуші куәлігін алуға қатысты цифрлық шешімдердің ақпараттық қауіпсіздігін барынша күшейту көзделеді. Осы мақсатта оларды ақпараттандырудың аса маңызды объектілері тізбесіне енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл құқық бұзушылықтар мен рұқсатсыз араласу үшін жауапкершілікті, қылмыстық жауапкершілікке дейін, күшейтуге мүмкіндік береді.

Алтыншы маңызды шара шеңберінде әкімшілік жауапкершілікке қатысты нормаларды енгізу қарастырылған. Бұл жауапкершілік қызмет алушыларға да, жүргізуші куәлігін заңсыз алуға жәрдем көрсететін тұлғаларға да қолданылады. Шаралар емтихан тапсыру процесінде бұзушылықтар анықталған жағдайда қабылданады. Олардың қатарына тыйым салынған құрылғыларды, микроқұлаққаптарды, микрокамераларды, сондай-ақ байланыс сигналдарын қабылдайтын және тарататын құралдарды пайдалану жатады. Бұдан бөлек, теориялық емтихан тапсыру құқығынан 1 жылға айыру мүмкіндігі енгізіледі.

Жетінші шара ретінде автомектептердің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту көзделеді. Олардың жұмысын бағалау кезінде жүргізушілерді даярлау сапасы мен азаматтардың кері байланысы ескеріледі. Сондай-ақ олардың қызметін лицензиялау енгізу жоспарланып отыр. Жүргізушілерді даярлау сапасы төмен болған жағдайда лицензияны толық кері қайтарып алу шарасы қарастырылады.

Аталған шараларды жүзеге асыру жүргізуші куәлігін алу рәсіміндегі артық шектеулерді жоюға, оның ашықтығы мен азаматтар үшін қолайлылығын арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202662 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202690 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.