Автор: un_admin

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды выдемствоның баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен алғаш рет 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленді. Құжат балалық шақ мәселелеріне бірыңғай көзқарас қалыптастырып, қолданыстағы шаралар мен бағдарламаларды тұтас жүйеге біріктіреді. «Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – әрбір баланың білім алу, денсаулығын сақтау, әлеуметтік қорғалу және отбасында тәрбиелену құқықтарын қамтамасыз ететін жүйелі әрі үйлестірілген тәсілді қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін құжат балалардың қауіпсіздігін күшейтуге, психологиялық және әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді нығайтуға бағытталған. Қазақстан балалардың құқықтарын қорғауға арналған мақсатты ұлттық стратегиясы…

Read More

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында халықаралық TALIS-2024 зерттеуінің қорытындылары жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары арқасында Қазақстан мұғалімдердің жалақыға қанағаттану деңгейі бойынша әлемдегі үздік бес елдің қатарына енді. 2018 жылы бұл көрсеткіш небәрі 39% болса, 2024 жылы 71%-ға жетті. Бүгінде еліміздегі педагогтердің 95%-ы өз жұмысына көңілі толатынын мәлімдеп, кәсіби қанағаттанудың жоғары деңгейін көрсетіп отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. «Мұғалім мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы саладағы түйткілді мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Мұғалімдердің апталық жүктемесі 50 сағаттан 36 сағатқа дейін қысқартылып, демалыс уақыты 56 күнге ұзартылды. Соңғы жылдары мектеп мұғалімдерінің жалақысы екі есе, балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысы 30%-ға артты. Бұл шаралар педагогтердің әкімшілік жүктемесін…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті халық қолдауына арқа сүйеп, елін алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы, беделді саясаткер деп санайтынын жеткізді. – Сербия Сіз жүргізіп отырған салиқалы саясаттың арқасында зор жетістіктерге жетіп, өркендеп келеді. Халықаралық беделі де арта түсті. Алдағы уақытта еліңіз Сіздің парасатты басшылығыңызбен жаңа белестерді бағындыра береді деп сенемін. Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктесі. Екі елдің қарым-қатынасы өзара қолдауға, түсіністік пен мызғымас достыққа негізделген. Барлық деңгейде белсенді саяси диалог дамып келе жатыр. Сауда-экономика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық нығайып келеді. Көпжақты құрылымдар аясындағы байланысымыз күшейе түсті. Қазіргідей алмағайып кезеңде өзара әріптестікті жандандыру өте маңызды. Сондықтан біз осы…

Read More

2026 жылғы 26 – 27 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичтің Қазақстан Республикасына ресми сапары өтті. Қазақстан Республикасының Президенті және Сербия Республикасының Президенті төмендегілер туралы мәлімдейді: 1. Берік достық пен өзара құрметке негізделген дипломатиялық қатынастар орнатудың 30 жылдығын мерекелеу жылында Президенттер екі ел мен олардың халқының игілігі жолында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және әртараптандыруға берік ұстанымдарын растады. 2. Президенттер екіжақты күн тәртібінің кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ негізгі жаһандық және өңірлік процестерді қамтыған мағыналы келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстарды қолдаудың маңыздылығы атап көрсетілді және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша сындарлы диалогты…

Read More

Мемлекет басшысы шақыруын қабыл алып, Астанаға ресми сапармен келгені үшін Президент Александр Вучичке және делегация мүшелеріне шынайы ризашылығын білдірді. – Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі маңызды әрі сенімді серіктесі. Берік достық, өзара қолдау және ортақ мүдде елдеріміздің ынтымақтастығына арқау болып отыр. Мен екі жыл бұрын Белградқа жасаған сапарымды ыстық ықыласпен еске аламын. Сол кездегі келісімдердің табысты жүзеге асырылып жатқанын ерекше ризашылықпен атап өткім келеді. Биыл екі мемлекеттің дипломатиялық қатынас орнатқанына 30 жыл толады. Президент Александр Вучичтің сапары осы мерейлі межеге тұспа-тұс келіп отыр. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Сербия арасында барлық деңгейде өзара сенімді арқау еткен саяси диалог орнады. Нақты…

Read More

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық кадрларды даярлау және бекіту жүйесін қайта қарауда. Мамандардың тапшылығын төмендету және олардың біліктілігін арттыру үшін ақылы бөлімге түсушілер үшін ҰБТ шегін 80-90 балға дейін көтерді және үшінші курстан кейін білімін міндетті тексеруді енгізді, оның қорытындысы бойынша үлгермеген студенттер оқудан шығарылады. Теория мен практиканың арасындағы алшақтықты азайту үшін оқу жоспарларына бір уақытта 300 сағаттық бейіндік пәндер қосылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Кадрларды даярлау енді ЖОО, студент және аурухана арасындағы үшжақты шарттар жүйесі арқылы олардың болашақ жұмысқа орналасуымен тікелей байланысты – мұндай міндеттемелерді резиденттердің 70%-ы ресімдеген. Жас мамандардың практикалық желіге жедел шығуы үшін терапия, педиатрия және хирургияны…

Read More

2026 жылы Қазақстанда автомобиль жолдарының 11 мың шақырымнан астамы жол жұмыстарының барлық түрлерімен қамтылмақ. Жол-құрылыс маусымы аясында республикалық маңызы бар жолдардың 8,9 мың шақырымы және жергілікті жол желісінің 2,3 мың шақырымы құрылыс, реконструкция және жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Соның ішінде 3,5 мың шақырым жолдағы жаңа құрылыс және қайта жаңарту нысандарын аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу бағдарламасы аясында биыл шамамен 2 мың шақырым жолды аяқтау көзделген. Шығыс Қазақстан облысында Осинов асуындағы жұмыстарды аяқтау, Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл – Қорған автожолын қайта жаңарту жолын пайдалануға беру жоспарланып отыр. 2026 жылдың қорытындысы бойынша республикалық…

Read More

2026 жылғы 27 наурыз және 5 сәуір аралығында еліміздегі ең ірі мультилокациялық хакатон — Decentrathon 5.0 — бір мезгілде 20 қалада өтеді. Аталған шара барлық өңірдегі технологиялық қоғамдастықты біріктіреді, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі. Хакатон 2026 жылғы 27 наурызда Шымкентте өтетін Digital Qazaqstan бірінші ұлттық технологиялық форумы шеңберінде ұйымдастырылған және сол жерде Decentrathon жобасының ашылуы өтеді. Осы маусымда Decentrathon 5.0 Шымкент, Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Өскемен, Қонаев, Талдықорған, Тараз, Түркістан және Орал қалаларын қамтиды. 3000-нан астам әзірлеуші мен 1500 команда қатысады деп күтіліп отыр, олар AI және Blockchain сынды екі…

Read More

Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы саласын кезең-кезеңімен цифрландыруды жалғастыруда. Өткен жылы балық және балық өнімдерінің қадағалануын қамтамасыз ететін «E-Fish» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Жүйе балық пен балық өнімдерінің заңды шығу тегін растайтын құжаттарды беруге қатысатын мемлекеттік органдардың ақпараттық қорларын өзара байланыстырады. Негізгі мақсаты – заңсыз өнім айналымының алдын алу, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Бүгінгі күні «E-Fish» жүйесінде балық шаруашылығы және аквамәдениет саласындағы 1196 субъект тіркелген. Бұл олардың жалпы санының 95%-дан астамын құрайды. Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесін «E-Fish» жүйесімен ықпалдастыру нәтижесінде белгіленген аулау квоталары мен балық өсіру көлемдері асқан жағдайда ветеринариялық құжаттарды рәсімдеуге тосқауыл қойылды. Жүйені енгізудің арқасында балық өнімдерінің көлеңкелі…

Read More

Еліміздегі туризм саласындағы кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. Мысалы, инвестициялық келісімшарт немесе инвестициялық келісім шеңберінде инвестициялық преференциялар беріледі. Соның ішінде мүлік салығы, жер салығы, корпоративтік табыс салығынан босату сынды жеңілдіктер бар. ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осы қолдау шаралары жайлы толық ақпарат берді. «2025 жылы мақұлданған қолдау шараларының көлемі 2,7 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 10%-ға артық. Туробъектілерді салу кезінде шығындардың 10% өтеу көзделген. Өткен жылы 15 млрд теңге инвестиция салынса, 1,5 млрд теңгенің шығындарын өтеу бойынша қолдау шаралары мақұлданған. Жол бойындағы…

Read More