Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Аудит аямайды: биыл 700 адам жауапкершілікке тартылды
Жаңалықтар

Аудит аямайды: биыл 700 адам жауапкершілікке тартылды

21.04.2026572 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекет қаржысын әкесінен қалған мұрадай көріп, оңды-солды жұмсайтындардың басына күн туа бастады. Бұл бағытта Әлихан Смайлов бастаған Жоғарғы аудиторлық палата айрықша белсенділік танытып, бюджет қаражатына бақылауды күшейтті.

Мысалы, 2025 жылғы мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны айтарлықтай өскен. Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, тек былтырдың өзінде жеті жүзге жуық адам жауапқа тартылған.

Салыстыру үшін қарасақ, 2023 жылы аудит органдары 20 рет тексеру жүргізіп, ол 19,5 трлн теңгені қамтыған. Нәтижесінде 522 млрд теңге көлемінде заңбұзушылық анықталып, оның 69,8 млрд теңгесі қаржы игеруге қатысты екені дәлелденіпті. Қазірге дейін бұл соманың 28,9 млрд теңгесі бюджетке қайтарылған.

Ал 2025 жылы тексеруге қатысты көрсеткіштер күрт артқан. Аудит саны отыз екіге жетіп, қамтылған қаржы көлемі 74 трлн теңгеге дейін өскен. Нәтижесінде, анықталған заңбұзушылықтар сомасы 2,9 трлн теңгені құрап, соның 672 млрд теңгесі қаржылық сипатта болғаны жария болды. Ал былтырдан бері мемлекетке қайтарылған қаражат көлемі 368 млрд теңгеге жетті.

Жоғарғы аудиторлық палатаның тексеруі болған бір жылдың ішінде 404 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, ал 293 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, 44 іс бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданыпты.

Жалпы, соңғы бес жылда жүргізілген аудит нәтижесінде бюджетке шамамен 1 трлн теңге қайтарылған. Осы кезеңде 152 құқықбұзушылық фактісі бойынша материалдар тиісті органдарға берілген көрінеді.

Қысқасы, қаржы сарапшылары Жоғарғы аудиторлық палатаның жұмысын жоғары бағалап отыр. Болжам бойынша алдағы кезеңде бюджет қаражатын бақылау одан әрі күшейе түспек.

Айтпақшы, біз бұғанға дейін Жоғарғы аудиторлық палата тарапынан Ұлттық қордан бөлінген трансферттерді игеруге қатысты тексеру болғанын және оның нәтижесінде орасан олқылықтар анықталғанын да жазғанбыз.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026719 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 375 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026417 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.