Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тек жүзеге асыруға келетін жобаларға ғана беріледі
Жаңалықтар

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тек жүзеге асыруға келетін жобаларға ғана беріледі

21.04.2026250 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының конкурстық комиссиясы мемлекеттік орган өкілдері, салалық сарапшылар, ғылыми және кәсіби қауымдастық мүшелерінен құрылған. Әрбір өтінім формальды түрде емес, нақты тәжірибе, кәсіби сараптама және салалық процестерді түсінуге негізделіп қаралады. 2025 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссия мүшесі, Назарбаев Университетінің Мансап және кәсіби бағдар орталығының директоры Ғайни Есембекова ОКҚ алаңында осылай деді.

«Біздің негізгі міндетіміз жүзеге асуға әлеуеті бар және нақты нәтиже бере алатын жобаларды әділ, ашық әрі кәсіби түрде іріктеу. Осы жерде маңызды нәрсе — біз тек идеяларды ғана емес, ойлау деңгейін бағалаймыз. Біз үшін жай ғана бастама емес, жүйелі ойлау, құрылымдарға көзқарас және жобаны іске асыруға дайындық маңызды. Дәл осындай жобалар ғана қолдауға ие болады. Өтінімдер нақты критерийлер негізінде алқалы түрде бағаланады. Біз ең алдымен мәселені қаншалықты терең түсінгені, оның өзектілігін дәлелдеуін, ұсынылған шешімнің логикасын және оны жүзеге асру шынайылығына назар аударамыз»,-деді спикер.

Оның айтуынша, өтінімдердің негізгі әлсіз тұсы – бұл идея мен оны іске асырудың алшақтығы. Яғни пайдалы нәрсе жасағысы келетін ниет бар, бірақ оны қалай жүзеге асыру және қандай нәтижелерге жеткізу қажеттілігі нақты көрсетілмеген.

Ғ.Есембекова өтінім берушілерге жоба жетекшісі ретінде ойлап, оның қаншалықты өнімді болатынын ескеру қажеттілігін қадап айтты.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026539 Views

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026237 Views

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026629 Views
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026

48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді

30.06.2026

Соңғы жарты жылда қоғамдық тамақтану орындарында 600-ден астам тексеру жүргізілді

30.06.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі

30.06.2026

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

30.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.