Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»СЫР ӨҢІРІНДЕ ЕГІН АЛҚАБЫНА АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ
Аймақ жаңалықтары

СЫР ӨҢІРІНДЕ ЕГІН АЛҚАБЫНА АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

22.04.20261 314 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданы Нағи Ілиясов атындағы ауылға жұмыс сапарымен барып, егін алқабына алғашқы дән себу рәсіміне қатысты.
Аймақ басшысы Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев және ардагерлермен бірге алғашқы дәнді сеуіп, қамбаның астыққа толуына, мол өнім жиналып, шаруалар еңбегінің ақталуына тілектестігін білдірді.
Әрі қарай ауыл шаруашылығы техникалары, тыңайтқыштар,өсімдік қорғау құралдары және озық техникалар көрмесімен танысты.
Биыл вегетация кезеңінде облыстың егіс алқаптарын суаруға 3,2 млрд текше метр су лимиті бөлінді. Жалпы 185,8 мың гектарға дақылдар егужоспарланған. Оның ішінде дәнді дақылдар 89,7 мың гектар, майлы дақылдар 6,1 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,2 мың гектар, ал картоп, көкөніс және бақша дақылдары 16,8 мың гектар.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес,суды көп қажет ететін дақылдар көлемін оңтайландыру көзделген. Осыған байланысты биыл күріш көлемін 70 мың гектарға дейін қысқарту жоспарлануда. Оның орнына суды аз қажет ететін, өнімділігі жоғары жүгері алқаптарын ұлғайту қарастырылған.
Бүгінде ерте егілетін дақылдар себіліп бітуге жақын, қажетті тұқым, тыңайтқыш, техника және жанар-жағармай жеткілікті, 3975 техника көктемгі науқанға жұмылдырылды.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 21,7 мың тонна арзандатылған дизель отынына өтінім берді. Оның 10,1 мың тоннасы көктемгі дала жұмыстарына, 11,6 мың тоннасы күзгі егін жинауға пайдаланылады.
Егін шаруашылығын әртараптандырып, су үнемдеу технологиясын кеңінен енгізген шаруашылықтарды қолдау үшін алдағы үш жылға 34 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінсе, 10 млрд. теңгеге жуығы биылға қарастырылған.
Соңғы жылдары су үнемдеу технологияларын қолдану 4 есе артып, 16,7 мың гектарға дейін жеткізіледі, аймақта бірқатар ірі инвестициялық жоба бар.
Атап айтқанда, «Харвест Агро» серіктестігі Жалағаш ауданында жүгері, соя, техникалық қарасора егіп, 21 мың гектар жерге агрокластер құруда. «Центр семеноводства» серіктестігі Шиелі ауданында 10,0 мың гектарға жүгеріні жаңбырлатып суару әдісімен егу, «Таң ЛТД» серіктестігі 3,0 мың гектарға жүгеріні тамшылатып суару әдісімен егу жобаларын қолға алған.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026917 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.