Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ
Аймақ жаңалықтары

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026853 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың қатысуымен Жөлек ауылдық округіндегі «Шолпан ана» шаруа қожалығының егіс алқабында алғашқы дән себіліп, «ДАЛА КҮНІ – 2026» атты көктемгі дала жұмыстарының басталуына арналған салтанатты шара өтті.
Шараға мәслихат депутаттары, аудан ардагерлері, зиялы қауым өкілдері және шаруа қожалықтардың жетекшілері қатысты.
Ашық аспан астында өткен шарада сөз сөйлеген аудан әкімі:
— “ Берекелі «Дала күні» аясында көктемгі егіс науқанына сәтті қадам басып отырмыз. Тіршіліктің тамыры – жер десек, сол жерге дән сеуіп, ел ырысын еселеп жүрген диқан қауымының еңбегі әрдайым құрметке лайық.
42 Еңбек Ерінің отаны атанған киелі Шиелі өңірінде дихандар ауыл шаруашылығы саласын әртараптандырып, өнім көлемін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, Үкіметтің және облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қолдауының арқасында ауданның аграрлық саласы қарқынды дамып, заманауи технологиялар кеңінен енгізілуде, — деді аудан басшысы.
Аудан бойынша бүгінде 1497 шаруа қожалығы тіркелсе, оның 217-сі егін шаруашылығымен айналысады. Ауданымыз бойынша биылғы жылы 31 213 гектарға егін дақылдарын егу межеленіп отыр. Оның ішінде басты дақылымыз Сыр салысы — күріш дақылы 10 600 гектарға, бидай 1623 гектарға, тары 200 гектарға, жүгері 2000 гектарға, мақсары 1000 гектарға, күнбағыс 10 гектарға, соя 70 гектарға, мал азығы дақылдары 10 680 гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 5030 гектарға егу көзделуде.
Ал, егіс алқаптарына қажетті 15 300 тонна минералдық тыңайтқыш пен 13 547 литр гербицид толық қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, соңғы жылдары ауыл шаруашылығы техникалары айтарлықтай жаңарып, шаруашылықтар заманауи комбайндар мен тракторлар сатып алуда. Нәтижесінде, соңғы 4 жылда техника паркі 68,5 пайызға жаңарған. Биылғы науқанға 703 дана ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған.
Су ресурстарын тиімді пайдалану бағытында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, «Таң LTD» ЖШС-і 1000 гектар жерге жүгері дақылын тамшылатып суару әдісімен ексе, «Центр Семеноводства» ЖШС-і тағы 1000 гектар жерге осы жүгері дақылын жаңбырлатып суару тәсілімен егуде. Сондай-ақ, ауданымызда 3100 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен бау-бақша дақылдары да егілуде.
Су үнемдеу шаралары тек жаңа технологиямен шектелмей, агротехникалық тәсілдермен де толықтырылуда. Биыл 10 мың гектар жер лазерлік тегістеуден өткізіліп, бұл жұмыстарға 45 заманауи техника тартылған.
Су жеткізу бағытында «Шиелісушар» өндірістік учаскесі тарапынан каналдарды тазалау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Базар арығы» каналына темір-бетонды науалар орнатылуда.
Шара соңында алқапқа алғашқы дән себіліп, көктемгі егіс науқаны ауданымызда ресми түрде бастау алды. Бұл – берекелі тірліктің бастауы, диқан қауымының маңдай тері мен қажырлы еңбегінің алғашқы қадамы. Ақ дән жерге сіңіп, мол өнімге ұласып, ел ырысын арттырып, қамбамызды астыққа толтырсын деген ақжарма тілектер айтылды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026630 Views

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026251 Views

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026597 Views
Соңғы жаңалықтар

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026

Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеген

24.04.2026

Жұмыс берушілер тәуекелдерді жоюға міндеттеледі

24.04.2026

«ТАЗА ӨЛКЕ – ЖАЛАҒАШ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.