Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат
Жаңалықтар

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026251 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Фото: AI көмегімен жасалған.

Еліміздің көлік-логистика саласы экономиканың негізгі драйверіне біртіндеп айналып келеді деуге болады. Бұл туралы деректер Астанада өткен Теміржол ынтымақтастығы ұйымының 70 жылдығына арналған конференцияда айтылды.

Жалпы,Теміржол ынтымақтастығы ұйымы деген одақтастық туралы біздің білетініміз аз екен. Отыздан астам мемлекеттің мүдделерін тоғыстыратын ұйым мүше елдердің экономикалық дамуына орасан үлес қосып отыр. Аталған ұйым аясындағы теміржол желілерінің жалпы ұзындығы 320 мың шақырымнан асады. Ал жыл сайын бұл жүйе арқылы шамамен 5,5 млрд жолаушы және 5 млрд тонна жүк тасымалданады.

Қазақстан да осы жүйе аясында теміржол инфрақұрылымын кеңейту арқылы Еуразиядағы басты транзиттік хабқа айналуды көздейді. Жаңа жобалар елдің логистикалық рөлін күшейтіп қана қоймай, экономикалық өсімнің жаңа мүмкіндіктерін ашпақ.

— Қазақстан – жаһандық мұхитқа тікелей шығар жолы жоқ әлемдегі ең ірі мемлекет. Бірақ, біз осы географиялық ерекшелікті стратегиялық артықшылығымызға айналдыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Соңғы 15 жылда біз көлік саласына шамамен 35 млрд доллар қаражат салдық. 2,5 мың шақырымнан астам жаңа магистральдық жолдар салынды. Бүгінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағыты бойынша барлық құрлықтағы транзиттік тасымалдардың 85 пайызға жуығы Қазақстан арқылы өтеді. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алдағы 4 жылда тағы 5 мың шақырым жаңа теміржол салуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз 2035 жылға қарай транзит көлемін жылына 100 млн тоннаға дейін жеткізу, — деді жиында сөз алған Премьер-министр Олжас Бектенов.

Соның айғағы ретінде еліміз алдағы 4 жылда 5 мың шақырым жаңа теміржол желісін салуды көздеп отыр. Бұл бастама транзиттік әлеуетті арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді саясаттың жалғасы.

Айтпақшы, біз бұған дейін «Қазақстан транзиттік державаға қашан айналады?» деген тақырыпта салаға қатысты мәселелерді көтергенбіз. Ал мәлім болған деректер қазір елімізде соның алғышарты жасалып жатқанын білдіреді.

Жалпы, соңғы 15 жылда көлік саласына 35 млрд доллар инвестиция құйылған. Оның ішінде 2,5 мың км жаңа магистраль жол салынды. Қазір транзиттік бағытта теміржол ғана емес, көлік жолы да сұранысқа ие. Мысалы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі арқылы құрлықтағы транзиттің 85 пайызы Қазақстан арқылы өтеді. 2035 жылға қарай транзит көлемін 100 млн тоннаға жеткізу жоспарланған екен.

Осы жерде Қазақстанның көлік тасымалы саясатының негізгі басымдықтарының бірі Транскаспий халықаралық көлік бағыты екенін айтуымыз керек. Әлем назарын Middle Corridor атауымен өзіне аударған бұл бағыт Қытай мен Еуропаны Каспий теңізі арқылы байланыстыратын стратегиялық маршрут ретінде маңызын арттырып келеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026853 Views

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026630 Views

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026597 Views
Соңғы жаңалықтар

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026

Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеген

24.04.2026

Жұмыс берушілер тәуекелдерді жоюға міндеттеледі

24.04.2026

«ТАЗА ӨЛКЕ – ЖАЛАҒАШ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.