«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында буллингтің алдын алуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Ғимараттарда бастауыш және жоғары сынып оқушыларын бөлек аймақтарда орналастыру қарастырылған, бұл білім алушылардың жайлы әрі қауіпсіз жағдайда болуын қамтамасыз етеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке санитарлық бөлмелері бар кең кабинеттер бөлінген. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді. Мектептерде лифтілер, пандустар, арнайы бағыттаушы белгілер, психолог, логопед және дефектолог кабинеттері орнатылған. Жаңа форматтағы мектептердің ерекшелігі – әр блокта оқушылар мен мұғалімдерге арналған демалыс аймақтарының болуы. Демалыс бөлмелері жұмсақ жиһазбен, кітаптармен, музыкалық аспаптармен және үстел ойындарымен жабдықталған. «Мектептер…
Автор: un_admin
Қазіргі таңда Қазақстанда жолаушылар пойыздарына жоғары жылдамдықты интернетті енгізу жұмыстары жалғасуда. Бұл жоба спутниктік технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылып жатыр. Бастама еліміздегі «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» мен «Digital Наурыз» іс-шараларының аясында қолға алынды, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі. Бұл қызмет алғаш рет 2025 жылдың қаңтарында Астана – Алматы бағытында пилоттық жоба ретінде іске қосылып, жолаушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие болды. Кейіннен сервистің ауқымы кеңейтіліп, Астана – Өскемен бағыты да қамтылды. Қазіргі уақытта спутниктік интернет аталған екі негізгі бағытта қатынайтын Talgo поездарында қолжетімді. Технологиялық тұрғыдан бұл жүйе «Jusan Mobile» операторының қатысуымен және «OneWeb» төмен орбиталы спутниктік жүйелерінің…
Премьер-министр Олжас Бектенов конституциялық реформа аясында және Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында қойған міндеттеріне сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz. Кеңесті ашқан Премьер-министр жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституцияда мемлекеттің негізгі қағидаты ретінде адамға бағдарланған саясаттың бекітілгенін атап өтті. Бұл қабылданатын барлық шешім ең алдымен азаматтар үшін нақты нәтижеге бағытталуға тиіс екенін білдіреді. Мемлекет басшысы айқындаған басым міндеттердің бірі – әлеуметтік саланы, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту. Сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру қажет. «Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында ұлт денсаулығына бөлінетін қаражаттың жымқырылуын басты…
Бүгін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері, барлық ауданнан келген делегаттардың қатысуымен еліміздегі алғашқы «Құзыреттілік орталығы» ашылды. Аймақ басшысы өңірдегі серпінді жобаларға тоқталып, жаңа орталық ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді. «Наурызнама бойынша бүгін – Жаңару күні. Айтулы мерекеде Мемлекет басшымыздың тапсырмасымен салынған техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға арналған сәулетті, жаңа заманауи «Құзыреттілік орталығын» ел игілігіне табыстаудамыз. Қаламызға көрік беретін жаңа, әсем ғимаратымыз құтты болсын! Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қоғамның түрлі саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Бұл – экономиканы дамыту және…
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ел ағаларының қатысуымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Қызылорда – Ақтөбе бағытын төрт жолақты етіп кеңейту жобасының бірінші кезеңінің басталу рәсімі өтті. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты республикалық маңызы бар автомобиль жолы құрылысының басталуымен құттықтап, жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда атқарылған жұмыстарға тоқталды. «Биыл – еліміз, өңіріміз үшін тарихи маңызды жыл. Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы қаламызда өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды бесінші отырысында «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр» деп, Cыр өңірінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындарымыздың әл-ауқатын…
Жаңақорған ауданында жаңадан шаңырақ құрған жас жұбайлар Абуали Әзімханұлы мен Алтынай Мақсатқызы республикалық референдумда №340 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Олар осылайша ел ертеңінің негізі қаланып жатқан сындарлы сәтте азаматтық белсенділіктерін байқатты.Жас отбасы дауыс беру учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті. Жас жұбайлар жаңа өмір бастаған отбасылары үшін де, елдің келешегі үшін де бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызы зор екенін атап өтті. Сондықтан олар халықпен бірге өз таңдауларын жасап, ел дамуына үлес қосуды парыз санайтындарын жеткізді.
Арал ауданында дауыс беруге келген тұрғындар арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қол күресі, арқан тарту, гир көтеру және асық ату жарыстары өтті. Әр жастағы тұрғындар белсенді қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс барысында қатысушылар күш-жігері мен ептілігін көрсетіп, ұлттық спорт түрлерінің маңызын дәріптеді. Сайыс тартысты өтіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Сазды ауылының жастары дауыс беруге ерекше форматта – мотоциклдермен келді. Мотошеруге қатысушылар ауыл көшелерімен жүріп өтіп, бір мезетте сайлау учаскесіне жетті. Шеруге қатысқан жастар ұлттық киім киіп, қазақтың салт-дәстүрін дәріптей отырып, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Бүгін достарымызбен бірге, мотоциклмен дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасадық. Бұл бастама ауыл тұрғындарының бірлігі мен белсенділігін көрсететіні анық. Әрбір дауыс – мемлекет болашағы үшін маңызды деп ойлаймын, менде өз болашағым үшін таңдау жасадым» – деді Алматов Асылжан.
Теміржол саласының қызметкерлері референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Ел болашағына бейжай қарамайтын теміржолшылар азаматтық ұстанымдарын білдіріп, дауыс берді.
Оның айтуынша, бұл маңызды саяси науқан елдің дамуына әсер ететін маңызды шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол тұрғындардың белсенділігі жоғары екенін атап өтті. — Бүгін еліміз үшін маңызды, тарихи сәт. Бұл – азаматтардың өз құқықтарын пайдаланып, ел өміріндегі маңызды мәселелерге қатысты пікір білдіретін жауапты кезең. Осындай сәтте әрбір азамат заңмен берілген құқығын пайдаланып, өз таңдауын жасайды. Мен де елімнің болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Бұл референдум мен үшін тек дауыс беру ғана емес, еліміздің даму жолына өз үлесімді қосу мүмкіндігі болды. Баршаңызға амандық, ел тыныштығын тілеймін.
