Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты
Жаңалықтар

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026630 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Фото © Tengrinews.kz

Астанада блогерлердің соты жалғасты. Өзінің соңғы сөзінде айыпталушы Эльмира Төлегенова болған жағдай үшін жауапкершілікті түсінетінін және өкінетінін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

«Біз болған жағдай үшін толық жауапкершілікті түсінеміз. Өзіміз үшін үлкен қорытынды жасадық, бұл біз үшін өмірлік сабақ болды. Заңды бұзғанымызға шын жүректен өкінеміз. Мен және жұбайым үшін бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауларыңызды сұраймын», — деді Төлегенова.

Сондай-ақ айыпталушы сот кеңесу бөлмесіне кетпей тұрып процессуалдық келісім жасау туралы өтініш білдірді.

«Өз құқығымды пайдалана отырып, сіз кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін процессуалдық келісім жасау туралы өтініш білдіргім келеді. Бұл келісімнің барлық шарттары бізге түсіндірілді», — деді ол.

Судья бұл өтініш сот тергеуі аяқталғанға дейін берілуі тиіс екенін айтты. Алайда қорғаушы тарап мұндай өтініштерді сот процесінің кез келген кезеңінде беруге болатынын айтты. Нәтижесінде төрағалық етуші прокурорға келіп түскен өтінішті қарау үшін бір сағат уақыт берді.

Процессуалдық келісім — қарапайым тілмен айтқанда, әділет органдарымен мәміле. Айыпталушы өз кінәсін ресми түрде мойындап, айыптаумен келіседі, ал прокурор өз кезегінде жеңілірек жаза ұсынады. Мұндай келісім соттың гумандық танытуына мүмкіндік береді, мысалы, түрмеге қамаудың орнына бостандығын шектеу немесе айыппұл тағайындауға болады.

Танымал блогерлерге ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы («Заңсыз кәсіпкерлік») және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)») бойынша айып тағылған.

Бұған дейін сот жарыссөздері барысында мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев екі айыпталушыны да барлық тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танып, мүлкін тәркілей отырып, ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сонымен қатар, Эльмира Төлегеноваға кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты үкімнің орындалуын бір жылға кейінге қалдыру ұсынылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026853 Views

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026251 Views

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026597 Views
Соңғы жаңалықтар

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026

Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеген

24.04.2026

Жұмыс берушілер тәуекелдерді жоюға міндеттеледі

24.04.2026

«ТАЗА ӨЛКЕ – ЖАЛАҒАШ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.