Автор: un_admin

Бүгін Арал қаласында облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның көшпелі отырысы ұйымдастырылды. Мәжіліске облыстық және аудандық комиссия мүшелері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, кәсіпкерлер мен кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты. Жиынды комиссия төрағасының орынбасары, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мақсұт Нәлібаев жүргізді. Аудан әкімінің орынбасары Ш. Есжанов жиындағы кіріспе сөзде өңірдегі әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарының даму барысына тоқталды. Одан кейін облыстық қоғамдық даму басқармасының мониторинг және талдау бөлімінің басшысы С. Сахиев облыс аумағындағы әлеуметтік шиеленіс картасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Келесі кезекте Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы…

Read More

Қызылорда қалалық ипподромында бәйгеден Қазақстан чемпионатының І іріктеу кезеңі өтті. Жүйріктердің басты додасына еліміздің барлық аймағынан 150-ге жуық шабандоз қолтума құнан бәйге, құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге, қолтума аламан бәйге бойынша бақ сынасты. Оған облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, ҚР Бәйге федерациясының вице-президенті Мұрат Өсербаев, ҚР Грек-рим еркін және әйелдер күресі федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Сәрсенов, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев арнайы қатысты. Ардақ Зебешев ұлттық спортты дамытуда ат бәйгесінің ерекше маңыздылығына тоқталып, шабандоздарға сәттілік тіледі. «Қазақ ұғымында жылқы қашан…

Read More

Фермерлердің су үнемдейтін жабдыққа қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы, Астана және Алматы қалаларында жаңбырлатып суару машиналары мен тамшылатып суару жабдықтарын өндіретін бес отандық зауыт жұмыс істейді. 2026–2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру шеңберінде суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуге арналған инвестициялық шығындарды субсидиялау көлемі 214 млрд теңге көлемінде жеке бағыт ретінде қарастырылған, бұл алдыңғы үшжылдықтағы көлемнен 4 есе артық. ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім еткендей, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялауға 13,5 млрд теңге қарастырылған. «Сонымен қатар жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімшілері инвестициялық субсидияларды қаржыландыру үшін бюджеттік бағдарламалардың жеке…

Read More

Су үнемдеу жөніндегі жол картасы шеңберінде әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, орта және жоғары оқу орындарында су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарланған. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2025 жылдан бастап әуежайларда, қоғамдық көліктерде және әкімшілік ғимараттарда ақпараттық материалдарды орналастыру арқылы су ресурстарын ұтымды пайдалану мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жастармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жайында ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев ОКҚ алаңында айтты. Осы мақсатта «Суды үнемде – болашақты сақта» атты ауқымды жоба аясында Министрлік тарапынан 2025 жылдан бастап жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. «Су үнемдеу тиімділігінің символына айналған «Тамшы» анимациялық…

Read More

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында бұлақтарды, жағалау аумақтарын тазартуға және суға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өткізілуде. 2026 жылдың наурыз айында акция бірінші кезеңде Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарын, Жетісу облысын және Шымкент қаласын қамтыды. Бұл туралы ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. « 9000 астам адамның қатысуымен 30 бұлақ тазартылды, бұлақтардың табиғи көздерін ашу және қалпына келтіру, жақын маңдағы аумақтарды тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде қоқыс жинау мен көшет отырғызу шаралары жүзеге асырылды», – деді вице-министр. Спикердің айтуынша, бастама кең қоғамдық қолдауға ие болды, акцияға…

Read More

ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ведомство жүзеге асырып жатқан негізгі цифрлық жобалар туралы айтты. «Е-Заңнама» бірыңғай нормашығармашылық жүйесі заң шығару процесінің барлық кезеңін – бастамадан соңғы жариялауға дейін біріктіреді. Бұрын алты-жеті ақпараттық жүйе қолданылған болса, қазір барлығы бір жүйеде қолжетімді. Әділет министрлігі азаматтарға құқықтық кеңес беретін ЖИ-агентті іске қосты, ол «Әділет» сайтында қолжетімді. «Сіз сайтқа кіріп, кез келген сұрақ қойып, заңгерлік кеңес ала аласыз. ЖИ-агенті қазірдің өзінде 170 мыңнан астам өтінішті өңдеді. Біз азаматтарға тұрақты құқықтық көмек көрсетілгенін қалаймыз», – деді Бекболат Молдабеков. Вице-министрдің айтуынша, «Ашық НҚА» сайтында жарияланған заң жобаларын оқитындар өте аз. «Ашық НҚА»…

Read More

ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында азаматтарға құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған цифрлық жобалардың енгізілуі туралы айтты. Атап айтқанда, «Е-Заң көмегі» мобильді қосымшасы іске қосылды. Оның көмегімен пайдаланушылар адвокаттарды табады жасанды интеллект арқылы кеңес алып, сондай-ақ колл-орталыққа жүгінуге болады. Колл-орталықтың екінші желісі арқылы азаматтарға Әділет министрлігінің білікті мамандары тегін заң көмегін көрсетеді. Тағы бір маңызды бағыт – «Цифрлық нотариат» жобасы. Бұл сервис нотариусқа жеке бармай-ақ, бейнебайланыс арқылы сенімхаттарды қашықтан рәсімдеуге мүмкіндік береді. «Осы сервис арқылы біз 800 мыңнан астам сенімхат бердік. Азаматтардан шағымдар мен сот даулары тіркелген жоқ. Цифрлық нотариат – азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге…

Read More

Қазақстанда жыл басынан бері QazCopyright бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылды. Ол музыканы пайдалануды ашық түрде есепке алып, әртістер мен продюсерлерге шығармаларының әрбір орындалуы үшін сыйақы алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты. «Америка мен Еуропада барлық әртіс пен продюсерлер әндерінің орындалғаны үшін ақы алады. Бізде, өкінішке қарай, бәрі тек қағаз жүзінде ғана жүзеге асты. Соның салдарынан әртістер мен продюсерлер шамамен 30 млрд теңге табыстан айырылған. Сондықтан біз бірыңғай ақпараттық жүйе құрдық. Мұнда ТВ мен радио бойынша барлық келісімшарт көрсетіледі. Ән қанша рет қойылса да, бәрі мобильді қосымшада көрінеді. Әр әртіс оны бақылап…

Read More

Негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында жүзеге асырылады. Осы кезеңде талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижесімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі беріледі. 11-16 сәуір аралығында өтінішті бір рет, ал 17-25 сәуір аралығында қалауы бойынша екінші рет бере алады. Тестілеудің өзі 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO.kz қосымшасы жүргізіледі. Талапкерлерге тестілеу күнін, уақытын және пунктін таңдау мүмкіндігі берілген. Бұл ретте олар екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір комбинациясын таңдайалады. Негізгі ҰБТ-ға дайындық деңгейін арттыру үшін қаңтар және наурыз ҰБТ-ларын тапсырған талапкерлерге…

Read More

Қадірлі қауым! Құрметті ғалымдар! Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты болсын деймін. Осы белгілі мереке қарсаңында Ақордаға жиналып, бас қосу жақсы дәстүрге айналды. Бұл – еліміздің ғалымдар қауымына деген ерекше құрметі және айрықша ықыласының көрінісі. Себебі кез келген дамыған, яғни, озық мемлекеттің қазығы – ғылым, ал қазынасы – ғалым. Әр елдің ғылыми әлеуеті – оның абырой-беделі мен күш-қуатының өлшемі десек, қате болмайды. Ғылымға басымдық беретін, ғалымын қадірлейтін, басқаша айтсақ, «ғылым-білім бар жұрттар» ғана өркениеттің өріне шығады. Бұл – ақиқат. Түптеп келгенде, адамзаттың барлық жетістігі ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі екені сөзсіз. Қазір осы залда түрлі салада зор табысқа жеткен зерделі…

Read More