Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»AI-Sana бағдарламасы аясында Қазақстан студенттері 673 мыңнан астам сертификат алды
Жаңалықтар

AI-Sana бағдарламасы аясында Қазақстан студенттері 673 мыңнан астам сертификат алды

29.05.2026368 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан AI-Sana бағдарламасы Қазақстанның AI-экономиканың сын-қатерлеріне қайтарған негізгі жауаптарының біріне айналды. Оның мақсаты – жасанды интеллект технологияларын тек пайдаланып қана қоймай, экономиканың түрлі саласы үшін өз шешімдерін әзірлей алатын мамандардың жаңа буынын даярлау. Бағдарламаның бірінші кезеңінде студенттер негізгі AI-құзыреттіліктерді меңгеру және жетекші халықаралық білім беру платформаларына қол жеткізу аясында 673 мыңнан астам сертификат алды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова мәлімдеді.

Вице-министр атап өткендей, 2026 жылдың 15 сәуірінен бастап «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен AI-Sana бағдарламасының екінші кезеңі басталды. ЖИ дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Пол Ким әзірлеген бастама аясында 100 мың студент AI-кәсіпкерлік негіздерін үйреніп, өз жобаларын бастады. Бұдан әрі командалар құру, AI-шешімдерді дайын өнім деңгейіне дейін жеткізу, сондай-ақ оның аясын кеңейту үшін Astana Hub және QazInnovations-пен бірлесіп, оларды инкубациялау мен акселерациялау көзделген.

«Бағдарламаның екінші кезеңі – ЖИ-ді базалық меңгеруден технологияларды практикалық қолдануға және жеке жобаларды әзірлеуге өтудің негізгі қадамы. Оны іске асыруға Стэнфорд университеті мен Массачусетс технологиялық институтының өкілдерін, Кремний алқабының венчурлық қорларын және халықаралық бизнес-мектептерді қоса алғанда, жетекші халықаралық сарапшылар тартылды. 2-кезең материалдарын дайындау Пол Кимнің жетекшілігімен Zemex Inc. (АҚШ) компаниясының қатысуымен жүзеге асырылады. Бағдарламаға Stanford University, Carnegie Mellon University, UC Berkeley, Johns Hopkins SAIS, Georgetown University, Boston University және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда», – деп хабарлады спикер.

AI-Sana бағдарламасын іске асыруға 63 сарапшы, соның ішінде халықаралық мамандар, Стэнфорд және CMU профессорлары, сондай-ақ 29 инвестор мен венчурлық қор тартылды. Жобаның ерекшелігі – Стэнфорд университетінің әдістемесі мен SMILE (Stanford Mobile Inquiry Learning Environment) платформасын енгізу болды. Бұл платформа жобамен жұмыс істеудің барлық кезеңдерін – идеяны қалыптастырудан бастап, нәтижелерді AI-бағалауды қолдана отырып дайын шешімді таныстыруға дейін сүйемелдеу үшін пайдаланылады.

Бағдарлама қорытындысы бойынша қатысушылар машиналық оқыту модельдерін әзірлеу мен оқытуды, Python, Google Colab және Jupyter-мен жұмыс істеуді, үлкен тілдік модельдер мен API-ді қолдануды, сондай-ақ MVP-прототиптерді жасау, стартап-идеяларды валидациялау және технологиялық жобаларды іске қосу дағдыларын меңгереді.

AI-Sana-ның алғашқы нәтижелерінің бірі – студенттердің экономиканың түрлі саласы үшін 300-ден астам ЖИ-агенттер мен цифрлық шешімдерді әзірлеуі болды. 180-нан астам жоба білім беру саласында жүзеге асырылды. Бұдан бөлек, AI-әзірлемелер денсаулық сақтау, ғылым, ауыл шаруашылығы, қаржы, логистика, ақпараттық қауіпсіздік және энергетика салалары үшін де жасалуда. Бұл студенттердің AI-құзыреттіліктерді тек меңгеріп қана қоймай, оларды нақты салалық міндеттерді шешу үшін қолданып жатқанын көрсетеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр

08.06.2026341 Views

Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды

08.06.2026537 Views

ӘРІПТЕСТЕРІ АРДАҚ ЗЕБЕШЕВТІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

08.06.2026367 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр

08.06.2026

Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды

08.06.2026

ӘРІПТЕСТЕРІ АРДАҚ ЗЕБЕШЕВТІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

08.06.2026

ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІҢ ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ

05.06.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШЕКТЕУЛЕР ЖӘНЕ ЖАҢА ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

05.06.2026

5 маусымда Қазақстанда Эколог күні атап өтіледі

05.06.2026

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық челлендждер өтті

05.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.