Қарағанды облысында үш саланы – спорт, мәдениет және білім беруді біріктірген балаларға қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде 14 мыңға жуық бала ваучерлік қаржыландыру бағдарламасымен қамтылып, спортпен шұғылдануға мүмкіндік алды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірдегі спорт нысандарымен қамтамасыз ету 67,2%-ды құрады. «Қарағандыда заманауи спорт кластерін құрып жатырмыз. 72 га аумақта 4-санатты UEFA стадионы және балалар мен жасөспірімдер және кәсіби спортты дамыту үшін бірнеше нысан саламыз. Жобаны іске асырудағы алғашқы қадам Футбол академиясының құрылысы болды. Сондай-ақ облыс бойынша 8 спорт нысанын салып жатырмыз», – деді спикер. Әкім…
Автор: un_admin
«Біздің облыс ІТ-де үлкен базаға ие бола отырып, жетістіктерді көрсетеді. Пилоттық режимде жедел жәрдем камераларынан автожолдардағы ақауларды анықтайтын «Jolscan» жобасы іске қосылды. «Яндекс» — пен бірлесіп ақылды бағдаршамдар енгізілді, «Яндекс навигатор» сервисімен интеграция іске асырылды: жүргізуші жақын маңдағы бағдаршамның ағымдағы сигналы және оны ауыстырғанға дейін қалған уақыт туралы ақпарат алады. Сонымен қатар бейнекамералар мен жасанды интеллект технологияларын біріктіретін ақылды тұрақ жобасы іске қосылды – нақты уақыттағы жүйе қажетті жерде бос тұрақ орындарын көрсетеді», – деді Ермағанбет Бөлекпаев. Сондай-ақ әкім қарағандылықтардың сәтті жүзеге асқан өңірлік стартапы 200 мың АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарта алғанын айтты. «Команда кафелер мен мейрамханалар үшін қызмет көрсету сапасын…
Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң өсімі сақталды. Көлік саласында 123,4%, байланыста – 106,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 101,3%, ішкі саудада – 105,9%, ауыл шаруашылығында – 102,8%, инвестицияда – 103,1% өсім тіркелді. 10 айда мемлекеттік бюджетке облыстан 137,3% өсіммен 441,4 млрд теңге салық пен басқа да міндетті төлемдер түсті. Оның 71,7% – республикалық, 28,3% жергілікті бюджетке түсті. Облыс құрылғанда бюджет көлемі 251,3 млрд теңге болса, қазір 2 есеге өсіп отыр. Облыс бюджетінің көлемі биыл 500,9 млрд теңгені құрады. Бюджеттің 45,4%-ы немесе 227,3 млрд теңгесі әлеуметтік салаға бағытталған. Бұл туралы Абай облысының әкімі Берік Уәли ОКҚ алаңында…
Абай облысына инвестиция тартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді. Халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және шетелдік инвесторларды тарту мақсатында «Үлкен Алтай» халықаралық субөңірлік конференциясы аясында Қытай елінің инвесторларымен 1 млрд 500 млн АҚШ долларына 15 меморандумға қол қойылды. Бұл құжаттар логистика, туризм, өңдеу өнеркәсібі және басқа да перспективалы салаларды қамтиды. Олардың ішінде жалпы сомасы 39,5 млрд теңгені құрайтын қытайлық серіктестердің қатысуымен 3 жоба іске асырыла бастады. Бұл жайында Абай облысының әкімі Берік Уәли ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Сонымен қатар өңірден шыққан елге танымал тұлғалардың, кәсіпкерлер мен меценаттардың қатысуымен өткен «Туған жерге туыңды тік» атты инвестициялық форумда 336 млрд…
Абай облысында жасанды интеллект технологияларын дамытуға, оларды түрлі салаға енгізуге және цифрлық инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Семей қаласында «Ақылды қала» бағдарламасын дамыту Жол картасына сәйкес, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және қалалық процестерді автоматтандыру мақсатында барлығы 27 жоба жоспарланған, оның жетеуі іске асырылды, қалған 20 жоба іске асыру сатысында. Абай облысының әкімі Берік Уәли ОКҚ алаңындағы баспасөз мәслихатында осылай деді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесе отырып, жаңа технологияларды қолданатын бірқатар жоба әзірленуде. Аймақ басшысының айтуынша, аталған технологияларды тиімді енгізу үшін сапалы интернетпен қамту маңызды. Осы мақсатта жыл соңына дейін 10 ауыл интернет желісіне қосылады. «Атап…
Абай облысының басты назарында инфрақұрылымдық сипаттағы мәселелерді кезең-кезеңімен шешу мәселесі тұр. Ең маңызды проблемалардың бірі – халықты жылумен қамтамасыз ету. Жылыту маусымына дайындық барысында арнайы талдау жасалып, облыс аумағында жылу желілерінде анықталған ақауларды жою жұмыстары жүргізілді. Биыл бұл мақсатқа 11,8 млрд теңге бөлінді. Аталған қаражатқа Семей қаласын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 12 жылу көзін жаңғыртылып, 13,6 шақырым жылу желілерін ауыстыру жұмыстары атқарылды. Абай облысының әкімі Берік Уәли ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді. Оның хабарлауынша, Аягөз қаласында да жылу тапшылығы проблемасы болды. Екі айдың ішінде (тамыз-қыркүйек айларында) «Орталық» қазандығында әрқайсының қуаты 10 Гкал/сағат болатын үш қазандық орнатылды.…
Абай облысының әкімі Берік Уәли ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында өңірдегі тасжолдар мәселесін қозғады. Мәселен, биыл көптен күткен республикалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының 184 шақырымы аяқталды. Бұл бағыт өңірдің ішкі және сыртқы көлік байланысын жақсартып, облыстың көршілес Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарымен, сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен шекаралық сауда-экономикалық қатынастарын нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Талдықорған — Қалбатау — Өскемен» автожолының құрылысы аяқталуға жақын. Қазір негізгі бөлігіне асфальт төселіп, соңғы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. «Бұған қоса, «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co.LTD» компаниясымен Семей қаласын айналып өтетін автожол құрылысын жүзеге асыруға бағытталған келісімге қол қойылды. Жоба қазақ-қытай кәсіпорындарының бірлескен консорциумы негізінде 2028 жылға…
Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін, Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Конго Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында геология саласын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралды. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінің, сондай-ақ Ұлттық геологиялық қызметінің басшылары баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz. «Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында геологиялық барлау жұмыстарын күшейтуді маңызды міндет ретінде айқындады. Саланың дамуы еліміздің өнеркәсіптік негізін қалыптастыруға ықпал етеді. Осы орайда барланған жер қойнауының көлемін 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жеткізу үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл міндет келесі жылы орындалатын болады», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Бүгінде Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы құрылды. Онда 22 мемлекеттік қызмет…
2025 жылы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Mansap Kompasy платформасында пайдаланушылардың белгілі бір мамандыққа бейімділігін анықтауға мүмкіндік беретін кәсіби өзін-өзі айқындаудың цифрлық құралы енгізілді. Аталған мүмкіндікті пайдаланып, мамандықты саналы түрде таңдауға бағытталған тестілеуден 7–11-сыныптарда оқитын 28 мыңнан астам оқушы өтті, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Тест халықаралық деңгейде мойындалған жеке тұлғаның қызығушылығы мен бейімділігін бағалау әдістемелері негізінде әзірленген. Тестілеу қорытындысы бойынша жүйе мамандық таңдау жөнінде жеке ұсыныстар қалыптастырып, сәйкес мамандықтар мен дағдыларды игеру мүмкіндіктері туралы қосымша аналитикалық ақпарат ұсынады. Mansap Kompasy платформасында экономиканың 16 бағыты бойынша сұранысқа ие 730-дан астам мамандық туралы мәлімет қолжетімді. Әр мамандықтың сипаттамасында…