Автор: un_admin

Басынан сипап өсірген баламыз бұзақылық жасады десе сенбейміз. Бірақ жағаңды ұстап, таңдайыңды қақтырып, басыңды шайқататыны кәмелеттік жасқа толмаған ұлдар да, қыздар да бір-біріне әлімжеттік көрсетіп, жығылғанды жұдырықтап, жабылып бас-көз демей тепкілеп жатқанын қандай тәрбиеге жатқызуға болады. Оның арты қайғылы қазаға ұласуда. Тіпті етегін ерте түрген қыздарымыз мектеп қабырғасында жүріп жүкті болып қалуда. Осындайда өрімдей жастар «неге тас жүрек болып кетті?» деген сауал сананың шаңын қағады. Бала тәрбиесі неге бақылаудан шығып кетті? Бәріне тек мұғалім ғана жауапты ма? БІЛІМ БЕРІП ТАЛАЙҒА, ҰСТАЗ БОЛУ ОҢАЙ МА? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Сапалы білімге қолжетімділікті арттыру сөзсіз басым бағыт болып табылады. Бұл – бүкіл…

Read More

Күн райына байланысты биыл жылыту маусымы кейбір өңірлерде мезгілінен ерте басталды. Тұрғындар жылдағыдай газды еш қиындықсыз қосты. Үйдің жылуын емін-еркін бақылап отыр. Табиғи «көгілдір отын» тұтынушыға тиімді, жайлы болғанымен, кейде қарапайым қауіпсіздік шараларын ескермейтіндер табылады. Табиғи газ – метан. Иіссіз әрі түссіз. Қаупі де осыда. Сондықтан үйіне «көгілдір отын» кіргізген әр отбасы газ мамандарының кеңесін мұқият орындағаны абзал. Қалай дегенде де, әркім өзінің үйіне, отбасының амандығына өзі жауапты. ГАЗ ҚАУІПІ АЗ ҚАУІП ЕМЕС Елдің барлық аймағында тұтынушыға газ жеткізетін «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамының мамандары тұрғындар арасында тұрмыстық газды қауіпсіз пайдалану жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізеді. Одан бөлек күн сайын телефонымызға 112…

Read More

– Байрақты бәсекелерде көк Туымызды көкке көтеріп, Әнұранымыздың асқақ шырқалуы мына отырған сіздердің талмай жаттығып, мақсатқа жету жолындағы маңдай терлеріңізбен келеді. Мен аудан әкімі ретінде де, әкімдік тарапынан да әрдайым қолдау білдіремін. Біз сіздердің жеңісті жолдарыңызға жол ашамыз және сіздердің жеңіс жолдарын жаңғыртып, аудан абыройын асқақтата беретіндеріңізге сенемін. Еліміздің мерейін асырып, абыройын тасытатын өздеріңізге мұқалмас жігер мен қажымас рух тілеймін, – деді А.Насриддинұлы. Естеріңізге сала кетсек, 10-13 қараша күндері Ресей мемлекеті Қазан қаласында өткен жасөспірімдер арасында белбеу күресінен әлем біріншілігінде Наурызбай Сәдібеков 71 кг салмақта күміс жүлдегер атанса, 50 кг салмақта Бақдәулет Төлепов Әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын. Сондай-ақ…

Read More

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Болат Ысмағұлов, ҚР-ның Құрметті спорт қайраткері Садық Ермағанбетов пен ауданның төл басылымы атанған газеттің бас редакторы Нұрболат Пірімбет сөз алып, жарысты ашып берді. – Биыл аудан журналистикасы үшін ерекше мерекелі жыл деп айтуға болады. Өйткені «Өскен өңір» газеті – Шиелінің тұнып тұрған шежіресі. Газет өзінің 85 жылдан астам ғұмырында осы мекенде атқарылған игі істер мен ізгі тілектердің, қызығы көп, қиындығы мол кезеңдердің куәгері. Бүгінгі турнир де осы газеттің мерейтойына орай ұйымдастырылды. Сол себептен аталған жарысқа келіп, қатысқан барлық қатысушыға ризашылығымызды білдіреміз, – деді Б.Абдулхайысұлы. Тартысты әрі қызықты өткен сайысқа Түркістан, Жамбыл облысы, Қызылорда қаласы…

Read More

Жарысты Н.Бекежанов атындағы №156 қазақ орта мектебінің директоры Асыл Асанұлы ашып, жарысқа қатысушыларға жылы лебізін білдірді. – «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Міне, бұл жарыстың мәні де, пайдасы да зор. Тәрбиелік жағынан жастарға үлгі-өнеге деп ойлаймын. Бәріңізге жарыста тек сәттілік тілеймін. Ойында барынша белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсетесіздер деген ойдамын, – деді. Қызықты әрі тартысты өткен додада ұстаздар спорттың 6 түрінен бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша III орын Ы.Алтынсарин атындағы №219 орта мектебіне бұйырса, II орынды М.В.Ломоносов атындағы №47 мектеп-лицейі жеңіп алды. Ал…

Read More

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, бейсенбі күні аудан әкімі Айтбай Жандарбековтің кезекті халықпен жүздесуі Жаңатұрмыс ауылдық округінен басталды. Келелі кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев және барлық сала басшылары қатысты. Ең әуелі биылғы Шиелі ауданының жеткен жетістіктері мен егін науқанына атсалысқан еңбек адамдарының адал бейнеттеніп, егіс даласында төккен маңдай терінің арқасында облыста үздік аудан атануымен құттықтады. Сонымен қатар, жыл көлемінде облыс, ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы атқарар ауқымды жоспарымен бөлісті. Бүгінде аудан бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру – 134,7, өңдеу өнеркәсібі – 155,2, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 106,8, инвестициялар тарту – 143,5, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі -102,2, құрылыс жұмыстарының көлемі…

Read More

Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен жобаға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, зауытқа Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағынан 7 гектар жер телімі берілді. Құны 2,3 млрд теңге болатын зауытта жылына 90 млн дана кірпіш шығарылады деген жоспар бар. Іргетасы желтоқсан айында құйылып бітеді. Құрылыс алаңында 20 жұмысшы, 11 техника жұмыс жасауда. Зауытқа қажетті қондырғылар желтоқсан айында жеткізіліп, алдағы жылдың ақпан айында монтаждалады. Бұл зауыттың басқалардан ерекшелігі — өндіріс толығымен автоматтандырылған. Айта кетейік, құрылыс саласында биыл 189 жобаны жүзеге асыруға 134,8 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, 36 білім беру, 22 денсаулық сақтау, 13 мәдениет, 14 спорт, 1 қоғамдық тәртіп,1 жұмылдыру дайындығы, 3 мемлекеттік орган ғимараты,…

Read More

Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады. «Бүгін Сырдария ауданының ынтымағы мен бірлігі жарасқан Сәкен Сейфуллин, Асқар Тоқмағанбетов атындағы ауылдары «көгілдір отынға» қосылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде жетілдіру. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек» деп атап өтті. Бүгінде өңір тұрғындарын газбен қамту көрсеткіші 75 пайыз, биыл 30 млрд. теңгеден астам қаржыға 306 шақырым газ желілері тартылуда. Осы жобалардың арқасында аймақ халқының 78 пайызы «көгілдір отынмен» қамтылады. Келесі жылы 10-нан астам елді мекенді газдандыру жоспарланған. Осындай игілікті істер ауыл тіршілігінің тамырына қан жүгіртіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашады.…

Read More

«Бүгін ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі, жетекші селекционер, Шиелі ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Құрманбек Бәкірұлының 80 жас, сала үздігі, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Керімхан Егізбайұлының 75 жас мерейтойына арналған жиында бас қостық. Құрманбек Бәкірұлы мен Керімхан Егізбайұлы – ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан өз ісінің білікті мамандары. Жуырда Астана қаласында өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында Президентіміз: «Қазір жаһандық азық-түлік нарығында бәсеке күшейіп келеді. Оған төтеп беру үшін ғылымды дамытуға баса мән беру керек. Соның ішінде тұқым шаруашылығын жандандыру – стратегиялық міндеттің бірі» деген болатын. Бұл ретте,…

Read More

Жаттығудың республикалық штабы Көкшетау қаласында орналасқан. Оқу-жаттығу осы жылдың 21-22 қарашасы аралығында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жоюға дайындығын, қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының төтенше жағдайға ден қою әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі. Командалық-штабтық жаттығулар, авариялық құтқару қызметтерінің және азаматтық қорғау құрылымдарының практикалық іс-қимылдары пысықталады. Саптық қарауға азаматтық қорғау, авариялық-құтқару құтқару қызметтерінен 49 техника, 119 қызметкер қатысады. Оқу-жаттығу барысында электр сиреналары іске қосылып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі.

Read More