Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған қоғамдық тамақтану орындарының тізімін ұсынамыз: 1. «Mimar» мейрамханасы – Қорқыт ата, 48а 2. «Lanzhou» – Қорқыт ата, 13 3. «Mубарак» кафесі – Абай даңғылы, 26а 4.«Parapa Pizza» – Аray city mall ОСО 5. «As mol» – Бөкейхан, 52А 6. «Du Du chicken» – Aray city mall ОСО; Желтоқсан, 11 7. «Тағам» асханалар желісі – Коркыт Ата, д.52; Абая, д. 47Г
Автор: un_admin
Біздің еліміз үшін ең құнды, ең асыл дүниелер ол – татулық, бірлік, келісім. Мемлекеттілігіміздің басты негізі – халқымыздың бірлігі. Бүгінде Қазақстан халқын бір атаның балаларындай еліміздің өркениетті даму жолындағы игілікті іске жұмылдырып отырған – Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырып, елімізде тұрақтылықты сақтау мен оның дамуына аса зор үлес қосып келеді. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бұл ұйым 1995 жылы құрылып, елдегі түрлі этностар мен мәдениеттердің ынтымақтастығын, бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды институтқа айналды. Оның басты мақсаты – елімізде барлық этностар мен ұлттардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, қоғамдық келісімді қолдау және мәдени көптүрлілікті…
Үкіметаралық комиссияның шешімі бойынша «Байқоңыр» кешенінде туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ретінде «Бәйтерек» БК» АҚ және «Инфракос» РМК бекітілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай айтты. – Туристер үшін қалаға және ғарыш айлағына электронды рұқсаттамаларды рәсімдеу процесі жеңілдетіліп, рұқсат алу мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар, «Инфракос» кәсіпорны туристік нысандар негізінде жаңа маршруттар әзірлеп, Байқоңырдың бірегей ғарыш мұрасын кеңінен таныстыру бағытында жұмыс істеуде. Бұл бастамалар Байқоңырдың туристік әлеуетін арттырып, оны әлемдік деңгейдегі ерекше туристік орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді,-деді, Қайрат Ырзақұлұлы.
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов және жауапты сала басшылары «Қызылорда тазалығы», «Жасыл Қызылорда», «Қызылорда автобус паркі» мен «Қызылордажылуэлектр орталығы» мекемелеріне барды. Мерекеге орай коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен жұмысшыларға аймақ басшысының Алғыс хаты табысталды. “Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, күндіз-түні тазалық сақтауға аянбай атсалысудасыздар. Қала халқының тыныс-тіршілігіндегі қалыптасқан ырғақ бұзылмау үшін жолаушылар тасымалы, коммуналдық қызмет көрсету саласы қызметкерлері уақытпен санаспай еңбек етеді. Тұрғындарды діттеген жеріне жеткізіп, әр үйді жарықпен, жылумен қамтамасыз етеді. Сіздер, жұртшылыққа жайлылық, елге қуат, жанға шуақ сыйлап келесіздер.…
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы» қоғамдық қоры “Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеудегі мәселелерді шешуге бағытталған жобаны” қолға алып отыр. Жоба барысында “Кеңес беру қызметі” құрылып, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды жұмысқа орналастыру, тұрғын үй сұрақтарын шешу, тіркеу, әлеуметтік оңалту, емдеу, білім алу және қысқа мерзімді кәсіби курстардан өту мәселері бойынша кеңес беру көмегі көрсетіледі. Кеңес алу үшін: 8 727 978 49 63 немесе 8 (707) 760-76-02 номеріне хабарласыңыз. Cоздана специальная «консультационная служба» При поддержке Управление общественного развития города Алматы, Общественный фонд «Центр «Social project management» реализует “Проект, направленный на решение проблем…
Жаңа 1000 теңгелік банкнота айналымға шығады. Ұлттық банк мәліметінше, жаңа банкнота 28 наурыздан бастап айналымға шығарылады. Сонымен қатар биыл екі жаңа коллекциялық монета шығарылады: “GRIFFIN” – “Көшпенділер аңызы мен мифтері” сериясынан; “OTYRAR” – “Қазақстандық монеталар арқылы зерттеу” сериясынан.
Маңғыстау облысында газға уланған үш адам көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қайғылы оқиға Атамекен ауылында болған, бір отбасының төрт мүшесіне иіс тиіп, үшеуі сол сәтте көз жұмды. Қаза тапқандардың қатарында 13-16 жас аралығындағы екі жасөспірім бар. Тағы бір адам облыстық ауруханының жансақтау бөлімінде жатыр. Үш адамның өліміне қатысты Мұнайлы аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқыс оқиғаның неден болғанын анықтау үшін тергеу жүргізіліп, сараптамалар жасалуда. Ал куәгерлердің айтуынша, үйдің жылу пешінде мұржа болмаған. Соның салдарынан улы газ сыртқа шықпай, үй ішіне тараған көрінеді. — 23 ақпанда Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округы Қаламқас тұрғын-үй массивінде төрт адам газдан уланғаны анықталды.…
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында елшілікте бірнеше маңызды келісімге қол қойылды. «Саутс-Ойл» ЖШС мен Қытайдың «Carrie Technology Holding Limited» компаниясы арасында мұнай саласындағы ынтымақтастық, «Абзал және К» ТС мен «Hubei Yongxiang Food Processing Machine» компаниясы арасында күріш өндірісі саласындағы келісім және «Алтын орда» ЖШС мен «Jiangsu Hanpu Mechanical Technology» компаниясы арасында тұз өндіру саласындағы әріптестік орнатылды. Аймақ басшысы облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін айтып, Қытай компанияларын бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. «Қызылорда облысында минералды шикізат ресурстарының, атап айтқанда мұнай, газ, полиметалл және уран қоры мол. Тау-кен металлургия саласындағы ерекше назар аударатын жобалардың бірі…
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасының Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышевпен кездесіп, аймақ делегациясының іссапарын қысқа мерзімде әрі жан-жақты ұйымдастыруға көрсеткен қолғабысы үшін алғыс білдірді. «Өзіңізге белгілі, Мемлекет басшысы отандық және шетелдік инвестицияларды тарту арқылы ірі жобаларды іске асыруды, халықтың әл-ауқатын арттыруды тапсырды. Жұмыс кестесінің тығыздығын ескеріп, құрамында тәжірибелі кәсіпкерлер бар делегация іссапармен келдік. Бүгін сізбен кездесіп, Қызылорда облысы мен Қытай арасында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылағанымыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Қытай – Қазақстанның серіктесі және біздің облысымыз осы елдің компанияларымен өзара тиімді байланысты одан әрі дамытуға мүдделі. Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2023 жылғы Қытайға іссапар кезінде…
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында Сычуань провинциясының губернаторы Ши Сяолиньмен кездесті. Басқосуға жауапты сала басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау мәселелері талқыланды. Сычуань – табиғи газ өндірісімен, ауыл және орман шаруашылығымен айналысатын, электр энергиясын экспорттайтын Қытайдағы ірі аймақтардың бірі. «Бүгінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасы халықаралық жобаға және ынтымақтастықтың ірі платформасына айналды. Ғасырлар бойы қалыптасқан Ұлы Жібек жолы бойындағы қарым-қатынасымыз одан әрі дамып, жаңа Жібек жолы – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерін…
