Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Баланы кім тәрбиелейді?
Қоғам

Баланы кім тәрбиелейді?

27.05.2025205 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бала тәрбиелеу – әлімсақтан бері адам өміріндегі ең маңызды іс. Бала тәрбиесі үшін басы ауырып, балтыры сыздамаған ата-ана кемде-кем шығар. Ал осы тәрбиенің өзегінде асыл үміттің, жарқын болашаққа деген ұмтылыстың негізі жатыр. Ұлтымыз ежелден ұрпақ баулу ісіне баса назар аударған. Қадау-қадау ғасырлардан бергі жинаған тәжірибелер мен ұлттық салт-сана, халықтық дәстүрдің озығы да сол бала тәрбиесіне жұмсалғаны рас.

Хакім Абайша айтсақ, «адамның бір қызығы болған» балаларға қазір қандай тәрбие беріліп жатыр деген сұрақ алдымыздан жиі шығады. Адам баласының есейіп-ержетуіндегі заңдылықтардың кейбірі қазір өзгерген сияқты. Тәрбиенің де өз заңдылығы бар екенін ескерсек, қазір оған заманауи технологиялар мен уақыттық қажеттіліктер дендеп кірді. Яғни біздің дәстүрлі тәрбиемізді техникалық гаджеттерге деген тәуелділік жеңіп бара жатқаны шындық.

Қазір жұрт арасында «ChatGPT оқушылар үшін мүмкіндік пе, әлде қауіп пе?» деген сауал туындап отыр. Кейінгі жылдары жасанды интеллект (AI) технологиялары қарқынды дамып, білім саласына да дендеп ене бастады.

Соның ішінде «OpenAI» компаниясы әзірлеген «ChatGPT» платформасы әлемнің түкпір-түкпірінде кеңінен қолданыс тапты. Бұл құралды бүгінде оқушылар да белсенді пайдаланады. Алайда оның тиімді тұстарымен қатар, біраз қауіп-қатері де бар. Оқушылар «ChatGPT»-ді көбіне үй тапсырмасын орындау, шығарма жазу, тіпті тест сұрақтарына жауап іздеу үшін пайдаланады. Себебі бұл платформа сұрақтарға жылдам, түсінікті және нақты жа­уап беру ерекшелігімен оларды қызықтырады. Сонымен қатар «ChatGPT» әдебиет пәніндегі шығармашылық тапсырмаларда – өлең жазу, әңгіме құрастыру, эссе жобалау секілді істерде де көмекші құралға айналып отыр.

Мұндай технология оқу үдерісін жеңілдетіп, оқушы­лар­дың ақпарат іздеуге деген қызығушылығын арттыра алады деп қабылдағанымыз дұрыс та шығар. Бірақ оның кері әсері туралы да ерте бас­­тан ойланған абзал. Ашығын айтқанда, «ChatGPT»-ді шамадан тыс қолдану кей қауіпке душар етеді. Оқушылар бұл құралды көп пайдаланса, өз бетінше ойлану мен іздену мүмкіндігінен айырылады. Яғни олар үшін жасанды интеллект бәрін дайындап береді. Мұның салдары баланың сыни ойлау қабілеті, логикалық па­йым­дауы, шығармашылық қиялы қатерге ұшырайды, дамуын тоқтатады.

«Сүйіспеншілік – егістік сияқты. Оған қанағат дәнін ексеңіз, табыс пен бақыт өнеді» дейді Қытай жасөспірімдер баспасының бас редакторы Лу Чин. Жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі сауатты пайдалану үшін ең алдымен мұғалім мен ата-ананың жіті бақылауы қажет. «ChatGPT»-ді білім алуға көмекші құрал ретінде қабылдап, оны шектен тыс пайдаланудан аулақ болуға насихаттауда олардың маңызы жоғары. Қазір дүниедегі ең қиын нәрсе – баланың қалауын білу. Америкалық журналист Коле Клейбрннің бір мақаласында осы туралы мәселе қозғалады. ««ChatGPT» әлі даму сатысында болып, кейбір шектеулерге ие болса да, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың назарын өзіне аударып отыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл құралдың пайда болуы әртүрлі пікір тудырып, жасанды интеллектінің білім саласындағы орны, сондай-ақ плагиат пен академиялық адалдық мәселелері төңірегінде этикалық сұрақтарды туындатқан. Бұл жайттың өзі кейбір адамдардың аталған сайттан түбегейлі бас тартуына себеп болды. АҚШ-тағы ең ірі мектеп саналатын Нью-Йорк қалалық мемлекеттік мектептері 2023 жылдың қаңтар айының басында «ChatGPT»-ді аталған өңірдегі барлық құрылғы мен желіде қолдануға тыйым салғанын жариялады. Сиэтл, Балтимор және Лос-Анджелес секілді басқа да ірі қалалардағы оқу ошақтары да осыған ұқсас шаралар қабылдаған. Алдағы уақытта бұл тізім ұзара түсуі мүмкін», дейді ол.

Бұл жердегі тағы бір мәселе мектепте ЖИ-ді оқушылармен қатар мұғалімдердің де пайдалануы жиілей түскен. Білім технологиялары жөніндегі жазушы әрі «Ditch That Textbook» кітабының авторы Мэтт Миллердің айтуынша, кейбір мұғалімдер «ChatGPT»-ді өз жұмысын жеңілдету үшін де қолданып жүр. Олар «ChatGPT» арқылы сабақ жоспарлары мен сыныптағы іс-шараларға арналған идеялар жасап, тіпті оқушылардың жазба жұмысын енгізіп, оны жақсарту жолдарын сұратып жатады.

Түйіндеп айтқанда, «ChatGPT» – біздің ғасырдың ең қуат­­­ты өнімінің бірі. Ал осы өнім­­нің білім саласына ен­гені көңілге алаң түсірмей қой­­­май­ды. Оны дұрыс әрі жауап­кершілікпен қол­дана білсек, оқушылардың таным­­­­дық қабілетін арттыруға, оқу үрдісін жеңіл­детуге болады. Ал керісінше болса, бұл технологияның тәуелділікке, интеллектуалдық әлсіздікке әкелу қаупі де жоқ емес. Сон­­дықтан әрбір ата-ана қазір­ден бастап «баламызды кім тә­р­биелеп жатыр?» деген сауалға жауап іздегені жөн. Бала­ның миы мен ақыл-ойы бас­ты орында болып, жасанды интел­­лектіні тек көмекші құрал ретінде қарастырғаны орынды болмақ. Әр ғасырда адамзаттың алаңдайтын мәселелері болатынын ескерсек, мына заманда бізге мүмкіндіктер де, қауіп-қатерлер де жаңа технологиядан келерін ешкім жоққа шығара алмайды.

Дереккөз: egemen.kz алынды

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«АЛТЫН КҮЗ – 2025» МЕРЕКЕСІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ – ОЗАТ АУДАН АТАНДЫ

17.10.2025864 Views

285 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ төлем алды

15.10.2025549 Views

Таза орта қалыптастырудың маңызы

14.10.2025740 Views
Соңғы жаңалықтар

«ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ АСТАНАЛЫҚ КЕЗЕҢІ: ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

18.10.2025

Қазақстанда 25,9 млн тонна астық бастырылды

17.10.2025

Емханаларда не өзгерді: скринингтер кеңейтілді және кезектілік қысқартылды

17.10.2025

Жетісу облысында 8 жаңа су қоймасын салып, шамамен 3 мың шақырым каналды реконструкциялау жоспарланып отыр

17.10.2025

Қазақстанның IT-қызметтерінің экспорты 881 млн долларға жетті

17.10.2025

Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

17.10.2025

Қызылорда қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаңарған Қорқыт ата саябағы пайдалануға берілді

17.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.