Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында енгізілетін салауатты диета бойынша халықаралық ұсынымдарға сәйкес әзірленген Тамақтанудың жаңа стандарты мен көп нұсқалы үлгілік перспективалық мәзірді ұсынды, деп хабарлайды Primeminister.kz. «Тамақтанудың жаңа стандарты дұрыс тамақтануға бағытталған, атап айтқанда семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа аурулардың даму қаупін азайту мақсатында қантты 3,6 есеге, тұзды 5 есеге дейін азайтуды көздейді», — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова. Министрдің айтуынша, бұл норма инфекциялық емес ауруларды, атап айтқанда, балалардағы семіздікті 15%-ға дейін, қант диабетін 20%-ға дейін, артериялық гипертензияны 18%-ға дейін және басқа да созылмалы…
Автор: un_admin
25 наурыздан бастап Қазақстанда мобильді құрылғылардың IMEI-кодтарын міндетті түрде сәйкестендіру енгізілді. Жоба бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Біріншісі кезең — 2025 жылғы 25 наурыздан 25 мамырға дейін жалғасты, осы уақыт аралығында елге әкелінген, бірақ әлі іске қосылмаған немесе сатылмаған мобильді құрылғыларды заңдастыру тетігі жүзеге асырылды. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков верификациялаудың бірінші кезеңі туралы айтып берді. Басты цифрлық құрал – мобильді құрылғыларды тіркеуді, сәйкестендіруді және олардың статусын бақылауды қамтамасыз ететін kz-imei.kz порталы. «Сәйкестендіруді енгізу туралы бұйрыққа енгізілген өзгерістер күшіне енген сәттен бастап 3 миллионнан астам құрылғы верификацияланды. Бүгінгі…
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде қолданылатын смартфондардың басым бөлігі көлеңкелі айналымда. Осыған орай, абоненттік құрылғыларды сәйкестендіру тәртібі енгізілді, kz-imei.kz порталы арқылы тіркеу және заңдылықты тексеру тетігі іске қосылды. Бұл шара тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, салық түсімдерін арттыруға және заңсыз сауданы қысқартуға бағытталған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникацияар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков мәлімдеді. Спикердің айтуынша, сарапшылар мобильді құрылғыларды өндірушілердің бірін мысалға ала отырып, жыл сайын әкелінетін смартфондар бойынша бюджетке түспейтін төлемдерді есептеген. Ресми дистрибуторды мысалға ағанда, 2024 жылғы салық түсімдерінің нақты сомасы 30 млрд теңгеден асады. «Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл көрсеткіш…
ҚР Үкіметінің отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz. «Еліміздің 10 мыңнан аса демалыс орнында 3,2 млн бала жазғы каникулын өткізеді. Оның 15 мыңнан астамы – жыл бойғы сауықтыру орталықтарында, 186 мың бала – қала маңындағы, 2,8 млн бала – мектеп жанындағы, 160 мың бала – шатырлы және киіз үй демалыс орындарында демалады», — деп атап өтті министр. Оның айтуынша, өңірлермен бірлесіп барлық демалыс орталықтарының тізімі бекітіліп, олардың дайындығы республикалық штаб отырыстарында қаралды. Санитарлық нормалардың, тамақ қауіпсіздігі талаптарының, сондай-ақ судағы, ормандағы және спорт объектілеріндегі қауіпсіздік…
Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде ТжКБ жүйесін дамыту бойынша ағымдағы нәтижелер туралы баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz. Министрліктің мәліметінше, 2024-2025 оқу жылында колледждерде 550 мыңнан астам студент білім алған. 173 мың студент оқуын бітіреді, оның ішінде жұмыс біліктілігі бойынша 123 мың студент, дуальды оқыту шеңберінде 27 мың студент білім алып шығады. Кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мың студент бітірді. «Жыл сайын колледж түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші өсуде: 2024 жылы түлектердің 81%-ы жұмыспен қамтылды. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және колледждердің бизнеспен өзара іс-қимылына аса назар аударылуда. Оқу жылының қорытындысы бойынша…
Қызылорда облысының Жалағаш ауданында Сырдария өзені бассейніндегі ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Барлығы 1362,2 шақырым канал қайта жаңғыртылып, 14 617 шағын гидротехникалық нысан ауыстырылып, жаңадан салынды. Сондай-ақ 327,86 шақырым коллектор мен 151 бақылау ұңғымасы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. Осы жұмыстардың нәтижесінде жалпы көлемі 15,1 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен жабдықтау және мелиоративтік жағдайы жақсарып, суармалы жерлер толық игерілді. Жоба су шығынын 30%-ға дейін азайту арқылы жылына шамамен 95 млн текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Жергілікті шаруа қожалықтары жұмыс нәтижелеріне оң баға беріп отыр. «Каналдарды тазарту, шлюздер орнату және басқа да…
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетовты 60 жасқа толуына орай құттықтады. Басқосуға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, бірқатар сала басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Аймақ басшысы мерейтой иесінің еңбек жолына тоқталып, Сыр елінің дамуына өлшеусіз үлес қосқанын айтып, алғысын білдірді. «Киелі Сыр бойы – өзінің адалдығымен, парасатымен ел құрметіне бөленіп, алғысын алған қабырғалы қайраткерлер мен текті тұлғаларға бай мекен. Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Нағыз еңбек адамы бұл – істің адамы, яғни әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен…
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты сала басшыларымен бірге Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовпен, Дүниежүзілік Банктің Еуропа мен Орталық Азиядағы аймақтық директоры Нагиб Вахба Самехпен, Еуропа мен Орталық Азиядағы су ресурстары департаментінің басшысы Ю Уинстонмен, Қазақстан бойынша тұрақты өкіл Андрей Михневпен, су ресурстары маманы Бақыт Арыстановпен кездесті. Онда Солтүстік Арал теңізін ұлғайтуға бағытталған жобаны бірлесіп іске асыру барысы талқыланды. – «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасы біз үшін өте маңызды. Осы жобаға қолдау білдіргендеріңіз үшін облыс халқының атынан үлкен алғысымызды білдіреміз. Мемлекет басшысы 2019 жылы облысқа жасаған жұмыс сапарында «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және…
Кеше Сыр елінде «Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейіргерлік қызметтің озық тәжірибелерін енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онда аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев медицина саласындағы ауқымды жұмыстарды атап өтіп, жетістіктерге тоқталды. Конференцияға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстандағы сақтандыру кеңсесінің басшысы Скендер Сыла, онлайн режимде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге, Германия, Қырғызстан, Латвия, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Финляндия мемлекеттерінің өкілдері, ғалымдар, барлық өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшылары, дәрігерлер, мейіргерлер, медициналық оқу орындары мен клиника басшылары қатысты. Іс-шарадағы ақжолтай жаңалықтың бірі – медициналық жоғары колледж cтуденттеріне шетелдік оқу орындарына жолдама берілді. Нақтырақ айтсақ, Қызылорда медициналық…
Спортта ешкім күтпеген кездейсоқ жеңіс болмайды. Әр жетістіктің артында ұзақ жылғы тынымсыз еңбек, темірдей тәртіп және ең бастысы, сол чемпиондық жолдан өткен жаттықтырушы тұрады. Қазақ спортында да бұл заңдылық жұмыс істейді. Ұлттық құрама спортшыларының көптеген жеңісіне біз бұрын тұғыр сатысынан көрген мамандардың қосқан үлесі зор. Мұның жарқын көрінісі – Елдос Сметов. Ол – дзюдодан Олимпиадада барлық медаль жиынтығын олжалаған тұңғыш қазақ палуаны. Отандасымыз Парижде – алтын, Риода – күміс, Токиода қола медаль жеңіп алды. Оның спорттағы жолы Жамбыл облысында басталды. Алғашқы бапкері – Ахмет Жұмағұлов. Кейіннен Сметовті халықаралық дәрежедегі спорт шебері және халықаралық бәсекелердің жүлдегері Ғалымжан Жылгелдиев жаттықтыра бастаған. Бүгінде…
