Автор: un_admin

Ауылдардың мамандануын ескере келе, несие қаржысы 4 бағытқа (ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, егіншілік, мал шаруашылығы және түрлі жобаларға) бағытталып, 2023 жылы 3 млрд. теңгеге 406 жоба іске қосылып, 713 жұмыс орны ашылды. «Биыл 4 млрд. 596 млн. теңгеге 575 жобаны жүзеге асырып 610 жаңа жұмыс орнын ашу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 1 млрд. теңгеге 150 жоба қаржыландырылды», — деді Н.Нәлібаев. Сырдария ауданының «Бесарық» ауылындағы «Абай Дәулет» ЖШС құрған өндірістік алаңда тұрғындардың 13 бизнес-бастамасы іске асырылуда. Мұнда жартылай фабрикат, пластикалық ыдыстар, ағаш бұйымдар, тоқыма, сабын, кондитерлік өнімдер өндіретін цехтар ашылды. Озық тәжірибені кеңінен тарату үшін облыстың әр ауданындағы 3-4 ауылда осындай…

Read More

«Биыл Сыр өңірінде «Руханият жылы» жарияланып, игі бастама халқымыздың жыл басы, жаңару кезеңі саналған Наурыз айынан басталды» – деді облыс әкімі. Мәдениет саласында 1000 орындық көпфункционалды «Өнер орталығы», «Отбасы орталығы» пайдалануға берілді. Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр өкілдері көптен күткен игілік «Жыраулар үйі» жұмысын бастады. Айта кетейік, биыл 11,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, барлық ауданда неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі біріктірілген «Руханият» орталықтарының құрылысы басталды. Бұл орталықтарда ұлттық құндылықтар дәріптеліп, салт-дәстүр насихатталады. «Руханият жылы» аясында сол жағалаудан құны 2,3 млрд теңге болатын облыстық тарихи-өлкетану музейі ғимаратын салу жұмыстары басталды. Соңғы 2…

Read More

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен өңірде өткен жылы 15 дәрігерлік амбулатория мен 1 медициналық бекет пайдалануға беріліп, биыл 11 нысанның құрылысы жүруде. Соңғы 2 жылда 4,1 млрд.теңгеге 13 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті. Облыс орталығында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүруде. «Денсаулық сақтау мекемелерінің автопарктері жыл сайын жаңартылуда. Өткен жылы 25, биыл 200 санитарлық автокөлік табысталды. Осы кезге дейін жеке ғимараты болмаған облыстық Қан орталығының жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Алдағы уақытта Қызылорда қаласында 200 төсек-орынға арналған орталық құрылысы басталады», — деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Read More

«Өткен жылдан бері облыста 1 мың 720 орындық 6 мектеп,1 мың 850 орындық 4 мектепте қосымша ғимарат салынып, ел игілігіне табысталды. 2024 жылы жаңадан 3 мектеп, 5 мектепке қосымша құрылыс салынып, пайдалануға берілді.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің алғашқылардың бірі болып 900 оқушыға арналған білім ордасы облыс орталығындағы жаңа шағын ауданнан ашылды» — деді Н.Нәлібаев. Айта кетейік, Қызылорда қаласындағы сол жағалауда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен бой көтерген 21 мектептің алғашқысы шәкірттерді қабылдады. Қазіргі таңда 6000 орындық 9 мектептің құрылысы қарқынды жүруде. «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы құны 8 млрд. 400 млн. теңге болатын дарынды балаларға арналған 400 орындық…

Read More

Терминалға «Болат Өтемұратов қоры» әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде 16 млрд 600 млн теңге инвестиция салды. Әуежайдың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына, автожол салуға, аумағын абаттандыруға, жарықтандыруға жергілікті бюджеттен 4 млрд. 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Халықаралық талаптарға сай келетін жаңа нысанда ішкі және халықаралық рейстерге, транзиттік жолаушыларға арналған, CIP залдары, жүкті автоматты түрде беру жүйесі, «Duty Free» аймағы, сауда нүктелері, медпункт, кафе, ғибадат ету, жүк сақтау, ана мен бала бөлмелері бар. Екі қабатты ғимаратта сағатына 250 жолаушыға 10 төлқұжат бақылау кабинасы арқылы қызмет көрсетіледі. Айта кетейік, «Қорқыт Ата әуежайы» соңғы 9 айда жолаушылар мен жүк тасымалында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Қаңтар-қыркүйек айларында әуежайда…

Read More

«Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауының арқасында осы жылдың 9 айында құрылыс жұмыстары көлемінің көрсеткіші 173 млрд. 830 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 143,6 пайызға өсім қалыптасты Жалпы, соңғы 2 жылда Қызылорда облысында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде», деді – аймақ басшысы. «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қаржыландырудың барлық көзінен 864 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39,1 млрд теңге қаралып, жыл қорытындысымен 2,5 мыңнан аса пәтер пайдалануға беріледі. Ұлттық жоба аясында 1 мың 154 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.…

Read More

«Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдау қызметін жақсарту мақсатында 300 жаңа автобус алынып, қоғамдық көлік мәселесі толығымен шешімін тапты», — деді аймақ басшысы. Мұнан бөлек, «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 600 млн. теңгеге жуық қаржыға теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа автовокзалда 38 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның 1-уі халықаралық, 7-уі облысаралық, 30-ы ауданаралық бағытта. Экотакси қызметін құру бойынша алынған 100 электромобильдің барлығы тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Read More

Биыл Қызылорда облысында республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 44 млрд. 703 млн теңгеге 300 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өтті. Облыс орталығының негізгі көшелері әуежайдан Бейбарыс сұлтан көшесіне дейінгі аралық, қалаға Шиеліден кіреберіс жол, Яссауи, Жаппасбай батыр магистралды көшелері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы төрт жолақты болып кеңейтілді. Қызылорда қаласында 4 млрд. 700 млн. теңгеге Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржол асты автожолы, Арал, Жаңақорған аудандарында теміржол үстінен аспалы көпір құрылыстары жүруде. Айта кетейік, жылдар бойы күн тәртібінен түспеген «Қызылорда-Жезқазған» автожолы Президенттің тікелей тапсырмасымен қайта жаңғыртылуда. Жоба құны – 108 млрд. 500 млн теңге. Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың 140…

Read More

Мемлекет басшысының еліміздегі жылу-электр орталықтарының жұмысын жандандыру тапсырмасына сәйкес Сыр елінде ірі жоба жүзеге асуда. Қызылорда қаласында 215 млрд.теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде. «Президентіміздің тікелей қолдауымен бүгінде инвестор – «Акса Энерджи» түрік компаниясы жылу орталығының құрылысына 127 млрд.теңге инвестиция салды. Орталық келер жылдың қыркүйек айында ел игілігіне табысталады. Құрылыс барысы Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тікелей бақылауында. Жаңа жылу-электр станциясы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына бой көтерген ең ауқымды, теңдессіз жоба», — деді аймақ басшысы. Жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін 773 қызметкер озық технологиялармен жабдықталған заманауи ғимаратта жұмыс істейтін болады. Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 11…

Read More

Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен дер кезінде жүргізілген келіссөздер арқасында биыл егіс алқаптары сумен толық қамтамасыз етілді, аймақта су тапшылығы болған жоқ. Ауыл шаруашылығына соңғы 2 жылда 20,3 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды. Өткен 10 айда негізгі капиталға 12,2 млрд. теңге инвестиция салынды. «Аграрлық аймақ саналатын Қызылорда облысы үшін суармалы су мәселесі қашанда өзекті. Биыл 189 мың 449 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, агротехникалық талаптарға сай мерзімінде толық жиналды. Өндірісте ылғал үнемдейтін технологиялар қолдану қарқынды дамып келеді. Жаңа технологияларды пайдалану көлемі 4 мың 400 гектарға жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе артық», — деді облыс әкімі. Мемлекет басшысының қолдауымен бастау…

Read More