Автор: un_admin

Бас мердігерлер — «Аман құрылыс», «Орион ЛТД», «Риголит», «ПромстройсервисЕ», «Абу-Сер», авторлық қадағалаушы — «Қазақ Жоба Құрылыс» серіктестіктері атқарған жұмыстарды көрді. Сыр өңірінде мемлекеттік қолдаудың арқасында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қаржыландырудың барлық көзінен 864 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39,1 млрд теңге қаралып, жыл қорытындысымен 2,5 мыңнан астам пәтер беріледі. Ұлттық жоба аясында 1154 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін 1 819 пәтер, апатты үйлер орнына 135 пәтер сатып алу межеленген. Бүгінде аталған топтарға 780 пәтер…

Read More

Мал бағып, тері илеп, тон тіккен қазақ неге өзге елдің өніміне телміруі керек? Ақадал айран мен сүттің орнына неге кола мен горилла ішіп әлжуаз, ауру болып жүр жастар? Бесіктен белі шықпай жатып телефонға телміріп соқыр, меңіреу болған балалар ше? Ұлт денсаулығы, ұрпақ болашағы күн тәртібінен көрінбей тұр. Қайда бара жатырмыз? Ұлт болып қашан ұйысамыз? Өз елімізде тұрып, қашан өз тілімізде сөйлейміз? Қайда кетті бұрынғы зауыттар, цехтар, фабрикалар, фермалар? Сауал көп, жауап жоқ! Мән берілмейтін маңызды мәселелер… Егемен ел болғанымызға біраз уақыт болса да, біраз жағдаяттарға мән берер емеспіз. Дініміз де, тіліміз де алашұбар, бұл тұрғыдағы оймыз да алашұбар. Қалаған дінге…

Read More

Алғашқы сөз кезегін ауыол басшысы Е.Сүйіндікұлы алып, қолынан қаламы, иығынан баяны түспеген арда азаматқа ақжарма тілегін айтып, ыстық ықыласын білдірді. – Шиелі ауданында жазушы да, ақын да, диқан мен мемлекет қайраткері де дүниеге келген. Олардың арасында әлемді мойындатқан тұлғалар да бар. Міне, біздің өңір – қасиетті жер. Сондай тұлғалардың қатарындағы елдің жанашыры, ауданның «Құрметті азаматы», ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақын, сазгер Өркен Исмаил ағамыз биыл 75 жасқа толуда. Елді ұйыстырып, татулық пен бірлікке шақыруда, өскелең ұрпаққа тәрбие беруде Өркен ағаның орны ерекше. Өрекеңнің қаламынан туындаған 50-ге тарта әні де көпшілікке танымал. Күнделікті күйбең тірлікте Өрекеңнің көңілді әндерін әрқайсысымыз айтқымыз келеді,…

Read More

Қыстың алғашқы айы – желтоқсан. Бұл айдың басында қырбастың қызылы деп аталатын алғашқы аяз болады. Қар қалың әрі тұтас түскеннен кейінгі болатын алғашқы аяз күндері осылай аталған. Болжаушылардың айтуынша, қырбастың қызылы үш-бес күнге созылып, сонан соң аяз беті қайта бастайды. Бұл күндері қолдағы малды аяз беті қайтқанша өріске тым ұзатып жаймайды. Желтоқсанның 15-20 күндері ауа райы күрт өзгеріп, ақбөкендер мен қарақұйрықтардың текелері үйірге түсіп, бір-бірімен қосақталатын кезең «Киіктің матауы» аталған. Тап осы кезеңде нөсерлеп жаңбыр жауып, сасай болған ақбөкеннің текелері сасық иісінен тазарады екен. Бұл кезеңдерде жауын-шашын болмай қалса, текелердің көздері ағарып, өліп кетуі де мүмкін. Бұл кезеңді «Киіктің мойын…

Read More

Біз қашанда әруақ сыйлап құрмет тұтқан халықпыз. Тіпті діни мәдениетте былай тұрсын, салттық той-думандарда ата-баба әруағын еске алып, сөз арасында қосуды әдетке айналдырдық. Мысалы беташар рәсімінде алғаш келіннің сәлем салуын әруақтарға арнаймыз . Бұл біздің дініміз бен салтымыздың сабақтасып сара жолға түскеннің көрінісі. Кісі өмірден өткен соң артынан жасалынатын діни жоралғылар бар. Оң жағына жатқызып, жуындырып кебіндеп жаназасын оқып арулап көмеді. Кейін басына көк тас қойып бейіт тұрғызу мүмін мұсылманның парызы болған. Енді бейіт адамның атақ-абыройына сай, жүріп өткен рухани жолына тұрғызылатын болды. Ханның шыңғыс әулеті болса Түркістан аумағына жерленді, ахун ишан болса кесене тұрғызып күмбездеді. Кесенені кез келген адамға…

Read More

Бұл орталықта Тұрмағамбет атындағы халық аспаптары оркестрі, Симфониялық оркестр, «Сыр самалы» вокалды-аспаптық ансамблі, «Томирис» би ансамблі, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі, «Тұран» триосы, «Айару» заманауи би ансамблі және «Әдемі» балалар музыкалық театр студиясы секілді өнер ұжымдары жұмыс істейді. Мұндағы әр ұжым аймақтың мәдениеті мен өнерін дамытуда елеулі үлес қосып келеді. Ал, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған «Анаға тағзым» орталығы да қонақтар үшін ерекше әсер қалдырды. Бұл орталық отбасылық құндылықтарды насихаттап, ана мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды мәдени жобалардың бірі болып есептеледі. Одан соң журналистер аймақтағы маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналатын жылу электр орталығының құрылысымен танысып, «Жан-Арай» агро-индустриалды кешені мен жуырда…

Read More

– ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына ҚР заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен оқу мерзімі бір жыл, мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, квазимемлекеттік сектор субъектілері, мәслихаттар депутаттары үшін модульдік оқыту қағидаты бойынша магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша 2024 жылға қосымша қабылдау жүргізілуде. Құжаттар 2024 жылғы 01-30 қараша аралығында https://admission.apa.kz онлайн қабылдау жүйесі арқылы қабылданады. Үміткерлер үшін магистратураның білім беру бағдарламаларына шет тілін білу деңгейі талап етілмейді,- деді Ақзада Алайдарқызы. Оқуға ақылы негізде, өндірістен қол үзбей күндізгі қашықтықтан оқыту магистратураның «ЕМРА – Мемлекеттік басқару» бағдарламасы бойынша құжаттарды тапсыру сәтінде басшылық лауазымда кемінде екі жыл еңбек…

Read More

10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру 73,5 млн тоннаны құрады. Биылғы мұнай өндіру болжамы 88,4 млн тоннаны құрайды, — деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында. Сәтқалиевтің айтуына қарағанда, жоспармен салыстырғанда өндіріс көлемінің төмендеуі Теңіз және Қашаған ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты болып отыр. Сондай-ақ өндіріс көлемінің төмендеуіне Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс тоқтаулар мен Орынбор газ өңдеу зауытынан газ алуға шектеулер әсер етті. Өндіріс деңгейінің төмендеуіне ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелердің орындалуы да әсер етіп отыр, — деді ведомство басшысы.

Read More

Бұл ретте тазартылған ағын суды емдік-сауықтыру мақсатта пайдаланылатын су нысандарына жіберуге тыйым салынады. Су нысандарын сарқылудан қорғау үшін су пайдалану лимиттерін белгілеу, су ресурстарын басқарудың жаңа технологияларын енгізу әрі қолдану, су айындарын қорғау және басқа да іс-шаралар көзделеді. Жаңа Су кодексінің жобасы су нысандарын қорғау жөніндегі іс-шараларды едәуір кеңейтеді және су пайдалануды реттеуді жетілдіреді. Су нысандары экожүйесін сақтау үшін судың ең төменгі рұқсат етілген деңгейі айқындалған — «экологиялық ағын» ұғымы енгізілуде. Бұл су көздерін сарқылудан және басқа да жағымсыз әсерлерден қорғайды,- деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаев.

Read More

USD/KZT – 498,34 (АҚШ доллары); EUR/KZT – 519,72 (Еуро); TRY/KZT – 14,42 (түрік лирасы); KGS/KZT – 5,76 (қырғыз сомы); AED/KZT – 135,68 (БАӘ дирхамы); GBP/KZT – 624,57 (Фунт стерлинг); CNY/KZT – 68,79 (Қытай юані); RUB / KZT – 4,85 (Ресей рублі); UAH / KZT – 12,06 (Украин гривнасы).

Read More