Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Шерзат Полатты өлтіргеннен кейін күдіктілер көлікте ән айтып, күлген
Жаңалықтар

Шерзат Полатты өлтіргеннен кейін күдіктілер көлікте ән айтып, күлген

29.05.2025417 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Сотта Шерзат Полаттың өліміне қатысты тың видеодәлелдер көрсетілді.

Талдықорғанда Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасуда. Сот отырысында Шерзаттың отбасы тарапынан адвокат “Land Cruiser” көлігінің бейнетіркегішінен алынған видеоны ұсынды. Бұл көлікте кейбір айыпталушылар отырған.

Бейнежазбада ер адамдардың дауыстары естіледі — олар күліп, балағат сөздер айтады, кейін басқа көлікке жақындайды. Сол жерде ауызша жанжал басталады, артынан екі көлік бір бағытқа қарай жүріп кетеді. Көлік ішінде айыпталушылармен бірге қыздар да болған.

Бұл — трагедиядан кейін бірден көліктегі видеорегистраторға жазылған жазбалар. Видеода айыпталушылар — Абзал Шынасыл мен Нұрқияс Ілиясовтың, сондай-ақ куәгерлер — Дана Жақсыгельді мен Эльмира Нұрбекованың дауыстары анық естіледі. Бейнежазбада бейәдеп сөздер, күлкі мен ән айту сәттері бар.

Сондай-ақ, Нұрқияс Ілиясоа Шерзаттың анасын ұрған. Неге Ілиясов “баламды кешірші” деп зар жылаған Бишембиеваны елемеген? Нағыз қылмыскер Нұрқияс болмасына кім кепіл?

Бұған дейін “шок күйінде болдым” деп мәлімдеген Эльмира Нұрбекова видео жазбада сабырлы түрде төбелес пен қару туралы айтып береді:

— Бір ер адам «екі ұңғылы мылтық» алып шықты. Біздің адамдар емес. Ол шетте жатыр.

— Оны лақтырып жіберді ме?

— Иә. Ол бізге қару кезенді. Сосын адамдар жүгіріп келді. Екеуі жерде жатыр.

Еске салсақ, айыпталушылар мылтық Шерзаттың ағасы — Нұрқанат Ғайыпбаевқа тиесілі болғанын айтқан.

Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот процесі 10 сәуірде басталған. 9 адам күдікті деп танылған. Оларға «Адам өлтіру», «Қылмысқа дайындалу және оқталу», «Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау», «Бұзақылық» және «Ұрлық» бабы бойынша айып тағылған. Сот күдіктілерді кінәлі деп таныса, олар 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Күдікті ретінде Абзал Шынасыл, Равиль Сәкиев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Шыңғыс Белғожаев, Нұрқияс Ілиясов Думан Ысқақ (кәмелет жасына толмаған) ұсталған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026328 Views

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026473 Views

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026524 Views
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026

Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді

10.06.2026

Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате анықталды

10.06.2026

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды

10.06.2026

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілін қабылдады

10.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.