Ол Талғар ісіне қатысты мәлімдеме жасады. Біздің өкілдеріміз полициядан Қаржаубайды ұстауды сұраған жоқ. Полицейлер айтқандай, оның туыстары қаза тапқан Нұрқанаттың жеке хатын жариялауға келісім бермеген. Қаржаубайды 15 тәулік қамауға алу туралы сот қаулысын заңсыз деп санаймыз (Сот өрескел заңбұзушылықтарға жол берді). Оған апелляциялық тәртіппен шағым түсірдік. Бүгін Қаржаубай Нұрымовқа қатысты полиция Қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады («Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру»), — деп жазды Нұрымовтар отбасының адвокаты Instagram-дағы жеке парақшасында. Бұған дейін Шерзат Болаттың әкесі қамауға алынғаны хабарланған. Сондай-ақ Болаттың ағасы өлер алдында туысына хабарлама жібергені белгілі болған.
Автор: un_admin
Үкімет ұсынған ақпаратқа сәйкес, мұнда жұмыс істеп тұрған мектеп – осы аймақтағы жалғыз білім беру мекемесі. Ғимарат 1981 жылы салынып, 2000 жылдары қосымша кеңейтілді. Бүгінде мектеп шамадан тыс толған: жобадағы 60 орынның орнына мұнда 123 оқушы оқып жатыр. Мектепте химия, биология, физика және география бойынша зертханалық кабинеттер, спорт залы, шеберхана, еңбек кабинеттері жоқ. Құрылысты бастау 2025 жылдың I тоқсанына жоспарланған. Айта кетсек, бұған дейін Үкімет бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдаған болатын. Олардың қатарында Зеренді ауылында (Ақмола облысы) спорт кешені, Темірлан ауылында (Түркістан облысы) музыка мектебі, Арқалықта дарынды спортшы балаларға арналған спорт орталығы, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған…
Орталықтың құрылысы «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірге жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта орталықта 16 үстел теннисі алаңы, 350 көрерменге арналған орындар, жаттығу залы мен әкімшілік бөлмелер бар, 31 қызметкер жұмыс істейді. Әрі қарай Премьер-министр кеңесшісі жаңа стадионның құрылыс барысын,бас мердігер «ВД строй-инжиниринг», бас жобалаушы «Жоба», техникалық қадағалаушы «Строй-проф» серіктестіктері атқарған жұмыстарды көрді. Стадион алдағы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ермек Маржықпаев шыны зауытының жұмысымен де танысты. Мұнда жылына 197,1 мың тонна шыны өндіріліп, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне экспортталады. Зауытта 373 маман еңбек етеді. Сонымен қатар, аймақ басшысы «Қызылорда Саз М» ЖШС қолға алған заманауи кірпіш зауытының…
Терминалға «Болат Өтемұратов қоры» әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде 16 млрд 600 млн теңге инвестиция салды. Әуежайдың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына, автожол салуға, аумағын абаттандыруға, жарықтандыруға жергілікті бюджеттен 4 млрд. 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Халықаралық талаптарға сай келетін жаңа нысанда ішкі және халықаралық рейстерге, транзиттік жолаушыларға арналған, CIP залдары, жүкті автоматты түрде беру жүйесі, «Duty Free» аймағы, сауда нүктелері, медпункт, кафе, ғибадат ету, жүк сақтау, ана мен бала бөлмелері бар. Екі қабатты ғимаратта сағатына 250 жолаушыға 10 төлқұжат бақылау кабинасы арқылы қызмет көрсетіледі. Айта кетейік, «Қорқыт Ата әуежайы» соңғы 9 айда жолаушылар мен жүк тасымалында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Қаңтар-қыркүйек айларында әуежайда…
Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ғабит Бабаев баяндады. – Мереке қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде өрт оқиғаларын болдырмау және жарақат алу жағдайларының алдын алу мақсатында профилактикалық шара ұйымдастырылып, кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындардан пиротехникалық бұйымдарды сатып аларда өнімнің сертификатталғанына назар аударуын сұраймыз. Міндетті түрде пайдалану нұсқаулығын мұқият оқу қажет. Сондай-ақ, тұтандырылған пиротехникалық бұйымдарды қолда ұстауға, бөлме ішінде, қауіпті аймақта пайдалануға, адамдарға қарай бағыттауға, тұтанбай қалған жағдайда оны қарау үшін еңкеюге мүлде болмайтындығын еске саламын, – деді Ғабит Әбдінәбиұлы. Айта кету керек, сертификатсыз, лицензиясыз пиротехникалық…
Мәжілісті бастамас бұрын шаһар басшысы қаланың әлеуметтік-экономикасын дамыту мен жетілдіру ісінде көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп келе жатқан экономика және қаржы бөлімінің басшысы Баймаханова Гүлнар Бұрханқызын мерейлі 60 жасқа толуымен құттықтады. Мұнан кейін қала әкімі Нұржан Сәбитұлы аймақ басшысының қолдауымен облыс орталығында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысы мен инфрақұрылымды дамыту шараларына тоқталып, жұмыстардың мерзімінде және сапалы аяқталуын қатаң тапсырды. – Жауапты мердігер мекемелер құрылысты сапалы аяқтап, тұрғындардың игілігіне уақытылы табыстауы керек. Табысталған нысандар бойынша тұрғындардан сапаға қатысты шағым түспеуі қажет. Сондықтан құрылыс компанияларынан сапалы жұмыс талап етіңіздер, – деді Нұржан Сәбитұлы.
Мерекелік іс-шараға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері Бақберген Досмамбетов, Бекмырза Еламанов, Биғали Қаюпов, «Қоғам» телеарнасының құрылтайшысы, ақын Шәкизада Әбдікәрімов, «Сыр елі әйелдер кеңесі» қоғамдық ұйымының төрайымы, білім саласының ардагері Райкүл Байназарова, жауапты сала басшылары мен аудан тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жетістіктерге тоқталды. «Бүгін – ғасырлардың үнін жаңғыртып, халқымыздың қазынасын еселеген Сыр руханияты үшін айтулы күн. Ең алдымен, баршаңызды мыңжылдықтардың мұраты, Алаштың асқақ арманы болған Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың…
Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте көтерілген мәселелерге орай жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктелді. –Биылғы 10 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 193 млрд. 900 млн. теңге болып, өңіріміз республикада бірінші орынға тұрақтады. Құрылысқа мемлекеттік бюджеттен 128 млрд. 500 млн. теңге бөлініп, 197 нысан салынуда. Ендігі міндет – басталған жұмыстарды аяқтап, нысандарды пайдалануға беру. Бекітілген эскиздік жобадан ауытқымауды, ішкі әрлеудің сапасын қатаң бақылауға алыңыздар. Тұрғын үйлердің де сапасына және инженерлік инфрақұрылыммен қамтылуына баса мән берілсін», – деді Н.Нәлібаев. Биыл «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қаржыландырудың барлық көзінен 701,6 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру…
Жиында аймақ басшысы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының жаңа басшысы Артаев Бақтияр Ғарифоллаұлын таныстырды. «Бүгінгі мәжілісімізді бастамас бұрын кадрлық өзгерістерге тоқталуға рұқсат етіңіздер. Мемлекет басшысы отандық спорт саласын кешенді реформалау арқылы бұқаралық, балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуды тапсырды. Ол үшін бізге өз ісін жетік білетін кәсіби мамандар, мықты басшылар, үздік менеджерлер керек. Осы орайда, Туризм және спорт министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы лауазымына Артаев Бақтияр Ғарифоллаұлы тағайындалды. Бақтияр Ғарифоллаұлы – барлығыңызға жақсы таныс, өз ісінің білікті маманы, мықты менеджер. Спорт саласының жандануына орасан зор үлес қосқан азамат.…
Аймақта қазақстандық күріштің 90%-дан астамы өндірілетіні белгілі. Суды көп қажет ететін дақылды баптаудың жаңа технологияларын енгізуде нақты қадам жасады. Мәселен, «Абзал және К» компаниясы италиялық екі ірі кәсіпорынмен, атап айтқанда, «Poluzzi Track System Engineering » және « Omodei Zorini» компанияларымен келісімге қол жеткізді. Сонымен қатар, «Ravaro» компаниясымен астық кептіргіш жеткізу туралы келісім жасалды. Мұнан бөлек, аймақ басшысы Түркияда «Arbel Group» компаниясының басқарма төрағасы Хусейн Арслан мырзамен кездесті. Кездесуде аймақтың күріш өндіру саласындағы мүмкіндіктері мен жаңа жобалар жайы талқыланды. «Облыста күріш өндірумен айналысатын әрі халықаралық нарықта табысты нәтижеге ие бірқатар ірі компанияларымыз бар. Олардың жетекшілері бірлесе жұмыс істеуге қызығушылық танытуда» –…