Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Әлем жаңалықтары»Илон Маск Трамптың кеңесшісі және DOGE басшысы қызметінен кетті
Әлем жаңалықтары

Илон Маск Трамптың кеңесшісі және DOGE басшысы қызметінен кетті

29.05.2025285 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Америкалық миллиардер Илон Маск АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігіндегі арнайы мемлекеттік кеңесші және Үкімет тиімділігі департаментінің (DOGE) басшысы қызметінен кеткенін мәлімдеді. 

Бұл туралы ол 28 мамыр күні кешке X (бұрынғы Twitter) желісінде жазды.

— Бюрократиямен күрес миссиясы аяқталды, — деп жазды Маск қысқаша қоштасу сөзінде.

Илон Маск Трамптың екінші президенттік мерзімі басталғанда арнайы құрылған DOGE департаментін басқарған болатын. Бұл құрылым мемлекеттік аппаратты реформалауға және федералды бюджетті үнемдеуге бағытталған. Ақ үй Маскқа федералды мекемелердегі шығындарды қысқарту, тиімсіз құрылымдарды тарату сияқты маңызды міндеттер жүктеген.

DOGE мәліметіне сәйкес, Маск басшылық еткен кезеңде АҚШ үкіметі 130 миллиард доллар үнемдеген. Сонымен қатар 260 мыңға жуық мемлекеттік қызметкердің саны қысқарған.

Илон Маск екі ай бұрын берген сұхбатында DOGE-тегі жұмысы мен жауапкершілігі оның жүйкесіне әсер ете бастағанын айтқан болатын.

— Дональд Трампқа ысырапшыл шығындарды қысқартуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын, — деп жазды Маск өзінің жазбасында.

Еске салайық, Илон Маск – Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы, әлемдегі ең ықпалды кәсіпкерлердің бірі. Оның мемлекеттік қызметтегі рөлі ерекше назарға іліккен. Желі қолданушылары оның шешімін талқылап, келесі қадамдарын қызығушылықпен күтіп отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026717 Views

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026948 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.