Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Әлем жаңалықтары»Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың көзін жойғанын хабарлады
Әлем жаңалықтары

Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың көзін жойғанын хабарлады

29.05.2025305 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторында ХАМАС ұйымының негізгі басшыларының бірі — Мұхаммед Синвардың жойылғанын мәлімдеді. 

Бұл туралы ол Кнессетте сөйлеген сөзінде айтты.

«Біз ХАМАС-тың басқарушы құрылымын жою жолындағы бетбұрыс кезеңге жеттік. Біз Мұхаммед Синварды жойдық», — деді Нетаньяху.

Синвар ХАМАС-тың Газа секторындағы жетекшісі және оның әскери қанаты — «Иззеддин әл-Кассам бригадаларын» басқарған. Израиль тарабының мәліметінше, 13 мамыр күні Израиль қорғаныс армиясы Хан-Юнисте орналасқан Еуропалық аурухананың астындағы жерасты командалық бекетке соққы жасаған. Нысана ретінде дәл осы Синвар таңдалған.

Бұл операция Израильдің ХАМАС пен «Хезболла» қозғалысына қарсы бағытталған кең ауқымды әскери стратегиясының жалғасы саналады. Былтыр, 27 қыркүйекте Израиль әскері Бейрутқа жасаған әуе шабуылы кезінде «Хезболла» ұйымын 30 жылдан астам басқарған Хасан Насралланы өлтіргенін мәлімдеген. Кейінірек Израиль билігі Насралланың екі мұрагерінің де көзін жойғанын хабарлады. Премьер-министр Нетаньяхудың айтуынша, бұл операциялар Израиль әскери авиациясының тікелей шабуылдарының нәтижесінде жүзеге асқан.

Израильдің ХАМАС басшыларын жүйелі түрде жоюы Таяу Шығыстағы жағдайды одан әрі күрделендіріп отыр. Сарапшылар бұл қадамдар аймақтағы қақтығыстың жаңа кезеңге өтуіне себеп болуы мүмкін екенін айтады. Израиль тарапынан жасалған бұл қадам халықаралық қауымдастықтың назарын тағы да Газа секторындағы гуманитарлық жағдай мен қақтығыстың шешімін іздеуге бағыттауы мүмкін.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026856 Views

Трамп Ормуз бұғазында әскери операция басталатынын жариялады

04.05.2026425 Views

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026597 Views
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026

Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді

10.06.2026

Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате анықталды

10.06.2026

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды

10.06.2026

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілін қабылдады

10.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.