Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен. Экономика министрлігі мұндай нәтижеге өнеркәсіп пен құрылыс салаларынан бастап сауда, көлік және байланысқа дейінгі негізгі салалардағы өсім қарқынының жеделдеуі ықпал еткенін атап өтті. Өнеркәсіп өндірісі 6,4%-ға артқан. Елдің 17 өңірінде өсім байқалды: ең жоғары өсім +22,9% көрсеткішімен кен өндіру, тыңайтқыштар, портландцемент пен қант өндірісінің белсенді дамуының нәтижесінде Жамбыл облысында тіркелді. Түркістан және Жетісу облыстарында өндіріс 14,8%-ға, Алматы қаласында 14,1%-ға өсті. Шымкент қаласында өсім 18,9%-ға жетті. Ауыл шаруашылығындағы өсім 4,0%-ды құрады (қаңтар-сәуір айларындағы 3,9%-бен салыстырғанда). Ең айқын өсім Атырау облысында (+10,4%), Солтүстік…
Автор: un_admin
«Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (FAO) қолдауымен «Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және басқа жер пайдаланулары саласындағы көміртегі жобалары» тақырыбында тренинг өткізді. Іс-шара GCP/KAZ/005/GFF «Қазақстандағы климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен жайылымдық жерлерді қалпына келтіру үшін агроорманмелиорация» жобасы аясында ұйымдастырылды. Еліміз әлемдік орташа көрсеткішпен салыстырғанда климаттың өзгеруіне қатты ұшырап отыр – температура онжылдықта 0,32°С жоғарылайды. Бұл жайылымдардың тозуына, құрғақшылыққа, ауыл мен мал шаруашылығы өнімділігінің төмендеуіне алып келеді. AFOLU саласында климатқа төзімді тәжірибелерге көшу, тәуекелдерге бейімделу мен экожүйелердің көміртегін сіңіру қабілетін қалпына келтіруге көмектеседі. Зерттеулерге қарағанда, 2060 жылға қарай мал шаруашылығы еліміздегі парниктік газ шығарындыларының…
Олимпиада чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін 2025 жылдың 19 шілдесінде АҚШ-тың Пенсильвания штатында өткізеді. Бұл туралы беделді BoxRec порталы хабарлады. Қазіргі таңда оның қарсыласы кім екені әлі белгісіз. Сол күні өтетін бокс кешінде тағы бір қазақстандық танымал боксшы Иван Дычко да шаршы алаңға шығады. Елеусінов соңғы рет кәсіпқой рингке 2021 жылдың желтоқсан айында шыққан болатын. Ол кәсіпқой бокста 12 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 2016 жылы Рио Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған. 2021 жылы IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атанғанымен, мансабындағы үзіліске байланысты чемпиондық белбеуінен бас тартуға мәжбүр болды. Айта кетейік, 2024 жылдың 28 ақпанында…
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 6,5 мың кәсіпкер бар. Бұл қағаз жүзіндегі көрсеткіш емес, іс бастағандардың 96%-ы тұрақты жұмыс істейді. Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Марлен Нұртазаевтың дерегінше, былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 165 млн теңгеге 29 жоба басталған. Одан бөлек, өңірдегі темір-бетон, асфальт өндірісі секілді ірі жобалар биыл іске қосылады. Бір гектар аумаққа жылыжай салатын инвестор дайын. Алдағы 2-3 жылда 10 жоба іске аспақ. «Бұрын кәсіпкерлікте қызмет көрсетумен айналысатындар көп болатын. Қазіргі жобалар арасында өндірістік бағыт басым. Іспен айналысам дегендер арасында жастар көп», дейді бөлім басшысы. Мемлекет қолдауымен шаруасы алға басқан тұрғынның бірі – Наурыз Айымбетов. Бастапқыда 2 сотық…
«Совет өкіметі тұсында қазақ тарихы бұрмаланып, теріс түсінік берілді» деген сөз жиі айтылады қазір. Басылым беттерінде болсын, тарихқа қатысты бас қосқан жиындарда болсын. Жалғаны жоқ, анық еді. Куәміз, 70-жылдардағы қазақ тарихы оқулығының қалыңдығы пышақтың қырындай ғана-тын. Оның өзі мардымды оқытылмады. Бұл шежіреміздің отар кездегі күйі еді… Ал қазіргі тарихымыз бұрынғыдан да бетер сорақы жағдайға түсті. Білім мен ғылымға көңіл бөлудің орнына бүгінгі қазақ ру-тайпа ұймасынан шыға алмай жүр. Осы күні әркім өз аталасының немесе бабасының би болғанын, жырау не батыр болғанын жандарынан шығарған күмәнді деректерімен үздіксіз насихаттап, кейін оған сан миллиондаған қаржы шашып, кітап шығару, ас беріп, кесене, ескерткіш орнату…
Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 12 маусымда болатын Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі. Соған сәйкес Палата депутаттары алдағы бейсенбіде «2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды. Сенаторлар атап өткендей, Хаттама Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын ұлттық валютадағы жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру мүмкіндігімен толыққанды дербес халықаралық ұйымға айналдыру үшін жасалған. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да Сенат отырысының…
HR Enbek еңбек ресурстары порталында жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы арасында электрондық ұжымдық шартты жасасу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Кәсіподақ өкілі порталдағы жеке кабинетте ұжымдық шарт жобасын жасайды және оны жұмыс берушіге келісу үшін жібереді. Жұмыс беруші ЭҰШ жобасын бекіткен кезде ол еңбек заңнамасының сақталуын тексеру үшін автоматты түрде мемлекеттік еңбек инспекторының жеке кабинетіне жіберіледі. Мемлекеттік инспектор бекіткеннен кейін құжатқа жұмыс беруші қол қоя алады. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін жүйе ЭҰШ-пен жұмыстың барлық кезеңдерінде: жобаға қол қойғанда, оны қайта қарауға жіберген кезде, мемлекеттік еңбек инспекторы құжатты қабылдағаннан немесе қабылдамағаннан кейін автоматты түрде жұмыс…
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Павлодар облысында 743 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда. «Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 42 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын осындай объектілердің 20%-ы бейімделуі тиіс. Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%,…
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өткізілуде. Акцияға облыс тұрғындары, барлық мемлекеттік мекемелер, оның ішінде әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, кәсіпкерлік, туристік мекемелер, ірі сауда орындары мен мейрамхана иелері атсалысуда, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Бүгін облыс жастары Тараз қаласы Әулиеата ауданы 9 шағын ауданда «Таза аула» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Шараға қатысушылар тұрғындарымен бірге аулаға тазалық жұмыстарын жүргізді. «Белсенділер тарапынан экологиялық акция шаралары тұрақты ұйымдастырылып келеді. Акцияға қала тұрғындарының атсалысуы бізді қуантады. Біз табиғатты аялауды, қоршаған ортаны қорғауды өмір салтымызға айналдыруымыз қажет. Әрбір отырғызылған ағаш, әрбір жиналған қоқыс – бұл туған жерге деген махаббаттың көрінісі. Тазалық – тәртіптің, мәдениеттің, өркениеттің белгісі.…
Ипотека алу үшін бастапқы жарнаға қаржы керек. 20,30,50 пайыз бастапқы жарна болса, пәтер алуға мүмкіндігіңіз бар. Бұл туралы Aikyn.kz krisha.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 1-қадам. Бюджетіңізді есептеңіз. Ай сайын қанша төлей алатыныңызды анықтаңыз. Бастапқы жарна (пәтер құнының 20 %-ы) ретінде қанша сома бере алатыныңызды есептеңіз. 2-қадам. Сәйкес келетін ипотекалық бағдарламасы бар банкті таңдаңыз. Мөлшерлеме, несие мерзімі және бастапқы жарнаны салыстырыңыз. Банктердің шарттары, мөлшерлемесі және талаптары толық көрсетілген шолулар: Жаңа құрылыстарға ипотека – 2025: барлық банктің шарттары Екінші нарықтағы баспанаға арналған ипотека: барлық банктің шарттары Жер үйге арналған ипотека – 2025: барлық банктің шарттары Кеңес: ең алдымен жалақыңыз түсетін банктен бастауға кеңес береміз. Кейде…
