Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»2025 жылдың басынан бері 2 мыңнан астам адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды
Жаңалықтар

2025 жылдың басынан бері 2 мыңнан астам адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды

10.07.2025842 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ерікті қоныс аудару шеңберінде жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 2 202 адам, оның ішінде 1 091 қандас және 1 111 қоныс аударушы көшіп келді. Барлық қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Осы жылдың соңына дейін 9 653 адамды көшіру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Өңірлер бойынша Павлодар облысына – 672 адам, Солтүстік Қазақстан облысына – 532 адам, Қостанай облысына – 330 адам, Ақмола облысына – 215 адам, Шығыс Қазақстан облысына – 214 адам, Абай облысына – 145 адам, Атырау облысына – 90 адам, Ұлытау облысына – 4 адам қоныс аударды.

Қоныстану аймақтарына көшкен қандастарымыз негізінен Өзбекстаннан – 396 адам, Моңғолиядан – 310 адам, ҚХР – 286 адам, Ресейден – 52 адам, басқа елдерден – 47 адам келген.

Еңбекке қабілетті жастағы 790 адам келгендердің ішінен тұрақты жұмыс орындарына 374 адам жұмысқа орналастырылды, 10 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады.

Қоныс аударушылар мен кандастар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру, өнеркәсіп және т.б. салалар бойынша жұмысқа орналасты.

Қоныс аударудың өміріндегі оң өзгеріс болғанын атап өткен Тамара Айнаддинованың ізгілікке толы оқиғасы – сөзімізге дәйек.

«Мен Жамбыл облысынан Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылына сонау 2022 жылы көшіп келдім. Қоныс аударуға арналған облыстық квотаға енгізілгеннен кейін көшіп-қону үшін қаржылай көмек, сондай-ақ тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерге жұмсалған шығындарды өтеу үшін субсидиялар түрінде мемлекеттік қолдауға ие болдым», – деді ол.

Тамара Айнаддинова М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Жаңа тұрғылықты жеріне келгеннен кейін Кеңес Одағының Батыры И.М. Бережной атындағы Келлер орта мектебіне мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Қазір баласына күтім жасау үшін декреттік демалыста.

«Көшуге шешім қабылдағанымызға, қоныс аударушыларға жұмыс тауып беруге көмектесетін, алғашқы қаржылық көмек көрсететін мемлекеттен бағдарлама барына өте қуаныштымын. Мен осы жерде отбасын құрдым», – дейді кейіпкеріміз.

Ерікті қоныс аудару аясында қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылады:

— отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде көшуге арналған бір реттік субсидия;

— отбасы мүшелері саны мен елді мекенге байланысты 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 12 ай ішінде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай сайынғы субсидиялау;

— қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;

— жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;

— экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру.

Бұдан басқа, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«Татулыққа тағзым, адамзатқа алғыс» атты мерекелік шара өтті

10.03.202664 Views

Қазақстанда 7 халықаралық автомобиль дәлізі қалыптасты – Көлік министрлігі

03.03.2026198 Views

Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 89 мыңға жуық оқушы орны пайдалануға берілді

03.03.2026108 Views
Соңғы жаңалықтар

«Татулыққа тағзым, адамзатқа алғыс» атты мерекелік шара өтті

10.03.2026

Қазақстанда 7 халықаралық автомобиль дәлізі қалыптасты – Көлік министрлігі

03.03.2026

Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 89 мыңға жуық оқушы орны пайдалануға берілді

03.03.2026

Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 111 мыңнан астам қызмет алды

03.03.2026

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

03.03.2026

Өңірлерде су тасқыны қаупі бар учаскелерге мониторинг және тасқынға қарсы жұмыстар жүргізілуде

03.03.2026

Қазақстан табиғатты қорғау жөніндегі тұжырымдаманы бекітті

03.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.