Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жетісу облысында газбетонды блоктар шығаратын заманауи зауыт ашылды
Жаңалықтар

Жетісу облысында газбетонды блоктар шығаратын заманауи зауыт ашылды

09.07.2025824 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Жетісу облысында автоклавты қатайтатын газбетонды блоктар шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Бұл кірпіштің осы түрлерін өндіретін өңірдегі алғашқы кәсіпорын. Зауыттың қуаты жылына — 150 мың текше метр. Мұнда 50 жаңа жұмыс орны ашылған. Жаңа зауытқа 2,5 млрд теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Жетісу облысы құрылғаннан бері үш жыл ішінде өнеркәсіптік өндірістің жылдық көлемі 16,8% өсіммен 347 млрд теңгеге жетті. Осы жылдар ішінде өнеркәсіпте жалпы сомасы 85 млрд теңгеге 35 жоба іске асырылды. Олардың ішінде жел және су электр станциялары, өнеркәсіптік аккумуляторлар мен күн панельдерін шығаратын зауыттар бар.

«Жалпы Жетісу – құрылыс қарқынды жүргізіліп жатқан өңірлердің бірі. Облыста әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер жаппай салынып, инженерлік коммуникациялар жүргізілуде. Жаңа зауыттың іске қосылуы құрылыс саласын жергілікті материалдармен қамтамасыз етіп, өңірдің құрылыс индустриясын дамытуға және шетелдік өнімдерге тәуелділікті азайтуға ықпал ететін болады», –деді облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов зауыттың ашылу салтанатында.

Кәсіпорын «Талдықорған» индустриялық аймағының аумағында орналасқан.

Зауыттың өндірістік директоры Дәурен Нұрәлінің айтуынша, бұл аймақтағы осындай алғашқы зауыт, өйткені облыста кірпіштің бұл түрлерін өндіретін кәсіпорындар әзірге жоқ.

«Біздің зауытта өндірілген автоклавты қатайтылған газдалған бетон кірпіштер тиісті нормалар мен стандарттарға сәйкес жасалады. Кірпіштер Қытай технологиясы бойынша шығарылады, жергілікті мамандар заманауи жабдықта жұмыс істеу үшін арнайы оқудан өтті. Кірпіштің бұл түрінің басты ерекшелігі – ол қыста жылуды өте жақсы сақтайды, ал жазда бөлмені салқын күйінде ұстап тұрады. Сондықтан ол негізінен көп қабатты үйлер мен жалпы тұрғын үйлер салуда пайдаланылады. Өндірісте жергілікті шикізат қолданылады. Біздің өніміміз ең алдымен Жетісу облысында және көрші Алматы облысында саудаланатын болады», – деді Д. Нұралы.

Кәсіпорында қазір 50 тұрақты жұмыс орны ашылды. Мұнда түрлі саладағы жергілікті мамандар жұмысқа орналастырылды. Зауыттың тегін жатақханасы бар, сондай-ақ қызметкерлер күніне үш рет ыстық тамақпен қамтылады.

Жалпы Жетісу облысының өнеркәсіптік әлеуетін 500-ден астам кәсіпорын танытып отыр, осы салада 30 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Өңірдегі өнеркәсіптің басым бөлігі тамақ өнімдерін, құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ машина жасау бағытында жұмыс істейді. Сонымен қатар жеңіл, химия, металлургия салалары дамып келеді. Бұл ретте 2027 жылға дейін өнеркәсіп саласында 1,7 трлн теңге сомасына тағы 34 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

30.10.2025339 Views

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

30.10.2025637 Views

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

30.10.2025258 Views
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

30.10.2025

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

30.10.2025

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

30.10.2025

Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесті

30.10.2025

Үкіметте экономикаға инвестиция тарту қарқыны қаралды

30.10.2025

Президент Өнер орталығына барды

30.10.2025

Президентке Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде баяндалды

30.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.