Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Бес жылда 40-тан астам жаңа су қоймасын салу жоспарлануда
Жаңалықтар

Бес жылда 40-тан астам жаңа су қоймасын салу жоспарлануда

09.07.2025717 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстан бойынша 1395 тірек гидротехникалық құрылыс (ГТҚ) бар. Су тасқынына дайындық мақсатында Бассейндік инспекциялар ТЖД өкілдерімен, жергілікті атқарушы органдармен және «Қазсушар» РМК-мен бірлесіп ГТҚ-ны көзбен шолып тексеру жүргізеді. Биылғы зерттеу қорытындысы бойынша жөндеуді қажет ететін 560 ГТҚ анықталды, оның 540-ы қанағаттанарлықсыз және 20-сы апатты жағдайда, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылдың соңына дейін Қазақстанда жаңадан 42 су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 37 су қоймасын реконструкциялау жоспарланып отыр. Бұл ауыл шаруашылығын сумен тұрақты қамтамасыз етеді, су басу қаупін және трансшекаралық суларға тәуелділікті азайтады. Солтүстік өңірлерде жаңа су қоймалары 216 елді мекенді су басуына жол бермей, 1,5 млрд м3 қарғын суды жинауға көмектеседі. Оңтүстікте олар суару алаңдарын 295 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2025 жылы ведомство республикалық бюджет және халықаралық қаржы ұйымдары есебінен 98 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Министрлік қазірдің өзінде Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында суару желілерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Қызылорда облысында өткен жылдан бастап жалпы ұзындығы 232 км – Жаңа Шиелі, О-2, Келінтөбе, Әйтек, Сунақата 5 су арнасында суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орната отырып, гидропосттарды реконструкциялау жобасы іске асырылуда.

Сонымен бірге Қызылорда облысының 16 магистралды және шаруашылықаралық арналарын автоматтандыру мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл жобаларды жүзеге асыру 2025 жылдан 2027 жылға дейінгі мерзімге жоспарланған, арналардың жалпы ұзындығы 2,6 мың км-ден асады.

Сондай-ақ 2025-2027 жылдары Түркістан облысында 80 арнаны және Жамбыл облысында 77 арнаны автоматтандыру жоспарланған. Қазіргі уақытта автоматтандыруға жататын арналар санының ұлғаюын ескере отырып, жобалау-сметалық құжаттама өзектендірілуде.

Автоматтандыру жобаларында су ресурстарын жоспарлау, пайдалану және басқару мүмкіндігі бар бағдарламалық шешімді қоса алғанда, шығын өлшегіштері бар қақпаларды орнату қарастырылған. Процесті қашықтан басқару және автоматтандыру объектіге шығу қажеттілігін жояды және судың таралуын бақылауға мүмкіндік береді. Операциялар қашықтан орындалады және тәуліктің кез келген уақытында автоматты түрде жұмыс істеу үшін ыңғайластырылады.

Суару арналарында автоматтандыруды енгізу жеке шаруашылық деңгейінде де, өңір ауқымында да бірқатар маңызды артықшылықтар мен ұзақмерзімді тиімділік әкеледі. Бұл шылқытып суару немесе жеткіліксіз суару факторларын жояды, фермерлер арасында ресурстарды ашық бөлуді қамтамасыз етеді.

Нәтижесінде бұл жобалар егіндік судың шығынын 20-30%-ға азайтуды және ауданы 420 мың гектардан астам суармалы жерлердегі суды есепке алуды қамтамасыз етуге тиіс.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өндірушілерімен су беруге қатысты 22,5 мың шарт жасалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық.

Бұдан басқа, осы жылдың соңына дейін топтық су құбырларын салу бойынша 24 жобаның 12-сін аяқтау жоспарлануда, бұл жалпы тұрғыны 423 мың адамды құрайтын 153 ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді. Тағы 52 елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылады.

Сонымен қатар биыл жаңадан 4 су қоймасының құрылысын бастау және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялау жоспарланған.

Батыс Қазақстан облысындағы құрылысы дайындалып жатқан «Үлкен Өзен» су қоймасы (28 млн м3) тасқын суларды жинақтау және ауыл шаруашылығы алқаптарын суару үшін пайдаланылатын болады.

Алты облыс аумағында цифрландыру элементтерін қолдана отырып, 115 арнаны қайта жаңарту жоспарлануда және Астана су қоймасын толтыру үшін құрылыстар салумен қатар қолданыстағы арнаны кеңейту және тазарту жұмыстары жүргізіледі. Бұдан басқа, 2025 жылы көлемі 256 мың га аспалы 1,9 мың км астам суару каналдарын пайдалануға беру көзделген.«Қазсушар» филиалдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін Үкіметтің қолдауымен 757 бірлік арнайы техника мен көлік сатып алу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда 273 арнайы техниканы «Қазсушар» филиалдары қабылдады.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, биыл 150 мың гектар суармалы жерге қосымша су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланып отыр.

Сонымен бірге субсидияларға сараланған тәсіл енгізілді: суды үнемдейтін технологияларды қолданатын фермерлерге үлкен көлемдегі мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бұл тиімді суару жүйелеріне – жаңбырлату, тамшылату, лазерлік орналастыру тәсілдеріне көшуді ынталандырады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

СЫР ӨҢІРІНДЕ СПОРТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

24.08.20251 694 Views

«ДОНОР БОЛ!» атты қайырымдылық акциясы өтті

22.08.2025346 Views

Жамбыл облысында өңірлік мемлекеттік табиғи парк құрылды

21.08.2025604 Views
Соңғы жаңалықтар

СЫР ӨҢІРІНДЕ СПОРТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

24.08.2025

«ДОНОР БОЛ!» атты қайырымдылық акциясы өтті

22.08.2025

Жамбыл облысында өңірлік мемлекеттік табиғи парк құрылды

21.08.2025

138 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңартылған мектептерде бастайды

21.08.2025

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ БІРҚАТАР АУЫЛДАРЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНУДА

21.08.2025

Трамп: Зеленский мен Путин кездесуге келісіп алды

20.08.2025

Берденовқа оқ атқан Ернар Жиембайға үкім шықты

20.08.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.