Алла қаласа, биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 6 маусымда басталады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірқатар алыс та жақын мұсылман елдерінің ғұламаларымен, пәтуа шығару орталықтарымен кеңесіп, осындай пәтуа қабылдады. Мұсылманша қасиетті зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ынтамен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысқан абзал. Өйткені қасиетті хадис-шарифтерде осы айда орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған. Ал арапа күні ораза ұстау – сүннет амал. Шамасы келмеген адамға ораза ұстау міндет емес. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін» деген. Бағзы заманнан…
Автор: un_admin
Солтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстарды өңірдің мәдени-тарихи мұрасымен үйлестіре отырып, туристік саланы белсенді дамытуда. Имантау-Шалқар курорттық аймағы басым бағыт болып қала береді, алайда облыс орталығы — Петропавл қаласы да тартымдылыққа ие болуда, деп хабарлайды олыс әкімдігі. Бай архитектуралық келбеті, тарихи нысандары және жаңартылатын инфрақұрылымы бар қала туристерді тартудың перспективалы нүктесі ретінде қарастырылады. Бүгінгі таңда Петропавл бойынша Абылай хан резиденциясы, Ботаникалық бақ, Қазақстан Конституциясының жаяу жүргіншілер көшесі — әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшелерінің бірі, Қалыңдық үйі, Пестрое көлі, сондай-ақ бейнелеу өнері мұражайы сияқты басты көрікті жерлерді қамтитын 28 туристік маршрут әзірленді. Экскурсиялық турларды туристік фирмалар да, аймақтық туристік қауымдастық та…
Мамыр айының соңына дейін Сарыарқа археологиялық институтының ғалымдары Шет ауданында іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізді. Олар 25 жаңа тарихи-мәдени мұра ескерткішін тапты, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі. Бұл тарихи ескерткіштердің негізгі бөлігі – әртүрлі дәуірге жататын жеке қорғандар мен тұтас қорымдар. Әзірге егжей-тегжейлі зерттеусіз олардың нақты жасын анықтау мүмкін емес. Алайда, өзіне тән белгілерінің жиынтығы бойынша ғалымдар табылған ескерткіштердің үш дәуірге – қола дәуіріне, ерте темір дәуіріне және орта ғасырға жататынын анықтай алды. – Барлық табылған ескерткіштер туралы біз жергілікті атқарушы органдарға ресми түрде хабарлауымыз керек. Ал олар бұл орындарды күзетке алуға тиіс. Тек осыдан кейін ғана одан әрі зерттеулер, қазбалар жүргізуге…
Қазақстанға жаңа керқұландар тобы әкелінді. Бұл — «Жабайы жылқылардың оралуы» жобасы аясындағы екінші халықаралық тасымал, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Жаңа керқұландар тобы (төрт жылқы) Прага хайуанаттар бағы мен мажар Hortobágy ұлттық паркінен әкелінді. Жануарлар «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы жабайы тұяқтыларды реинтродукциялау орталығындағы кең қашаларда бір жыл ұсталады да, кейін жабайы табиғатқа жіберіледі. Орталықта жылқыларды жайғастыратын қажетті инфрақұрылым мен күтіп қарайтын мамандар бар. «Қазақстандағы биоәралуандықты сақтау жұмысының жетекші органы ретінде табиғатымызды қалпына келтірудегі осындай маңызды кезеңді басқару — біз үшін асқан құрмет. Бір жылдық жұмыстың керемет нәтижесі — екінші топ керқұландар аман-есен келіп жетті, ал…
Бүгін «Достық» үйінде ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» атты кездесу өтті. Оған Конституциялық сот судьясы Айгүл Қыдырбаева, Конституциялық Сот Аппаратының талдаушысы Алия Бердібаева, Бас прокуратура өкілі Серік Әділкенұлы, заңгерлер мен аймақ прокурорлары қатысты. Басқосуда қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мемлекетті дамыту, азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов төрағалық етіп, қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен құттықтады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен еліміз үшін аса маңызды саяси реформалар жүзеге асырылды. Бұл өз ретінде елдің басты заңы – Конституцияға бірқатар өзгеріс жасауды талап етті. 2022 жылы республикалық референдум өткізіліп, Ата Заңның…
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге қатысты мәжілісте Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Айтымбетова Ләззат Қанибайқызы таныстырылды. Осыған дейін аталған департамент басшысы болған Байменова Ғалия Абсадыққызы зейнет жасына жетіп, құрметті еңбек демалысына шықты. Облыс әкімі Ләззат Қанибайқызының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар міндет жүктеді. «Жаңа басшыға медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау функцияларын атқаруды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысын қатаң бақылауды тапсырамын», – деді Нұрлыбек Нәлібаев. Айтымбетова Ләззат Қанибайқызы 1974 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институтында «Провизор», Орталық Азия университетінде «Қаржы және несие» мамандықтары…
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай мәжіліс өтті. Онда «Қазпошта» акционерлік қоғамы төрағасының бұйрығымен Қызылорда облыстық филиалы директоры қызметіне тағайындалған Ізтілеуова Айзат Өмірзаққызы таныстырылды. Осыған дейін «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қызылорда облыстық филиалының директоры лауазымын атқарып келген Кенжебаев Ғалымжан Арыстанбекұлы Ұлытау облыстық филиалының директоры қызметіне ауысты. Облыс әкімі жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, халыққа қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыруды, аудандар мен ауылдарда пошталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді тиімді іске асыруды тапсырды. Ізтілеуова Айзат Өмірзаққызы 1972 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясында «Экономист» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 1995 жылы жылу-электр орталығында бухгалтер ретінде…
Бүгін Қызылордадағы «Өнер орталығында» көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулеттің «Сыр мен жыр» атты шығармашылық кеші өтті. Кешті облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өнерсүйер қауым тамашалады. Аймақ басшысы қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар ақынның шығармашылығына, бүгінгі кештің рухани маңыздылығына тоқталды. «Биыл наурыз айында Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, бір ғасыр бұрын Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиында қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында…
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылордадағы «Рәміздер алаңында» 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жалпыұлттық патриоттық акция өтті. Мерекелік іс-шараға облыстық мәслихат төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, зиялы қауым, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Салтанатты шара театр актерлері мен облыстық филармонияның аралас хорының, «Ай-ару» би ансамблінің «Алаштың асқақ арманы» қойылымымен басталды. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жиналған жұртшылықты құттықтап, тәуелсіз еліміздің өркендеу тарихындағы мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын атап өтті. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Әнұранымыз – еркіндік пен…
Спорт – ұлт саулығының негізгі кепілі. Ал, білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – мемлекеттің ең қымбат қазынасы. Олай болса, халықтың тұрақты түрде спортпен шұғылданып, белсенді өмірге араласуы үшін мемлекеттік қолдаудың маңызы айрықша. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында «Спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу – ұлт саулығының кепілі», — деген болатын. Соңғы жылдары Сыр спортында жағымды жаңалық көп. Мемлекет басшысы және Үкіметтің ерекше қолдауымен аймақ басшысының тікелей бастамасымен Сыр өңірінде спорттық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі жолға қойылды. Жыл басынан бері облыс орталықтары мен аудандарда 10-ға жуық заманауи үлгідегі спорт кешені…
