Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда «Jańa Dala / Green Day ‘2025» мамандандырылған көрме-көрсетілімі өтеді
Жаңалықтар

Қазақстанда «Jańa Dala / Green Day ‘2025» мамандандырылған көрме-көрсетілімі өтеді

09.07.2025528 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Дала күні форматындағы дәстүрлі аграрлық форум 2013 жылдан бері өткізіліп келеді және еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірісінің заманауи технологиялары, жоғары өнімді техникасы мен инновациялық әзірлемелері таныстырылатын ең ауқымды демонстрациялық алаң болып саналады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Биылғы ауқымды шара 17–18 шілде күндері Ақмола облысындағы «Ақтық» АҚ демонстрациялық алқаптарында өтеді.

«Jańa Dala / Green Day ‘2025» алаңында жақын және алыс шетелден 20-дан астам елдің 200-ден аса компаниясы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен агробизнес саласының 5 мыңнан астам кәсіби өкілі жиналады деп күтілуде. Қазақстан мен әлем ауыл шаруашылығы саласындағы ең өзекті және келешегі зор бағыттар «Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары», «Егін шаруашылығы», «Мал шаруашылығы», «Тиімді гектар» секциялары арқылы таныстырылады.

Көрме аясында 500-ден астам ауыл шаруашылығы техникасы мен кең қолданылатын жоғары технологиялы жабдық түрлерінің таныстырылымы мен көрсетілімі жоспарланған. Сонымен қатар, іс-шара бағдарламасында мал шаруашылығы, генетика мен селекция, ветеринария, агрономия, агрохимия және органикалық егіншілік салаларындағы жетістіктер мен заманауи жаңалықтар ұсынылады.

Көрмеде жаһандық агроөндірістегі жаңа үрдістер де көрсетіледі. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудегі цифрлық технологиялар, өсімдіктерді биологиялық әдіспен қорғау, сүт фермаларын роботтандыру, топырақты талдауға арналған сенсорлық технологиялар, агродрондарды пайдаланудың кеңеюі, фермерлерге арналған заманауи жол талғамайтын көліктер мен пикаптар бар.

Мазмұнды іскерлік бағдарламамен қатар, техника мен технологиялар көрмесі аясында «Jańa Dala / Green Day ‘2025» өз қонақтарын ғылыми-тәжірибелік мазмұнмен және қызықты шоу-бағдарламалармен қуантпақ. Олардың ішінде ет бағытындағы ірі қара мал тұқымдары арасындағы Ұлттық байқау – «Jańa Dala / Green Day ‘2025»-тің «Үздік бұқасы», Black Angus, Qazaq Aqbas, QALMAQ Meat өкілдерінің қатысуымен өтетін шеберлік сабақтары мен конкурстар, ауыл шаруашылығы жануарлары көрмесі және басқа да шаралар бар.

Сонымен қатар, Қазақстан ветеринариялық мамандарының алғашқы Құрылтайын өткізу жоспарланып отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026691 Views

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026515 Views

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202678 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.