Автор: un_admin

Қазіргі жаһандық геосаяси сын-қатерлер жағдайында ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің мінсіз жұмысы, жоғары жауапкершілігі мен кез келген жағдайға жедел әрекет етуге дайын болуы – қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі. Мереке құтты болсын! Отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізде толағай табыс тілейміз!

Read More

Елімізде 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен шығармашыл жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталып жатыр. Грант конкурстық негізде 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі. Олар: «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» және «Волонтерлік» бағыттары. Грантты жүзеге асыру кезеңдерінде 123 жас азамат республикалық деңгейде «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері атанды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаровтың айтуынша, бұл грантқа 14 жастан 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады. «Қағидаларға сәйкес конкурс екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – конкурстық өтінімдерді қабылдау және қарау. Екінші кезең – конкурстық өтінімдерді бағалау және конкурстық…

Read More

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) ашылуы Қазақстанда шұғыл медициналық көмек көрсетуді кластерлік үлгі бойынша жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді. Кезек күттірмейтін және шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесінде бірегей көпбейінді аурухана, жаңа борттары бар медициналық авиация, бүкіл ел бойынша жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру орналасқан, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. ҰШМҮО көпбейінді ауруханасы – 29 бағыт бойынша жұмыс істейтін 9 клиникалық департаментті қамтитын 250 төсектік заманауи клиникалық база: жалпы хирургия, акушерлік, полижарақат, терапия, кардиоторакалдық хирургия және кардиология, амбулаториялық хирургиясы бар урология, комбустиологиясы бар іріңді-септикалық хирургия, гинекология, нейрохирургия департаменті. «Егер бұрын елдің барлық шұғыл қызметтері шашыраңқы болса, бүгін біз ел бойынша…

Read More

Еліміздің білімді әрі шығармашылығын дамытып, еңбектенуге ұмтылған жастарын қолдауға бағытталған бірқатар бағдарлама мен жобалар іске асырылып жатыр. Солардың бірі – 1992 жылдан бері тағайындалып келген «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы. Биыл  «Дарын» сыйлығына үміткерлердің құжатын қабылдау 26 маусымда басталды. Өтінімдерді қабылдау 27 тамызға дейін жүргізіледі. Толық ақпарат ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында қолжетімді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров ОКҚ брифингінде хабарлады. Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» сынды 10 аталым бойынша жүргізіледі. «Дарын» – жастар үшін ең маңызды…

Read More

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қанат Қабылбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында стандарттарды енгізудің әлеуметтік және экономикалық әсері жайлы баяндады. Мәселен, цемент өндірушілер «Сәйкестікті бағалау. Цементтердің сәйкестігін растау тәртібін» әзірледі. Соның арқасында контрафактілік цемент саны азайды және цемент өндірісі 25%-ға өсіп, үшінші елдерден (ЕАЭО емес) импорт 60%-ға төмендеді. Сондай-ақ «Мүгедектігі бар адамдардың және мобильділігі төмен топтардың қажеттіліктерін ескере отырып, халық үшін инфрақұрылым объектілері мен қызметтердің қолжетімділігі. Жалпы талаптар. Қолжетімділік шарттары» қабылданып, барлық азамат үшін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың мобильділігі төмен топтары үшін қолайлы және қауіпсіз орта құруға бағытталған. «Осы стандартты енгізу мүгедектігі бар…

Read More

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорған ауданында теміржол арқылы өтетін аспалы көпір ашылды. Оған Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жаңақорғандықтарды жаңа көпірдің ашылуымен құттықтап, өңірдегі жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстарына тоқталды. “Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орын алатын еліміздің көлік-транзит саласында зор мүмкіндіктері бар. Бұл – айрықша назар аударуды талап ететін стратегиялық бағыт», — деген болатын. 2023-2025 жылдары аймағымыздың 1 232 шақырым автомобиль жолдары мен көшелерін, 18 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуге 121 млрд. 500 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайызға жетті.…

Read More

Ел экономикасы салаларының қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық бірыңғай мемлекеттік құжаттар қоры ұлттық стандарттармен үнемі толықтырылып отырады. Жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттық ресурсы 75 924 құжатты құрайды, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары – 9 706, мемлекетаралық стандарттар – 26 мыңнан асады, мемлекеттік органдарда – 2 мыңға жуық, шет мемлекеттердікі – 36 мыңнан асады, халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратының 11 ұлттық жіктеуіші бар. Бүгінгі таңда экономиканың барлық саласы стандарттармен қамтылған. Бұл жайында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қанат Қабылбеков ОКҚ алаңында хабарлады. Оның айтуынша, денсаулық сақтау және ветеринарияда – 283, ауыл шаруашылығында –…

Read More

Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық процестегі жарыспалылықты нығайтуға, сондай-ақ қылмыстық процесті оңтайландыру мен бюрократияны азайтуға бағытталған заң әзірленді. Құжаттағы негізгі өзгерістер туралы ҚР Әділет министрлігі Қоғамдық тәртіп саласындағы заңнама департаментінің директоры Думан Сүлейменов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында түсініктеме берді. Думан Сүлейменов атап өткендей, қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік елдегі ормандарды заңсыз кесу, жануарларға қатыгездік таныту немесе мал ұрлау сияқты резонанстық оқиғаларға байланысты өзгереді. «Заңға сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Сталкинг – адамның заңсыз қудалануын білдіреді, ол қоғамға елеулі қауіп төндіреді. Бұл әрекет жәбірленушіге психологиялық жарақат келтіруге бағытталған. Көбінесе қудалау кезінде қорқыту, ар-намысты үлгілеу, тұқырту, қорлау сияқты…

Read More

Кездесу барысында Қазақстан мен Швейцария Ұлттық банкі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев швейцариялық мамандар Қазақстанның Ұлттық банкіне тәуекелдерді басқару және төлем жүйелері секілді бағыттар бойынша техникалық көмек көрсететінін атап өтіп, олардың қызметіне жоғары баға берді. Өз кезегінде Мартин Шлегель Қазақстан мен Швейцария ұлттық банктері арасында ақша-кредит саясаты және цифрлық қаржы салаларындағы диалогты жолға қойып, өзара ықпалдастық аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Сонымен қатар әңгімелесу барысында валюта нарығын нығайту, ұлттық валюталарға сенімді күшейту шаралары және цифрлық активтерді дамыту мәселелері қарастырылды.

Read More

Астана қаласының туризмді дамыту орталығының өкілі халықаралық әртістер мен туристер тарапынан қалаға деген қызығушылықтың тұрақты өскенін атап өтті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр елордаға 1,5 млн турист келген, оның 350 мыңы – шетелдік қонақтар. Бұл туралы Орталық басшысы Артем Квашук ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, биыл шамамен 1,7 млн турист келеді деп күтілуде. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында елордаға 300 мың қонақ келді, оның 68 мыңы – шетелдіктер. Спикер атап өткендей, бүгінде елорда тек саяси және іскерлік орталық қана емес, сонымен қатар белсенді мәдени және іс-шаралар алаңына айналуда. «Backstreet Boys тобының концерті сияқты ауқымды іс-шараларды өткізу қалаға бірінші кезекте төлем…

Read More