16 адамнан құралған топ Сырдария өзені мен Шардара су қоймасында аса ірі көлемде балық аулап, сатумен айналысқан. Яғни бірі балық ауласа, енді бірі тасымалдаушы, тағы бірі сатушы болған. Кейбірі бұған дейін осындай қылмыстары үшін сотталғаны белгілі болды. Олардан бір тоннадан астам балық, 12 қайық пен қозғалтқыштар тәркіленді. 2 мың метрден астам балық аулау торы және басқа да браконьерлікке арналған құрал-жабдықтар алынды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асады. Қазір іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Автор: un_admin
Маусым айының әр үшінші жексенбісінде біз денсаулығымыз бен өмірімізді сеніп тапсыратын жандардың – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі. Бұл күні дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер мен санитарлар өздерінің төл мерекесін тойлайды. Медицина қызметкері болу – тек терең білім мен мол тәжірибені ғана емес, сонымен қатар адамгершілік пен жанқиярлықты қажет ететін абыройлы міндет. Бүгінде елімізде бірегей операциялар жасалып, заманауи технологиялар мен озық емдеу әдістері кеңінен қолданылып келеді. Өз өмірін осы бір асыл мамандықпен байланыстырған барлық жанды құттықтаймыз. Ерен еңбектеріңізге, жанашырлықтарыңыз бен іске адалдықтарыңызға алғыс айтамыз!
Қазақстанда маусым айының әр үшінші жексенбісінде Әкелер күні тойланады. Әке -өміріміздің алғашқы күнінен бастап жанымызда жүретін, жауапкершілікке, әділдікке, табандылыққа баулитын, қиындықтарды еңсеруге көмектесіп, қолдау көрсететін, сенім сыйлайтын арқа сүйер жан. Әкенің махаббаты, қамқорлығы мен тәрбиесі – баланың болашақ жетістіктерінің берік негізі. Әкелер күні құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық пен табыс тілейміз.
Жаңақорған ауданының тұрғыны Наурызбай Айымбетов ауылда тұрғанымен қарап жатпай, өз кәсібін бастаған. Ол «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 3 944 000 теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, жылыжай тұрғызған. Бүгінде бұл жерден қияр мен қызанақ өнімдері алынып, ауыл тұрғындарына қолжетімді бағада сатылып келеді. «Жылыжай – бір күндік тірлік емес. Күнделікті күтім, уақтылы бап, тұрақты еңбек қажет. Қазір өзіміз күтіп-баптап отырмыз. Отбасымызбен бірге істейміз. Бастысы – халық разы, өнімге сұраныс бар, – дейді кәсіп иесі. Жылыжайдың жалпы көлемі ауыл тұрмысына бейімделген. Жылы мезгілде өнім молырақ алынса, қыста да қажетті жағдай жасалған. Қазіргі таңда қияр мен қызанақтың көлемі өсіп келеді және қосымша…
Трамп Иран мен Израиль қақтығысы туралы сөз етті, деп хабарлайды ALASH.KZ. Біз Иранның ядролық мәселесін дипломатиялық жолмен шешуге бұрынғыдай берік бейілдіміз! Менің әкімшілігімдегі барлық қызметкерлерге Иранмен келіссөз жүргізу тапсырылды. Иран ұлы мемлекетке айнала алады, бірақ ол үшін алдымен ядролық қаруға ие болу үмітінен толық бас тартуы керек. Осы мәселеге назар аударғандарыңыз үшін алғыс айтамын! Мемлекеттік департамент басшысы Рубио мәлімдеме жасады. Ол АҚШ Израильдің Иранға жасаған соққыларына қатысқан жоқ және ешқандай көмек көрсетпегенін айтты. Бүгін кешке Израиль Иранға қарсы біржақты әрекет жасады. Біз бұл соққыларға қатысқан жоқпыз, қазіргі басты басымдығымыз – аймақтағы америкалық күштердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Израиль бұл әрекеттерін өз-өзін қорғау…
Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқан ер адамның оқиғасы күллі әлемді жылатты. Лондонға қайтып бара жатқанда қаза тапқан Арджун Патолия өзінен бір апта бұрын көз жұмған жұбайының соңғы тілегін орындап, Үндістанға оның мәйітінің күлін өзенге шашуға барған. Екі баланың әкесі Арджун Патолия Air India әуе компаниясының AI-171 рейсімен Ұлыбританиядағы үйіне оралмақ болған. Ол Гуджарат штатындағы ауылға барып, жұбайы Бхаратибеннің күл салынған гүлді құмырасын қасиетті өзенге салған. Ерлі-зайыптылардың төрт және сегіз жастағы екі қызы бар, олар Ұлыбританияда қалған. Бхаратибен Патолия бар-жоғы жеті күн бұрын Лондонда қайтыс болған. Оның соңғы тілегі – туған жеріндегі қасиетті өзенге күлін шашу еді. Нармада өзені Амрели аймағы…
Израиль әскери шенеунігінің Reuters агенттігіне берген сұхбатына сәйкес, Иран жасырын түрде ядролық қару жасау бағдарламасын дамытып жатыр. Оның айтуынша, Тегеран бүгінде бірнеше күн ішінде 15 ядролық бомба жасауға жететіндей термоядролық материалға ие. Осыған дейін, Израиль Тегерандағы бірнеше нысанға әуе шабуылын жасады. Сол шабуыл барысында Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы Мұхаммад Багери қаза тапқан. Израильдік ақпарат көздерінің хабарлауынша, генерал Багери бұл операцияның басты нысанасы болған. Бұл оқиға аймақтағы ахуалды күрт шиеленістіріп жіберген. Израиль билігі 12 маусымда Иранға соғыс жариялау мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді. Қауіпсіздікке байланысты Қазақстан Республикасының Израильдегі елшілігі сол елдегі отандастарымызға үндеу жариялап, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды. Фото:…
Бірер сағат бұрын Иран Израиль аумағына 100-ден астам дрон жіберген. Бұл туралы Израиль қорғаныс күштерінің ресми өкілі Эффи Дефрин мәлімдеді. Қазіргі уақытта әуеге көтерілген дрондарды анықтап, жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Reuters агенттігінің хабарлауынша, аймақтағы шиеленістің ушығуына байланысты мұнай бағасы бірден 9%-ға көтеріліп, баррелі 75 доллардан асып түскен. Израильде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, Тель-Авив халықаралық әуежайы уақытша жабылған. Денсаулық сақтау жүйесі де жоғары дайындық режиміне көшіп, ауруханаларда қосымша орындар әзірленіп жатыр. Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, тұрғындар азық-түлік пен тұрмыстық қажеттіліктерді жаппай сатып алып жатыр. Сауда орындарында ұзын-сонар кезек пайда болған.
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов көлік саласындағы ірі инвестициялық жобаларды талқылауға арналған кеңес өткізді. Жиын барысында Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінде берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Кеңесте көлік министрінің міндетін атқарушы Мақсат Қалиақпаров, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев баяндама жасады. Көлік министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта теміржол саласында жалпы құны 2,3 трлн теңгені құрайтын бес ірі жоба іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Достық – Мойынты» учаскесіндегі (836 км) екінші жол, Алматы стансасының айналма жолы (75 км), «Дарбаза – Мақтаарал» темір жолы (152 км), «Қызылжар – Мойынты» және «Бақты – Аягөз» (272 км) бағыттарындағы жобалар…
Жер бетінде 13 маусымға қараған түні магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтына қарасты Күн астрономиясы зертханасы мәлімдеді. Ғалымдардың айтуынша, геомагниттік белсенділік түнгі сағат 00:00-де басталып, таңға дейін жалғасқан. Дауылдың қуаты G2.3 деңгейіне жетіп, орташа деңгейден жоғары болып тіркелген. Бұл энергетикалық жүйелер мен радиобайланысқа кері әсерін тигізуі мүмкін. Магниттік құбылыстың нақты себебі әзірге анықталмаған. Дегенмен зерттеушілер Күн плазмасының тығыздығы артқанын және магнит өрісінің айтарлықтай күшейгенін байқаған. Алайда күн желінің жылдамдығы әлі де тұрақты күйде қалып отыр. Бұл геомагниттік оқиға алдын ала болжанбаған және тосыннан басталған. Мамандардың болжамынша, 14 маусымға қараған түні Күннің оңтүстік жартышарында орналасқан корональдық…
