І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында Италияның Марке политехникалық университетінің (Marche Polytechnic University) филиалы ашылды. Бұл маңызды бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Салтанатты ашылу рәсіміне Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Антонелло Де Риу, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, оқу ордасының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Іс-шарада ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйлеп, филиалдың ашылуы екі елдің жоғары оқу орындарының тарихында ерекше орын алатынын айтты. «Жетісу…
Автор: un_admin
Мемлекет басшысы Барселона қаласында өткен халықаралық STEM олимпиадасында, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған химия пәнінен халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен қазақстандық оқушыларға құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев мұны еліміздің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалады. – Бұл – Қазақстанда білім беру саласы қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі. Мемлекет жастардың сапалы білім, тағылымды тәрбие алуына әрдайым баса мән береді. Еліміз сіздерді мақтан тұтады. Жарқын жеңістеріңіз көп болсын! – деп жазды Президент.
Қостанайда Қазақстанның солтүстігіндегі ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Тобыл» жаңа көлік-логистикалық кешенінің құрылысы ресми түрде басталды. Нысан қала аумағында орналасады және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген транзиттік стратегияны жүзеге асырудың негізгі нүктесіне айналмақ, деп хабарлайды Primeminister.kz. Іске қосу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, «Кедентранссервис» АҚ Бас директоры Елнар Жұматаев және Allur компаниялары директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев қатысты. Жоба «Кедентранссервис» АҚ қатысуымен, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда. Логистикалық кешеннің аумағы 133,6 гектарды құрайды, инвестицияның жалпы көлемі – 64 млрд теңге. «Тобыл» КЛК жобалық қуаты – жылына 400 мың жиырма футтық контейнерге (ЖФЭ)…
Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі 29 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіп, 42 нысан бойынша қауіпсіздік декларацияларын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Облыс әкімдіктері қазіргі таңда 19 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде Ақмола, Маңғыстау және Павлодар облыстарындағы үш нысанда жұмыстар аяқталды. Ал Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында зерттеу жалғасуда. Су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында биыл әкімдіктер 10 облыста 105 гидротехникалық нысанды зерттеуді жоспарлап отыр. Олар: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Жалпы 2028 жылдың соңына дейін 557 гидротехникалық нысанға зерттеу жүргізу…
Жапонияның Метеорологиялық басқармасының мәліметінше, 21 маусымнан бері елдің оңтүстік-батысындағы шағын аралдарда 2000-нан астам жер сілкінісі тіркелген. Токара аралдар тобына кіретін Акусэки мен Кодакара аралдарында тұратын 60-тан астам адам 5,5 магнитудалы жер сілкінісінен кейін шілде айының басында эвакуацияланған. NHK World-Japan хабарлауынша, сейсенбі таңындағы жағдай бойынша Токара аралдарында магнитудасы 1 және одан жоғары 2046 жер сілкінісі тіркелген. Жергілікті билік тұрғындарды аралдарға қайтару туралы өтініштерді бес күн қатарынан 4 баллдан жоғары жер сілкінісі тіркелмеген жағдайда ғана қарастырады. Kyodo мәліметінше, 4 баллдық жер сілкінісі жаяу жүрген адамдардың көпшілігіне сезіледі. Бұған дейін жүргізілген зерттеу нәтижесінде, осы аймақтағы екі шағын аралдың сейсмикалық белсенділіктің әсерінен небәрі үш…
Кеше Долинка кентінінің жайылымында 100-ге тарта қой-ешкі қырылып қалған. Қырылған ұсақ мал Абай ауданы Жартас ауылының фермеріне тиесілі. Кеше кешкі сағат 20:00 шамасында Абай ауданының ветеринар мамандары жайылымға келіп, өлекселерді мал қорымына тасып, жайылымды дезинфекциялаған. Мамандардың айтуынша, барлық қой-ешкі уақытында вакцина алған. Әзірге уланған деген болжам жасап отыр. Қазіргі уақытта сараптамалық-талдаудан өтіп, тексеріс жүріп жатыр.
Биылғы бес айдың қорытындысы бойынша өлімнің бірқатар көрсеткіштерінің төмендеуі және балалар мен аналарға медициналық көмек көрсету тиімділігінің өсуі байқалған. Осылайша, ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) деректеріне сәйкес, сәбилер өлімінің көрсеткіші 26,3%-ға, алты айда ана өлімі 9,7%-ға төмендеген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше оң нәтижелерге босандыру қызметі мен педиатриялық көмекті дамыту бойынша жүйелі жұмыс есебінен қол жеткізілген. Жаңа туған нәрестелер хирургиясының дамуына байланысты жыл сайын туа біткен кемістігі (ТБК) бар 1500-ге жуық жаңа туған нәресте жедел ем алады. Оларды анықтау және емдеу үшін елде тиімді жұмыс істейтін инфрақұрылым – бір күндік клиникалар, ұрықты сақтау орталықтары, даму және ерте араласу орталықтары құрылды. ТБК бар…
2025 жылғы 1 шілдесіне 45,7 мың отбасындағы 245,5 мың адамға 16,2 млрд сомасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2025 жылы осы мақсатқа бюджеттен 10,7 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару. АӘК мыналарды көздейді: — табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау; — табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне…
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң Жер, Кәсіпкерлік, Азаматтық процестік, Әлеуметтік және Су кодекстеріне, сондай-ақ 23 заңға түзетулер енгізді. Түзетулердің бірінші блогы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. Заң көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жай серіктестік нысанын жойып, басқарудың екі түрін ғана сақтады: МИБ (меншік иелері бірлестігі) және ТББ (тікелей бірлесіп басқару). Түзетулердің екінші блогы салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты. Заң, сонымен қатар, декларациялау мәселелерінде құқықтық айқындықты арттыруға және Салық кодексінің ережелеріне сілтеме нормаларды өзектендіруге бағытталған басқа да…
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірлерді дамыту бойынша қолға алынған шаралар туралы есеп берілді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Өңірлік саясат жөніндегі жобалық кеңсе құрылды. Қанат Бозымбаев Өңірлік стандарттар жүйесін енгізу жөнінде баяндады. Бұл облыстар арасындағы және аймақ ішіндегі инфрақұрылымға қол жеткізу барысында байқалатын теңсіздікті төмендетуге, елді мекендерді дамытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша Ұлттық жобаның жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді. Жоба аясында 86 мың шақырым коммуналдық желінің құрылысы мен жаңғырту жұмыстары және жалпы қуаты 7,3 ГВт болатын қосымша генерация көздерін іске қосу қарастырылған. Осы ретте отандық тауар өндірушілердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика салаларындағы әлеуеті…
