Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Биыл 30 жас қазақстандыққа «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталады
Жаңалықтар

Биыл 30 жас қазақстандыққа «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталады

14.07.2025521 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Елімізде 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен шығармашыл жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталып жатыр. Грант конкурстық негізде 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі. Олар: «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» және «Волонтерлік» бағыттары. Грантты жүзеге асыру кезеңдерінде 123 жас азамат республикалық деңгейде «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері атанды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаровтың айтуынша, бұл грантқа 14 жастан 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.

«Қағидаларға сәйкес конкурс екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – конкурстық өтінімдерді қабылдау және қарау. Екінші кезең – конкурстық өтінімдерді бағалау және конкурстық комиссияның жеңімпаздарды анықтауы. Биыл грантқа үміткерлердің конкурстық өтінімдерін қабылдау рәсімі 16 маусымнан бастап 18 тамыз аралығында жүргізіледі», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Конкурстың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін 30 жас азаматқа 3 млн теңге мөлшерінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты берілетін болады. Грантты пайдалану мерзімі бір жылдан аспайды. Конкурс туралы толық ақпарат Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтынан, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда жарияланды. Республикалық деңгейде грант аясындағы бағыттар бойынша түрлі жоба үздік атанып, жүзеге асырылды.

ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз   және   әрқайсымыз   үшін.   Қазір   және   әрдайым»   сайлауалды   бағдарламасын   іске   асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын 2029 жылға дейін беру жоспарда бар. Бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында өңірлік «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын іске асыру көзделген.

2025 жылы әкімдіктердің ақпараты бойынша жергілікті бюджеттен 277 өңірлік грант беру көзделген. Бұл ретте әкімдіктер гранттың саны мен мөлшерін, сондай-ақ бағытын дербес бекітеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026691 Views

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026515 Views

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202678 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.