Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Стандарттарды енгізу экономиканың түрлі саласын дамытуға оң әсерін тигізеді
Басты жаңалықтар

Стандарттарды енгізу экономиканың түрлі саласын дамытуға оң әсерін тигізеді

11.07.2025342 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қанат Қабылбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында стандарттарды енгізудің әлеуметтік және экономикалық әсері жайлы баяндады.

Мәселен, цемент өндірушілер «Сәйкестікті бағалау. Цементтердің сәйкестігін растау тәртібін» әзірледі. Соның арқасында контрафактілік цемент саны азайды және цемент өндірісі 25%-ға өсіп, үшінші елдерден (ЕАЭО емес) импорт 60%-ға төмендеді.

Сондай-ақ «Мүгедектігі бар адамдардың және мобильділігі төмен топтардың қажеттіліктерін ескере отырып, халық үшін инфрақұрылым объектілері мен қызметтердің қолжетімділігі. Жалпы талаптар. Қолжетімділік шарттары» қабылданып, барлық азамат үшін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың мобильділігі төмен топтары үшін қолайлы және қауіпсіз орта құруға бағытталған.

«Осы стандартты енгізу мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, барлық азаматтар үшін қоғамдық және жеке объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ мобильділігі төмен топтардың қоғамға интеграциялануына ықпал етеді және әлеуметтік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді. «Ақпараттық технологиялар. Мүгедектерге арналған веб-мазмұнның қолжетімділігі» көру, есту, тірек-қимыл жүйесі бойынша мүгедектерді қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдардың кең ауқымы, сондай-ақ сөйлеу функциялары, ақыл-ой саласы бұзылған және неврологиялық бұзылулары бар адамдар үшін веб-мазмұнның қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған», – деді спикер.

2024 жылға арналған ұлттық стандарттау жоспары шеңберінде сауда мен қоғамдық тамақтандыруда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сауда қызметтерінің сапасын арттыруға, электрондық және дәстүрлі сауданың тұрақты дамуы үшін жағдай жасауға бағытталған стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді. Осылайша, ішкі сауда инфрақұрылымы белсенді түрде стандартталған. Сауда объектілерін жіктеудің бірыңғай критерийлері тұтынушыларға нарық ұсыныстарын бағдарлауға және олардың санаты мен қызмет көрсету деңгейін ескере отырып, сатып алу орындарын таңдауға көмектеседі. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын стандарттау мақсатында Ішкі сауда қағидаларында 52 ұлттық және 32 мемлекетаралық стандарттарға тікелей сілтеме бар.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026725 Views

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026328 Views

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026792 Views
Соңғы жаңалықтар

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.