Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Басты жаңалықтар»Биыл Астанаға шамамен 1,7 млн турист келеді деп күтілуде
Басты жаңалықтар

Биыл Астанаға шамамен 1,7 млн турист келеді деп күтілуде

10.07.20252 047 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Астана қаласының туризмді дамыту орталығының өкілі халықаралық әртістер мен туристер тарапынан қалаға деген қызығушылықтың тұрақты өскенін атап өтті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр елордаға 1,5 млн турист келген, оның 350 мыңы – шетелдік қонақтар. Бұл туралы Орталық басшысы Артем Квашук ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, биыл шамамен 1,7 млн турист келеді деп күтілуде. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында елордаға 300 мың қонақ келді, оның 68 мыңы – шетелдіктер. Спикер атап өткендей, бүгінде елорда тек саяси және іскерлік орталық қана емес, сонымен қатар белсенді мәдени және іс-шаралар алаңына айналуда.

«Backstreet Boys тобының концерті сияқты ауқымды іс-шараларды өткізу қалаға бірінші кезекте төлем қабілеті жоғары туристерді тартады және халықаралық аренада Астанаға деген қызығушылықты арттырады. Мұндай іс-шаралар мультипликативті әсер береді. Бұл — қонақ үйлердің толуының, мейрамханаларға, мәдени нысандарға, көрікті жерлерге барудың артуы, көлікті пайдалану. Бір концерт он шақты салаға серпін береді», – деді Артем Квашук.

Оның айтуынша, қаланың инфрақұрылымы кез келген деңгейдегі іс-шараларды өткізуге дайын. Қалада 300-ге жуық қонақ үй бар, оның 9-ы – 5 жұлдызды, 100-ден астамы – 3-4 жұлдызды. Жыл сайын Астана «оқиғалар қаласы» мәртебесін нығайтуда. Өткен жылы 128 халықаралық іс-шара өткізілді, биыл 200-ден астам шара ұйымдастырылмақ.

«Kazakh Tourism» «ҰК» АҚ Жобаларды сүйемелдеу департаментінің директоры Алишер Тұрсын Дженнифер Лопестің Астанадағы концерті шын мәнінде күшті әсер беріп отырғанын атап өтті. Астанаға 10 мыңнан астам, Алматыға 8 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде.

«Батыс Еуропада 10 мың адамға арналған концерт орта есеппен шағын және орта бизнес үшін 1 млн доллардан астам қосымша табыс әкеледі. Бұл да Қазақстандағы қонақ үй бизнесін дамытуда болашақ әлеуетті инвесторлар үшін үлкен белгі. Яғни, халықаралық әртістерді тартуды, ірі халықаралық іс-шараларды өткізуді жалғастыру үшін орналастыру орындарына инвестиция құюға болады», – деп қосты ол.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

25.12.2025271 Views

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

25.12.2025391 Views

Биыл Қазақстанда үш жаңа арнайы экономикалық аймақ пайда болды

25.12.2025135 Views
Соңғы жаңалықтар

Жауапкершілік пен ашықтық: ортақ міндет

25.12.2025

2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

25.12.2025

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

25.12.2025

Биыл Қазақстанда үш жаңа арнайы экономикалық аймақ пайда болды

25.12.2025

Топтық су құбырларын жөндеу арқасында 48 ауыл сумен қамтамасыз етілді

25.12.2025

Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді

25.12.2025

Ауылдық денсаулық сақтау: 646 жаңа бастапқы медицина нысаны салынды

25.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.